Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ең озық әдебиетші


Ең озық әдебиетші

Тақырыбы: Ең озық әдебиетші

Мақсаты:  1.Қазақ тілі мен әдебиетінен өтілген материалдарды 
қалай меңгергендерін тексере отырып, білім – білік дағдыларын қалыптастыру, көркем әдебиетке қызығушылықтарын арттыру.
2.Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа, шешендік өнерге баулу.
3.Оқулық және қосымша материалдарды пайдаланып, ғылыми – танымдық әрекеттерді жетілдіру, шығармашылық ізденіске тарту.  
Сабақ түрі:  Зияткерлік жарыс
Пәнаралық байланыс:  Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын, шешендік өнер.
Сабақтың барысы
Сабаққа 5-сыныптың 7 оқушысы қатысады. Қуатжан, Мирас, Динара, Перизат, Алина, Жасұлан, Мадияр. 
Оқушыларды сабақтың шартымен таныстырамын, сабақ VІ кезеңнен тұрады.
І кезең. «Бәйге»
ІІ кезең. «Тіл-өнер»
ІІІ кезең. «Жорға»
ІV кезең. «Тапқырлық»
V кезең. «9 жұмбақ»
VІ кезең. «Шешендік өнер»
 
Оқушылар өздерін таныстырады.
 
І кезең                             «Бәйге»
30сұрақ беріледі. Өзім оқимын. Оқушылар қолдарындағы белгіні көтеріп, жауап береді.
1.«Әдебиет» сөзі қай тілден енген?
2.Әдебиет нешеге бөлінеді?
3.Ауыз әдебиеті деген не?
4.Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата.
5.Әр түліктің пірлері жайлы не білесің?
6.Наурыз жыры туралы айт.
7.Мақал-мәтелдер деген не?
8.Бір жұмбақ жасыр.
9. Ертегінің неше түрі бар?
10.Әдеби ертегі деген не?
11.Қандай әдеби ертегіні білесің? Кейіпкерін ата. Ол қандай жақсылық жасады?
12.Ер Төстіктің адал серіктері кімдер?
13.5-сынып әдебиет оқулығынан өзің  оқыған шыншыл ертегілерді ата.
14.«Керқұла атты Кендебай» ертегісінің қиял – ғажайып ертегіге жататынын дәлелде.
15.Қандай аңыз әңгімелер білесің?
16.«Байдалы бидің көңіл айтуы» атты шешендік сөздің мазмұнын айт.
17.Қандай діндерді білесің?
18.Исламның бас кітабы.
19.Құранда неше сүре бар?
20.Алланың неше аты бар?
21.Оның шын аты кім?
22.Мысал өлеңдер жайлы айт.
23.«Соғыс» өлеңі не туралы. Өлеңнің авторы жайлы айт. 
24.«Дүние қалай етсең табылады?» кімнің әңгімесі. Не туралы?
25.Абай кім? Ол айтқан бес асыл мен бес дұшпанды атап бер.
26.Кейіптеу деген не? Кейіптеу тәсілімен жазылған қандай шығармаларды білесің?
27.«Сағындым» кімнің өлеңі? Бірнеше шумағын жатқа айт.
28.Жамбылдың дастанын ата. 
29.Жаралы киік жайлы өлең жазған ақын кім?
30.Сабалақ деген кім? Ол жайлы қандай шығарма оқыдың?
 
 ІІ кезең.                   «Тіл - өнер»
Бұл кезеңде оқушылар берілген сөйлемнен тапсырылған сөздерді үш тілде айтады.
1.Тіл білімі бірнеше саладан тұрады.
2.Біз орысша және ағылшынша оқып үйреніп жатырмыз.
3.Білімді адамның алмайтын қамалы жоқ.
4.«Бір тіл білсең бір адамсың, екі тіл білсең екі адамсың, үш тіл білсең үш адамсың», - деген Абай атамыз. 
5. Қазақ тілі – ең көркем, ең сұлу, ең шұрайлы тіл.
6.Лексика сөз мағынасын зерттейді.
Осы кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы жарыстан шығады.
 
ІІІ кезең                   «Жорға»
Әр оқушыға    5  сұрақтан   беріледі, тез әрі мүдірмей жауап беруі қажет. Ұпайы жоғары оқушы бастайды.
1.Фонетика нені зерттейді?
2.Ілияс Жансүгіровтің өнер тақырыбына жазған шығармасын ата. 
3.1897 жылы өмірге келіп, өзінің ұлы туындысы арқасында қазақты әлемге танытқан жазушы.
4.Кейіпкер туралы түсіндір.
5.Абайға кім өз домбырасын сыйға тартты?(Ақын қонақтар)
 
 
1.Пейзаж деген не?
2.Қазақтың төл дыбыстары нешеу? Ата.
3. «Лашын» кімнің әнгімесі. Лашын деген не?
4.Зытып келем, зытып келем, артыма қарай қарай зытам...
Зытып келе жатқаным - қашып келемін...  Ол кім? Қайда, кімнен қашып келеді?
5.Әбділда Тәжібаевтың қай шығармасын өттік?
 
1.Портрет деген не?
2.Буынның неше түрі бар?
3. «Жаңа достар» әңгімесінің кейіпкерлерін ата, оларға мінездеме бер.
4.Бала Шоқан әнгімесінің авторы кім? 
5.Шоқанның тентек інісінің атын айт?
 
1.Проза деген не?
2.Мысық қай шығарманың кейіпкері?
3.Сөзжасам жайлы не білесің?
4.Мұқағали Мақатаевтың бір өлеңін жатқа оқы.
5.Маяк туралы естігенінің бар ма?
 
1.Қ.Әбдіқадіровтың қандай шығармасы бар? Кейіпкері туралы не білесің?
2.Поэзия деген не?
3.Біріккен сөз туралы айт, мысал келтір.
4.Дауылды жақсы көретін қай ақын.
5.Ар – ұят – кісілік ажар,  нан , 
Табиғат - ананың сыйы артқан. Кімнің қандай өлеңі?
 
ІV кезең.                      «Тапқырлық»
Әр оқушы өзі таңдап алған тақырыбқа, 6 мақалдан айтады, бір фразеологиялық тіркестің мағынасын ашады.
 
1.Отан, туған жер туралы мақал
Ит өлген жер.
 
2.Батырлық, ерлік туралы мақал
Ит терісін басына қаптау
 
3.Оқу, өнер – білім туралы мақал
Ит басына іркіт төгілген
 
4.Еңбек туралы мақал
Түйе үстінен сирақ үйткендей.
 
5.Достық, жолдастық туралы мақал
Арасынан қыл өтпестей
Осы кезеңнен кейін ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығады.
 
V кезең                        «9 жұмбақ»
 
30       30         30
40       40         40
50       50         50
 
Оқушылар ретімен қалаған сандарын атап, сұрақтарға жауап береді, дұрыс жауап бере алмаса, басқа оқушы жауап беруіне болады. Ал ұпай дұрыс жауап берген оқушыға саналады.
 
Сұрақтары:
1.Сол жақтағы 30. 
«Қой сүеді баласын қоңырым деп,
Ештеңеді білмеген момыным деп» (өлеңді ары қарай жалғастыр)
 
2.Ортадағы 30
Туынды сөздерді жасаудың неше тәсілі бар?
 
3.Оң жақтағы 30 
«Аяз би» ертегісінің кейіпкерлерін ата.
 
4.Сол жақтағы 40
С.Мәуленовтың «Менің Республикам» өлеңін жатқа айт. 
 
5.Ортадағы 40
«Отырар» кімнің шығармасы? Не жайында?
6.Оң жақтағы 40 
Орфография және орфоэпия деген не?
7.Сол жақтағы 50
Мұқағали Мақатаевтың «Мен таулықпын» өлеңін жатқа айт.
8.Ортадағы 50
Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздерге мысал келтір
9.Оң жақтағы 50Қандай жүйрік сәйгүліктер туралы әңгіме оқыдың? Авторы кімдер?
Осы кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады. 
VІ кезең.                 «Шешендік өнер»
Қалған екі оқушыға екі тақырып беріледі, сол бойынша бір минут ойларын жинақтап, пікірлерін ортаға салады. Сарапшылар ұтымды, жүйелі, ой, пікір айтқан ойыншыны жеңімпаз деп таниды. (Оқушының сөз саптауына, сөйлеу мәдениетіне, шешендігіне ерекше назар аударылу қажет).
Ұсынылатын тақырыптар:  «Отаным – алтын бесігім», «Батыр туса - ел ырысы », «Еңбек - бәрін  де жеңбек», «Менің Қазақстаным».
Ең көп ұпай алған оқушы  5-сынып оқушылары арасынан «Ең озық әдебиетші» атанады. Жақсы білімімен көзге түскен оқушылар марапатталады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Әр бала - болашақ данышпан"
Тілді сүйсең менше сүй
Тіл сайысы
Әдебиет көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Мемлекеттік тіл-менің тілім
Қазақ тілінің білгірі
Ш. жобаға жұмыс таңдау. Ағаш ж/е басқа материалдармен жұмыс істеу
Қазақ тілінің білгірі
Дарындылар додасы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2377 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык