Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сен өз құқығыңды білесің бе?


Сен өз құқығыңды білесің бе?

Сен өз құқығыңды білесің бе?

Алматы облысы

Енбекшіқазақ ауданы

«Балтабай орта мектебі - мектепке дейінгі шағын

орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3 «А» сынып  жетекшісі: Жанайбекова Айсұлу                     

Тақырыбы: Сен өз құқығыңды білесің бе?

Мақсаты: Оқушыларға өз құқығы туралы түсіндіріп, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

12 – бап: ҚР – да адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан  тиеселі Республика азаматтарының құқықтары міндеттерін

Конституция анықтайды.

    Жеке адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы тиіс.

13 – бап: Конституциямен немесе заңмен белгіленген құқықтары бұзылған   

                жағдайда, әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын сот               

                арқылы қорғауға тиіс.

14 – бап: Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Ешкімді ешқандай кемсітуге

болмайды.  

15 – бап: Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.Ешкімнің өз бетінше адам өмірін            

                қиюға қақпел жоқ.

16 – бап: Әркім өзінің жеке басыныңбостандығына құқығы бар.

19 – бап: Әркімнің ана – тілі мен төл мәдениетінпайдалануға, қарым –   қатынас, тәрбие, оқу және шфғармашылық тілін еркін таңдап алуға   құқығы бар.

22 – бап: Әркімнің ар – ождайы бостандығына құқығы бар.

24 – бап: Әр адамның еңбек етуіне, жұмыс түрлерін еркін таңдауына, әділетті еңбек ету жағдайына және жұмыссыздықтан қорғалуына, сондай – ақ еңбегіне қарай тиесілі жалақы алуына құқығы бар. 

Әркімнің тынығуына, демалуына құқығы бар.

14.10.13 ж.

Тақырыбы: Сенің міндетің.

Мақсаты:1. Оқушыларға отан алдындағы міндеттері туралы түсіндіру.

2. Өз міндеттерін орындай білуге тәрбиелеу.

34 – бап:1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және 

заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, 

бостандықтарын, абыройымен қадір қасиеттік құрметтеуге

міндетті.  

34 – бап: 2. Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге

міндетті.

35 – бап: Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге

                төлемдерді төлеу әрбір азаматтық борышы әрі міндеті болып

                табылады. 

36 – бап: Қазақстан Республикасының қорғау – оның әрбір азаматының

                қасиетті парызы және міндеті.

37 – бап: Қазақстан Республикасының азаматтары тарих пен мәдениет

                ескерткіштерін қорғауға міндетті.

38 – бап: Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және

                табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндетті.

27 – бап: 1. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата –ананың етеке құқығы әрі міндеті.

  2. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата –аналарына қамқорлық жасауға міндетті.

 Міне, балалар әркім өзінің құқығы мен міндетін сауатты түрде біле білсе, оны орындаса нағыз азамат болып табылады.

16.09.13 ж.                              

Сынып сағаты

Тақырыбы:Жолда жүру ережесін еске түсіру. Қауіпсіз дөңгелек.

Мақсаты:1. Оқушыларға жолда жүру ережесін еске түсіріп, пысықтау 

                   «Қауіпсіз дөңгелек» дегеннің не екенін түсіндіру.

                   2. Оқушыларды көшеде дұрыс жол ережесін сақтап жүруге 

                    үйретіп, тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жол ережесіне  арналған кітаптар.   

Кіріспе әңгіме. Жол заңын дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзса, қатер тудырады. Жолдағы қалыпты қозғалыс көбінесе балалардың жол бойында қалай болса, солай жүріп, доп қуалайтын, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, өмір бойы мүгедек болып қалады.

     Сондықтан әрбір оқушы көшеде жолда жүру ережесін мұқият еске сақтап, әр кезде соны орындай білуге және орындауға міндеті.

Сонымен жолда жүру ережесін еске түсірейік

  1. Бағдаршам не үшін қажет?
  2. Сақтандыру, ескерту белгісін көрсет.
  3. Тыйым салу белгісін көрсет.

Қызылмен боялған шеңберлі аумақты хақың жоқ жүруге.

  1. Міндеттеу (анықтама белгісі)

Белгіленген көрсетер жылдамдық бағыты

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

  1. Нұсқау (көрсеткіш)

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын

Үн – түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын

Күндіз де, түнде де от басып жанады

Көк түске боялған, төртбұрыш шырағым!

                         Естеріңде болсын!

  1. Жаяу адам саяжолдың (тротуар) оң жағында жүреді. Саяжол жоқ көшелерде жолдың сол жағыментранспортқа бетпе – бет жүру керек.
  2. Көшені тек жаяулар жүретін жол сызықтарымен немесе сілтемелермен белгіленген тұстардан өту керек.
  3. Қозғалыс бағдаршаммен реттеліп келетін жол қиылыстарында тек жасыл жарық жанғанда өтуге болады.
  4. Көшеден өтпес бұрын қимылыңның толық қауіпсіз екеніне көз жеткіз. Ол үшін әуелі сол жаққа, ал көше ортасына жеткенде оң жаққа қарау, жақындаған транспортты өткізіп жіберу керек.

ІІ. Практикалық жаттығулар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттері."
«Жол апатының алдын алу»
Құқықтық мемлекет
Жолда және тұрмыста қауіпсіз мінез-құлық таныту мәдениеті
Жолда жүру ережесін сақтайық!
«Жол апатының алдын алу»
Абайла , бағдаршам ! Жолда жүру ережесін жадыңда ұста.
Жол тәртібін жадыңда ұста.
Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік!
Отбасындағы ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың құқықтары мен міндеттері
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 12407 | Қосты: Айсұлу Жанайбекова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык