Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шылау



Шылау

Сабақтың тақырыбы: Шылау

 

Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелігі: Ізденімпаздыққа, бірлікке, елжандыққа тәрбиелеу.

Білімділігі: Шылау туралы түсінік беру, шылаудың өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер екенін түсіндіру, атқаратын қызметін ұғындыру.

Дамытушылығы: Сөздік қорын, ойлау жүйесін, шығармашылығын, сауаттылығын дамыту.

 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау.

 

Көрнекілігі: суреттер, тапсырма жазылған карточкалар.

 

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылығын арттыру ояту.

 

 Кәмпит шашу. Кәмпиттерді сұрақтар берілген, сұраққа жауап алу.

  1. Үстеу дейгеніміз не?
  2. Үстеу нешеге бөлінеді?
  3. Мезгіл үстеулері дегеніміз не?
  4. Мекен үстеулері дегеніміз не?
  5. Сын-қимыл үстеулері дегеніміз не?
  6. Бүгін-ертең үстеуі қайсысына жатады?
  7. Қалай сұрағына жауап беретін үстеулерге мысал келтір? т.б.

ІІ. Ой қозғау.

Интерактив тақтаға оқушылардың өздері орындайды.

ІІІ. Жаңа сабақ. Шылау.

   Бүгін тағы бір сөз табымен танысамыз.

 

Шылау – өзінің мағынасы жоқ негізгі сөздердің шылауында ілесіп жүретін көмекші сөздер.

   Ел үшін аянба – ерлігіңе сын. жұлдыз – жеңіс пен асқақ арманға жетелейтін белді. Үйрек, қаз, тырна, қоқиқаз және бірқазандар өзен жағасында тіршілік етеді.

  1. Бұл сөздердің толық мағыналары бар ма?
  2. Сөйлем ішінде сөйлем мүшесі болып тұр ма?
  3. Сөйлем ішінде қандай қызмет атқарады?

 

Бұл сөйлемдегі үшін, пен, және деген сөзердің толық мағынасы жоқ, бірақ олар өзі қатысты сөздерге қосымша және үстем белгіліқызмет атқарып тұр сөздерді байланыстырып, сөйлемнің біріңғай мүшесі екенін (айтып, көрсетіп тұр)

Олай болса, басқа сөз таптарындай жеке тұрғанда толық мағынасы жоқ арнайы сұраққа жауап бермейді.

Сөзбен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып, көмекші сөздер қызметін атқарады. Мағынасы болу үшін толық мағыналы сөздердің жетегінде жұмсалды.

Шылау

мен, бен, пен, және                                                                        үшін, туралы

да, де, та, те                                                                                    ғой, қой, ақ

ма, ме, ба, бе                                                                                   ғана, қана

                                                                                                         дейін, шейін

 

 

Жұппен жұмыс жүргізу

  1. Шылау дегеніміз не?
  2. Шылауларды ата.
  3. Мен (бен, пен), және шылауларына мысал келтір?
  4. Да (де), та (те) шылауларына мысал келтір?
  5. Көше бойында сұлу да сұңғақ көк теректер бой түзеп түр.

Осы сөйлемдегі шылауларды тап.

  1. Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларына мысал келтір?
  2. Үшін, туралы, дейін (шейін) шылауларына мысал келтір?
  3. Қой (ғой), қана (ғана), -ақ шылауларына мысал келтір?
  4. Мына сөйлемдегі шылауды тап. Бөрібасар мен бөтен ит таласты.
  5. Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшаларды ажырат.

 

Сергіту  сәті.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау менің оң қолым,

Жүгіртеді қаламды.

 

Даптермен жұмыс

 

     Көркем жазу. Ыы әрпінің жазылуына,  көркем жазылуына   көңіл бөлу.

 526-жаттығу. Ауызша орындаймыз.

 

Барлығы – Қазақстаным!

 

Сүйкімді маған құмың да,

Сонау бір қарлы биік те,

Жотада жүрген құлын да,

Жапанда жүрген киік те.

 

Тау шыңы, теңіз айдыны,

Қырларың, әнші құстарың,

Бақытым менің – барлығы,

Барлығы – Қазақстаным!

      Бір оқушы оқып береді. Шылау сөздерді айтып шығады.

Суретпен жұмыс.

527-жаттығу. Жазбаша орындаймыз.

Қарамен жазылған шылауларды теріп жазамыз.

Да, пен, пен, ғана, туралы, мен, және, дейін, үшін, -ақ.

    Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жаз. Олардың жеке тұрғанда мағынасы бар-жоғын айт.

Шығармашылық жұмыс.

     Шығармашылық жұмыс интерактив тоқтада жазылық тұр. Оқушылар  шылауларды өздері орындайды.

Нұржан көпке                        үн қатпай тұрды.

Амантай                        Маралбек малды кезек бағады.

Нан дүкеніне барып келе                                  .

Батыр ел                        туады, ел                      өледі.

529-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, көшіріп жаз.

Қос ана ғой көк ... жер!

Береке, байлық бөккен жер.

                                                                   (Ө. Түрманжанов)

Тәтті ұйқыға батырдым

Ормандар ... бақтарды.

Шылаулардың астын сыз. Олардың сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын байқа.

   Сонымен балалар, қорыта келгенде шылаудың басқа сөз топтарынан қандай айырмашылығы бар екен.

Сөйлем мүшесі болмайды                                          Толық мағынасы жоқ

 
  Овал: Шылау

 

 

 

Сөзбен сөзді сөйлем мен

сөйлемді                                                                                      көмекші сөз

байланыстырады

Арнайы сұраққа жауап                                             Сөзге қосымша мағына береді

бермейді

Семантикалық  карта

 

р/с

Сөздер

Сөз таптары

 

 

Зат есім

етістік

Сын есім

Сан есім

есімдік

үстеу

шылау

1

Кітап

+

 

 

 

 

 

 

2

Былтыр

 

 

 

 

 

+

 

3

Сен

 

 

 

 

+

 

 

4

Қана

 

 

 

 

 

 

+

5

Жаз

 

+

 

 

 

 

 

6

Сары

 

 

+

 

 

 

 

7

Он бес

 

 

 

+

 

 

 

8

Шейін

 

 

 

 

 

 

+

 

  Үйге тапсырма: 528-жаттығу.

   Шылауларды тауып, олардың қандай мағына үстеп тұрғанын жазып келу.

   Шылауды оқу.

   Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары.
Сынақ
Қой (ғой), қана (ғана), -ақ шылаулары
Демеулік шылау
Шылау
Шылау
Сөздердің байланысу тәсілдері
Шылау тақырыбы бойынша
қой, ғой, қана, ғана, ақ шылаулары
Шылау
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4889 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык