Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 3386 |
|
|
|
С.Мұқанов «Жылқы»
Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов «Жылқы»
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларды С.Мұқановтың «Жылқы» шығармасымен таныстыру.Шығарманың мазмұны мен идеясын меңгерту.
2) Дамытушылық: Оқушыларды сауатты,мәнерлі,әсерлі оқуға баулу.Шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету,ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
3) Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге,білімге деген сүйіспеншілігін арттыру,тәрбиелеу.Адамгершілік,ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату.Балаларды бірлікке,ұйымшылдыққа,достыққа баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ,сайыс сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТА технологиясының тәсілдері,түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс,ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. «Жазушылар» топтамасы.
Жоспар:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылар біздер үшін ерекше сабақ.
- Ашық сабақ.
- Ашық сабақты біздер «Зерде» танымдық ойыны арқылы жүргіземіз.
- Екі топқа бөлініп,білім додасына шығып,сайысамыз.
- Сайысымызды әділ бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлайық.
- Әділқазылар алқасына:
- Қиғаш орта мектебінің директоры: С.Н.Ниғметова.
- Мектеп психологы: Т.С.Даулешова.
- Бастауыш сыныптың бірлестік жетекшісі: Ж.Т.Зиябекова.
- Сайысымызды бастаймыз.
I. Таныстыру
1) Аты Сұңқар Құлагер
2) Ұраны
II. Асық лақтыру
Топ басшылары шығып,асық лақтырады.Реттік санын біледі.Кімнің асығы алшысынан түссе,сол бірінші болып бастайды.
III. Ойлан тап! Үйге тапсырмалардан жауап береміз.
I топ
1. Гүлдер өлеңі Тұманбай Молдағалиевтің шығармасы ма?
Иә, Жоқ
2. Көктем мезгілінің айлары: ақпан наурыз,сәуір ме?
Иә, Жоқ
3. Астау-ағаштан ойылып жасалған ас салатын ыдыс па?
Иә Жоқ
4. «Көксерек» повесі Жекен Жұмахановтың шығармасы ма?
Иә Жоқ
5. «Сүйемін,өскен Отаным» өлеңі Мұқағали Мақатаевтың шығармасы ма?
Иә Жоқ
6. Жұмекен Нәжімеденов жерлес ақынымыз ба?
Иә Жоқ
II топ
1. Көктем өлеңі Қасым Аманжоловтың шығармасы ма? Иә Жоқ
2. Қыс мезгілінің айлары: ақпан,наурыз,қаңтар ма? Иә Жоқ
3. Қазақстанның астанасы Алматы қаласы ма? Иә Жоқ
4. «Туған жердің ыстығы-ай» атты шығарма Қали Сапарбаев шығармасы ма? Иә Жоқ
5. Гүлдер,гүлдер,көп гүлдер,
Қызыл гүлдер,көп гүлдер
Тұманбай Молдағалиевтың шығармасы ма? Иә Жоқ
6. Жылқы (баласы) төлі құлын ба? Иә Жоқ
IV. «Білгенге маржан»
Берілген кітаптарды таңдау.
1. «Өз елім-өлең төсегім» деген мақал қай шығармада кездесті.
А) Туған жер (Қ.Аманжолов)
Ә) Ұшып келем (С.Жиенбаев)
Б) Түған жердің ыстығы-ай (Қ.Сапарбаев)
В) Елтаңба мен Ту туралы жыр (К.Оразбекұлы)
2. Ананың тілі,ананың махаббаты,ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?-қай шығармадан алынған.
А) Ғафу Қайырбеков «Ана тілі»
Ә) Баубек Бұлқышев «Ана»
Б) Қали Сапарбаев «Туған жердің ыстығы-ай»
В)Қайрат Жұмағалиев «Туған өлкем»
3. Оң қанатым-әкем де,
Сол қанатым-анашым
Бірі түссе қатерге,
Мәңгі ұша алмай қаласың.
Кімнің шығармасы,авторы кім?
Ф.Оңғарсынова Қанат туралы хикая
4. Тасбақаның сүйікті шөбі.
А) Адыраспан
Ә) Көсік
Б) Жусан
В) Қарабарақ
5. Абайды әлемге танытқан жазушы
А) Сәбит мұқанов
Ә) Ыбырай Алтынсарин
Б) Мұхтар Әуезов
В) Кеңес Оразбекұлы
6. Мінездеу дегеніміз не?
Адамның сыртқы келбеті,жүріс-тұрысымен бірге ішкі
жан-дүниесін ,мінезін,жақсы-жаман қылықтарын суреттеу.
V.Қуырмаш
Нүктелерді сандық реті бойынша қосып шығамыз.
- Биыл қандай жыл? Жылқы
- Ендеше бүгінгі тақырыбымыз-Жылқы.
VI. Оқулықтағы 234-бет «Жылқы» әңгімесі
Авторы кім? Сәбит Мұқанов.
- Үйден С.Мұқанов туралы деректер дайындап келу сұралды.
- Ендеше кім айтады.
Нұрлы Арсен
VII. Оқулықпен жұмыс
1) Мәтінді оқу
2) Сұрақтар қою
3) Тізбектеп оқу.Жылқы атасы,төлі.....
VIII. Тапқыр болсаң,шешіп көр.
Сөзжұмбақ шешк. (топ мүшелері бір-біріне тапсырады)
IX. Көңілді ребус.
Бір-біріне береді.
X. Шешендік өнер.
Жылқы туралы мақал-мәтелдер,қанатты сөздер айтамыз,көп мақал айтқан топ,көп ұпай жинайды.
XI. Жылқының пайдасы
XII. Жасына қарай атауы.
1 жаста-құлын,2-жаста-тай,3 жаста-құнан,4 жаста-дөнен,5 жаста-бесті.
XIII. Бес жол өлең стратегиясы.
XIV. Сабақты қорыту.Нәтиже.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |