Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 6928 |
|
|
|
Жалын атқан жүрекпен
Сабақтың тақырыбы: Жалын атқан жүрекпен
Мақсаты:
1. Білімділік:«Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту оқушылардың «жақсылық», «қамқорлық», жақсылық жасаудың адами қарым- қатынастағы мәнділігін түсіндіру;
2. Тәрбиелік: Мейірімділікке тәрбиелеу, қайырымды болуға, үлкенге, кішіге қамқор бола білуге тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: Қамқорлық жасауға жетелеу, жақсы істер жасай білуге іскерліктерін дамыту:
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнетаспа, түрлі – түсті плакаттар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі :
1. Шаттық шеңбері:
Жан-жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса,
Жүрегім жыли бастайды.
2. Балалардың назарын сабаққа аудару:
1.Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
2.Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
3.Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?
Жаңа сабақ:
Суретпен жұмыс
Сурет бойынша әңгімелеу.
Балалар сұрақ бойынша жауап береді.
1.Сендердің де осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?
2. Бұл оқиғадан не үйрендің?
Ойланайық, пікірлесейік:
1.Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?
2.Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
Жағдаятты талдау:
Жағдаятты топпен, жекелей орындауға болады.
Балалар өз шешімдерін жария етеді.
Суреттерге қарап жағдаяттарды шешу.
Сергіту сәті:
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Біздің жүрегіміз қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға толы екендігін сезінеміз. Енді көзімізді жаймен ашамыз. Ендеше жүрегіміздің жылуын, бізді мектепке келгенде білім беріп, тәрбиелеп жатқан мұғалімдерімізге арнап көрейік!
Тапсырма: Оқушылар өздерінің жақсы көретін адамдары туралы әңгімелеу.
Әр баланың өз өмірде орны ерекше екенін оларды да жақсы көретін адамдардың бар екенін ұғындырады.
Дәйексөз:
«Табиғаттағы барлық жылу-күннен
Өмірдегі барлық жылу-адамнан» М.Пришвин
«ШАТАСПА» ОЙЫНЫ
Ойынның мақсаты: тез ойлау қабілеттерін жетілдіру, тәуліктің әр уақытында не істейтіндері туралы білімдерін жетілдіру.
Керекті заттар: кубик
Ойын барысы: тәуліктің әртүрлі бөліктері жөнінен балалардың білімдерін бекіту мақсатымен мұғалім әңгіме жүргізеді. Балалар өздерінің таңертең, түсте, кешке не істейтіндерін естеріне түсіреді.
Мұғалім тәуліктің әртүрлі бөліктерін атай отырып, балаларға ойынды ұсынады. Мысалы: мұғалім бір балаға кубикті беріп «Таңертең» десе, кубик алған бала оянамыз, жуынамыз деп жауап береді. Содан кейін кубикті екінші балаға ұсынады. Ол бала жалғастырып шашымызды тараймыз, тісімізді тазалаймыз десе келесі бала жаттығу жасаймын, мектепке барамын деп жауап береді. Шатасқан бала ойыннан шығып, кубикті келесі ойыншыға береді. Осылайша күндіз, кешке, түнде не істейтіндерін айтып, ойынды жалғастыра береді. Шатаспай дұрыс айтқан балалар жеңіске жетеді.
Шығармашылық жұмыс:
Өздерінің жақын адамдарына өлең, әңгіме құрап жазу.
Мұғалім балаларға орындау үшін төмендегі үлгіде тапсырма береді.
Жүрегінен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық,
жан жылуы кімдерге, нелерге арналатының бос тор көздерге жазу.
Жүректен жүрекке:
Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түпкіріндегі жылы сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді.
Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:
- Менің қайырымды жүрегіме рахмет!
- Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
- Менің жылы жүрегіме рахмет!
- Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!
- Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!
- Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!
- Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет! және т. б.
Қорытынды: «Менің түйгенім»
Сабақ маған ұнады,
себебі: Сабақ маған ұнамады, өйткені: Менің
ізгі
істерім: Сабақтан үйренгенім:
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |