Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 37204 |
|
|
|
Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» поэмасының басты кейіпкерлері.
Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» поэмасының басты кейіпкерлері.
Мақсаты:
1.Білімділік: Поэманың тақырыбы мен идеясын , көркемдік ерекшелігін таныту, кейіпкерлер бейнесін жан-жақты ашу;
2. Дамытушылық: Поэманы мәнерлеп оқу, талдау арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен ой жүйелілігін дамыту;
3. Тәрбиелік: Жас ұрпақты шыншылдыққа, адалдыққа, адамгершілікке, уәдеге беріктікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, талдау,ой талқы.
Сабақтың көрнекілігі: «Абай, Шәкәрім – қос тұлға», «Қалқаман- Мамыр» поэмасына байланысты сұрақтар, сызба – тапсырмалар жазылған слайдтар, ақын шығармаларының жинақтары, сызба кестелер, үнтаспа.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық әзірлік.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ш.Құдайбердіұлы өмірінен қысқаша мағлұмат беру.
«Қалқаман - Мамыр » поэмасының мазмұнын айту.( Оқушылар поэма мазмұнын өткен сабақта жасалған цитаталық жоспарға сүйене отырып мазмұндайды.
1.”Қалқаман қыз айттырмай жүреді екен,
Мамырды жас күнінен біледі екен.”
2.«Тағдыр бізді қоспады айып етпе, Ертең құда түседі біреу маған.”
3.”Мінді де екі ғашық кетіп қалды.”
4.”Бір күні төркініне амандасаМамыр келді, тағдыр ғой сол баяғы.”
5.«Қалқаман , аман бол!»-деп көзін ашты, Опасыз бұл жалғанға амандасты.”
6.”Ел қылып Тобықтыны тұра алмаймын, Ешкіммен ойнап-күліп жүре алмаймын.”
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Поэмадағы Қалқаман мен Мамыр бейнесін талдау.
Мамыр – поэмадағы басты қаһарман. Ол шынайы бейне, ауылда еркекшора болып өскен байдың қызы. Әйтсе де ол әке даңқымен бой түзеген ақылсыз да жан емес. Өзін қаншалықты еркін ұстап, қарына құрық іліп, жігіттермен қатар жылқы бағып жүрсе де, оның бойында қазақ қыздарына тән нәзіктік те, ибалық та, саналылық та байқалады.
Қалқаман – поэманың басында батыр күйінде кездеспейді.Оның бойында толысқан ақыл мен ерекше батылдық бар.Қалқаманның туған елінен кетіп қалуы- сол кездегі әділет жолындағы күрестің бір түрі. Шарасыздықтан туған қарсылық әрекет.
2. Әнет баба мен Көкенай бейнесі.
Әнет баба бейнесі – ішкі иірімдері мол трагедиялық сипаттағы бейне. Шығарманың басында ел ағасы, әрі би, әрі ғұлама кейпінде таныстырылатын дана қарт бұдан кейінгі Қалқаман мен Мамыр арасындағы ғашықтық хикаясы төңірегіндегі тартыстың тікелей басы-қасында жүреді.
Поэмадағы күрделі кейіпкер- Көкенай. Дастандағы трагедиялық жағдайлар, кісі өлімі, ел ішінің дау –дамайы тікелей Көкенайдың қолымен жасалады. «Мамырды өз қолымен атып өлтірген, Қалқаманды оққа шалған Көкенайды «ұнамсыз кейіпкер» деп айту қиын,-дейді М.Мағауин. – Ол да өз заманының перзенті, рулық мораль сақшысы.»
3. Сергіту сәті: Шәкәрімнің өз сөзіне жазылған «Анадан алғаш туғанда» атты төл әнін белгілі отбасылық дуэт Жазира мен Жанболаттың орындауында тыңдап, бойымызды сергітіп алайық.
4. «Көкенайдың Мамырды атуы қажет пе еді?» сұрағы төңірегінде пікірталас.
Оқушылар екі топқа бөлініп, екі түрлі жауапты қорғайды. Қалыс қалғандар
“білмеймін” деген жауапты қорғайды.
5. Ой толғау. Автор ретінде поэманы ары қарай өрбітіп көр.
Қалқаман Тобықты руынан кеткен соң Бұқар жаққа барады. Онда ол батырлығымен,
кедейлерге көмектесуімен көзге түседі. Үнемі ескі әдет-ғұрыптың шырмауына
түскен жастарға көмек береді. Атағы сан рулы елге тарайды. Бір-біріне ынтыққан
жастарды көріп Мамырды есіне алатын Қалқаман бірнеше жылдан соң үйленіп,
тұңғышын Мамыр деп атайды. Тобықты елі осындай ерді жоғалтқанына қатты
өкінеді..
ІҮ. Тақырыпты пысықтау.
1. Жедел сұрақтар. / жылдам жауаптар алу үшін 10-15 сұрақ беріледі.
2. Бір шумақты өлең құрылысына талдау. (Бір шумақта қанша тармақ, әр тармақта қанша буын, қанша бунақ бар екендігін, қандай ұйқасқа құрылғанын анықтау.)
Ү. Сабақты қорытындылау. «Қалқаман- Мамыр» трагедиясы –сол заманның ащы шындығы, шынайы реализмі. Поэмада ел ішіндегі рулық қақтығыс айқын көрінеді.
ҮІ .Үйге тапсырма беру. Поэмадан үзінді жаттау, мазмұндау, басты кейіпкерлерге мінездеме жазу.
ҮІІ . Бағалау.
Ш.Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр» поэмасының басты кейіпкерлері
Өткізген: Жұмабаева К.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |