Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құрылыспен байланысты мамандықтар


Құрылыспен байланысты мамандықтар

Сабақтың тақырыбы: Құрылыспен байланысты мамандықтар

Білімділік: оқушыларға мамандық туралы түсінік беру, мамандық түрлерімен және маман иелерімен таныстыра отырып, оларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр-сырларын меңгерту, кәсіптік бағдар беру.
Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу, мақсат қоя білуге, икемділіктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып, елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: қанатты сөздер, слайд, буклет, тірек-сызбалар
Алғашқы болып өзім оқып жүрген мамандық – құрылыс туралы ойымды жазбақпын.
Құрылыс... Бұл сөзді естігенде көз алдымызға әрине кірпіш, цемент, құм, қиыршық тас, саз, әк т.с.с. құрылыс материалдары елестейді. Дұрыс, себебі құрылыс материалдарынсыз құрылыс жүрмейді. Тіпті, кез-келген елдің экономикасын құрылысына қарап-ақ білуге болады. Құрылыс жүріп жатса, онда айналым, ақша, жұмыс бар деген сөз. 
Құрылысшылар – елді-мекендерді көріктендіріп, көз тартарлық әртүрлі зәулім ғимараттарды салып, оларды қала тұрғындарының игілігіне пайдалануға берумен халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсартуға елеулі қызмет істеп келеді. 
Құрылыс пен сәулет өнері адамның алғаш пайда болуынан басталған көне кәсіп. Ғасырлар ауысса да ол бізбен бірге дамып, жетілуде. Құрылыс саласының өзіне тән ережесі, тәртібі және нормативтік құжаттары болады. Соған сәйкес әрбір құрылысшы кірпішті қалай қалау керек, оның нормасы қандай болады деген сияқты құрылыс технологиясын меңгеруі қажет. Сондай-ақ жобаны оқи білуі керек. Бір нысан мен екінші бір нысанның ерекшелігін білу, технологияны, адамды орнымен пайдалану, алған білімді тиімді жұмсай білу керек.
Қорыта айтқанда, құрылыс саласы қазіргі таңда өте жақсы дамуда, сонымен қатар білікті, мықты мамандарға зәру. Егер де сурет салуға, түрлі сызба бағдарламаларымен жұмыс жасауға икеміңіз болса, қала көркін келтіретін әсем де биік, мықты ғимараттар салғыңыз келсе, кірпіш қалап, арманыңыздағы үйіңізді өз қолыңызбен тұрғызғыңыз келсе, өз қажеттілігін ешқашан жоймайтын, қызықты һәм қиындығы да бар, «Әлемнің жеті кереметін» жүзеге асырған «Сәулет өнері және құрылыс» кафедрасына шақырамын, құрметті талапкер! Қосымша ақпарат


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мамандықтың бәрі жақсы
Египетте мемлекеттің пайда болуы
Киім салатын шкафтар мен секциялық жиһаздарды құрастыру
Тұрғын үйдің мекен-жай алаңындағы жолдарды әшекейлеу
Пәтер жөндеу барысында қажет болатын материалдарды жинау, әрі үйлестіру технологиясы
Мамандық таңдау. Жұмысшы мамандықтарымен танысу. Мамандық түрлері
Мамандық түрлері және мамандық таңдау
Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері.
Киелі киіз үй.
Құрылыс материалдары.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3723 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык