Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Отан деп соғады жүрегіміз.


Отан деп соғады жүрегіміз.

Отан деп соғады жүрегіміз.

Тақырыбы: «Отан деп соғады жүрегіміз»

Мақсаты:  

Білімділік:Қан айналым жүйесімен таныстыра отырып,

денсаулықтарын күтуге шақыру. Балалардың “Отан”, “махаббат” құндалақтары туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, жаңаны ұғыну мен тіл байлығын дамыта отырып, дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік: Жүректің қызметімен таныстыра отырып, шын жүректен Отанға адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Міндеті:

- Отанға махаббат түсініктерін қалыптастыру.

- Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін 

  қалыптастыру.

- Жүректің жұмысы туралы түсініктерін 

   қалыптастыру.   

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Пәнаралық байланыс:

дүниетану, өзін – өзі тану, музыка.

Сабақтың әдісі:

әңгімелеу, сұрақ- жауап,СТО технологиясының элементтері,топпен жұмыс, жеке жұмыс.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі шаттық шеңберін өткізеді.

Шаттық шеңбері.( Оқушылар ортаға дөңгеленіп тұрады.)

Жан- жағына нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан

Алдымнан жарқын жан шықса,

Кездескенде достарым,

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ.

Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі оқулықтағы мәтінмен жұмыс жүргізеді.

Мәтінмен жұмыс: «Біздің Мәншүк»

  • Мәншүк  Маметованың  жаудан қаймықпай ерлік көрсетуінің  себебі неде деп ойлайсыздар?
  •  Мәншүк  Маметованы ерлік шайқасқа қандай сезім жетеледі деп ойлайсыздар?

-   “Отан” деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Отанға қызмет  ету деген не?
  •  Отанды шын жүректен сүю деген не?
  •  Неге біз әнұранымызды айтқанда қолымызды кеудемізге ұстап тұрамыз?

( Балалардың жауаптары тыңдалады)

Дүниетану пәнінің мұғалімі:

       -    Дұрыс айтасыздар балалар біздің  кеудемізде жүрегіміз бар. Жүрегімізге қолымызды қойып әнұранды шырқағанда бізде мақтаныш сезімі болады. Осы жүрегіміз мейірімділікке, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы болуы керек.

-  Балалаар жүрек қалай жұмыс істейді?

 ( Балалардың жауаптары тыңдалады.)

Дүниетану пәнінен жаңа сабақ түсіндіріледі.

Қан айналым жүйесі жүректен және қан тамырынан тұрады.

  Жүрек организмдегі  аса маңызды мүше. Жүрек ешқашан тоқтамай  соғуы тиіс. Өйткені  ол басқа  мүшелерге қан жібереді. Егер жүрек қанды айдауын тоқтатса, басқа барлық мүшелер де қызметінде тоқтатады.

  Жүрек  екі жартыдан  тұрады. Бір жартысынан  артерия қан тамыры шығады. Жүрек жиырылғанда қанды артерияға  айдайды.  Оған ағзадағы оттегі мен қоректік заттарға бай қан барады.  Екінші жартысынан  күре тамырлар шығады. Күре тамырмен жүрекке ішкі ағзалардан көмірқышқыл газы бар қан  қайтып оралады.  Жүрек босаңсиды да, күретамырдағы қан оны толтырады. Бұл қан әрі қарай өкпеге, одан соң организмнен зиянды заттарды шығаратын бүйрек және басқа ағзаларға барады.   

  Жүректен күшпен  итеріліп шығатын  қан серпіні бірден  қан тамырларына  беріледі. Оны тамырдың соғуы дейді. Егер бір минуттағы тамыр соғысын есептесек, жүрек минутына неше рет жиырылып босаңситынын анықтауға   болады.

  Өзін -  өзі тану пәнінің мұғалімі,осы сабақтың әдісі бойынша  «тыныштық сәтін» орындалады.(музыка ойнап тұрады)

-Балалар бір сәт тыныштық сақтап, ыңғайланып отырып  алыңыздар.Тұла бойларын жақсылыққа толғанын сезінуге ұмтылыңдар. Өздеріңді жақсылық жасауға асығып барамыз деп елестетіңдер. Бойларыңа ерекше күш біткендей. Жақсылық жасаудың қолыңнан келгені – қандай ғанибет!

 

Дүниетану пәнінің мұғалімі «практикалық жұмыс» орындатады.

  Сол қолдарымен тамыр соғуын байқап, жүрегінің минутына неше рет соғатынын анықтайды.

                                       

Бекіту.

Өзін – өзі тану және дүниетану пәндері бойынша  « ойды аяқта » тапсырмасы беріледі.

  • Менің Отаным - бұл ....
  • Мен білемін,

          менің Отаным ...

  • Мен ойлаймын  менің Отаным ең ....
  • Мен азамат болған

          кезде, Отаным үшін...

«Жазу шеберханасы» әдісі бойынша шығармашылық жұмыс орындалады.

 Отан мен жүрек сөздерін біріктіріп шағын әңгіме жазу.

Қорытынды.

  • Қан айналым жүйесі неден тұрады?
  • Жүрек қалай жұмыс істейді?
  • Артерия, күре тамыр деп қандай қан тамырларын айтады?
  • Жүрек сау болуы үшін не істеу керек?

Үйге тапсырма:

Дүниетану пәнінен 17- беттегі зерттеу жұмысын орындау.(Өзінің және анасының жүрек көлемін салыстырады. Ол үшін кімнің жұдырығы үлкен екенін анықтайды. Жұдырықтың көлемі мен жүрек көлемінің сәйкес келетінін ұғынады)

Өзін-өзі тану пәнінен «тілек сөмкесін» дайындау. Отан, жүрек тақырыбында мақал -  мәтелдер жинақтау.

Бағалау.

Жүректен жүрекке шеңбері.

«Жақсы сөз – жарым ырыс». Сабақ соңында оқушылар бір – біріне төменде көрсетілгендей   жақсы тілектер айтады.

 

  • Менің қайырымды жүрегіме рахмет!
  •  Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
  •  Менің жылы жүрегіме  рахмет!
  •  Менің жүрегімнің  адамдарды жақсы көргеніне  рахмет!
  •  Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!
  •  Менің жүрегімнің  қуана білетініне рахмет!
  •  Менің жүрегімнің  жанашырлығына рахмет!

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қанның артериялық қысымы.
Жүрек жылуы
Сабақ тақырыбы және мазмұны
Бәрінің бастауы махаббат
Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын есептеу
Қанның артериялық қысымы
Қанның артериялық қысымы
Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері
Жалын атқан жүрекпен
Өзін-өзі тану пәнінен кіріктірілген сабақ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4186 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык