Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 5161 |
|
|
|
Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Сабақтың мақсаты: әңгіменің мазмұнын меңгерту
Сабақтың міндеттері: а)жазушының өміріне шолу, әңгімені бүгінгі өмірмен байланыстыру;
ә)ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;
б)оқушылардың ата-ана алдындағы борышын өтеуге баулу.
Көрнекілігі: жазушының портреті, көркем суреттер, буклет.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдісі: топтық, жұптық, жеке, сұрақ-жауап, іздендіру.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
а)амандасу, оқушыларды түгендеу
ә)оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Бүгінгі сабағымызда Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін жан-жақты меңгергелі отырмыз.
Төлен Әбдіков – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақтың танымал жазушысы.
Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін топтық жұмыс арқылы жүзеге асырғалы отырмыз. Мұғалімнің алдында 4 топтың атауы жатыр. Оқушылар қалаулары бойынша топтың аттарын таңдап алады және не себептен таңдап алғанын өздері оқып келген әңгімемен байланыстырып өтеді.
1-топ Арман 2-топ Сағыныш 3-топ Үміт 4-топ Құрмет
Кезекті «Арман» тобына берейік.
Т.Әбдіков өмірі мен шығармашылығы бойынша жылдар сөйлейді.
1942ж. 1965ж. 2002ж. 1977ж.
Т. Әбдіков
1987ж. 1977-79ж.ж. 1985ж. 1985ж.
1.1942ж. 4қыркүйегінде Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген.
2.1965ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
3.1977ж. Грек аңыздары «Эллада ерлерін» қазақ тіліне аударған. Жазушының жекелеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған.
4.1977-79ж.ж. Қазақфильм киностудиясында бас редактор қызметін атқарған.
5.1985ж. Республика театрларында «Біз үшеу едік» пьесасы қойылған.
6.1985ж. «Өліара» романы жарық көрген.Бүгінде қаламгер Қазақстан Жазушылар одағының 2-хатшысы.
7.1987ж. «Ақшоқыда қыс қатты» романы жарияланды. Т.Әбдіков – Еуропалық алтын медальдің де иегері.
8.2002ж. «Парасат майданы» романының авторы – Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының, Фрац Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың иегері.Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жауапты қызмет атқарады.
Мұғалімнің сөзі. Т.Әбдіков көркем туындыларында халқымыздың озық салт-дәстүрін ардақтап,адамгершілік, ізгілік мәселелерін көтерген. Бүгінгі өткелі отырған « Қонақтар» атты әңгімеде жазушы оқыған,қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасын суреттеу арқылы әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың перзенттік парызы туралы ой қозғайды.
Ата-ананы сыйлау – адамдардың парызы.
Сөз кезегін «Сағыныш» тобына берейік.
Мәтінмен жұмыс
1.Ерғабыл қарттың балаларын күтуі.
2.-Кәрілік! Е-е, жарықтық-ай!
3.Балаларға еріп өзім кетем.
4.Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар.
Кезек « Үміт» тобына беріледі.
5.Ерекеңнің балаларының келуі.
6.Қуанған мен қорыққан бірдей.
7.Сапабектің әңгімесі.
8.Әке жолын қуса,менің жолымды қусын.
Ендігі кезек « Құрмет» тобына да келіп жетті.
9.Аспандиярдың салған әні.
10.Сапабектің қайран қалуы.
11.Ерекеңнің ұйқысының қашуы.
12.Қимай қоштасқан ана мен Ерғабыл қарттың реніші.
Сұрақ – жауап
1.Баласын күткен қарттардың өзара тәжікелесуінен (сөз алысуынан) нені ұқтыңдар?
2.Кемпірдің баласының қолына барып тұрғысы келуінің себебі неде деп ойлайсыңдар?
1.Ерекең баласының қолына баруға неге қарсы?
2.Сапабек ауыл адамдарының алдында өзін қалай ұстады?
1.Келіні Томаның қылығы: отырысы, шай құюы, киім-киісі туралы не айтар едіңдер? Қайда өскендігін аңғардыңдар?
2.Қарттың ендігі үміті кімде еді? Ол үміті қалай үзілді?
1.Баланың ата-ана алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Әңгімеде автор қандай мәселені көтеріп отыр?
Шығармашылық жұмыс.
1.Әңгімедегі Ерғабыл қарт туралы кестені толтыру.
2.Сөзжұмбақ «Қонақтар»
Әңгіме неліктен «Қонақтар» деп аталған? Қонақтар деп отырғаны кімдер?
3. «Қарияның арманы» тақырыбына мәтін құрау.
4.Бейнесөз. Борыш – ата-анаға ақ сүтін өтеу үшін жүргізілетін салтқа айналған қайырым іс-әрекеттер және ол қарыз деген сөздің баламасы. Өз ой-пікірлеріңізді айтып өтсеңіздер.
«Ағайынды» көркем фильмінен үзінді көрсету.
-Фильмнің қоюшы режиссері кім?
-Ағайынды үш жігіттің есімдерін ата.
Әр топ фильм туралы өз ойларын ортаға салады.
Сәйкесін тап.
1.Амалдардың ең жақсысы – ең үлкен парызымыз.
2.Ата-анаға құрмет – ұзақ әрі берекелі, ризықтары да мол болады.
3.Ата-анаға бойсұнып жәннаттың ортаңғы есігі.қызмет көрсету –
4.Ата-анасына қамқорлық ата-анаға құрмет көрсету жасап мойынсұнған
перзентінің өмірі
Мұғалімнің сөзі. Дана халқымыз ұрпақтарына мұра етіп қалдырған асыл сөздерін санаға сіңдіріп, «Ата-ананы сыйлау- адамдардың парызы» деп бекер айтпаса керек, олай болса, осы отырған үлкеннің де, кішінің де парызы, міндеті, борышы – әлпештеп аялап өсірген ата-анаға деген құрметті естен шығармау.
Бағалау парағы арқылы оқушылардың білімдерін бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |