Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Түстердің ғажайып әлемі


Түстердің ғажайып әлемі

Тақырыбы: Түстердің ғажайып әлемі

Мақсаты:

Оқушыларға бояулардың сан түрімен, олардың ролі туралы таным –түсінігін кеңейту.
Балаларды қарындаш, қылқалам, қағазды маңызымен таныстыру.

Сүрет салу ынта-ықласын, қызығушылығын тудыру.

Қылқаламды дұрыс ұстау, палитраны пайдалана білуге, яғни қылқаламды бояуға батыру, қағаз бетіне сүйкей жағу тәсілдерін үйрету. Сызықтар мен сүйкей жағу ұғымдарын түсіндіру.

Шығармашылық ой-өрісін дамыту. Әдемілікке, әсемдікке баулу, өнерге деген қызығушылығын арттыру.

   Ұлттық тәрбиенің үлкен ықпалы мен пайдасы, тәсілінің сыры мен ерекшелігі туралы мағлумат беру.

  Ана тілі, музыка, еңбекке баулу, т. б. пәндермен байланыс. Сурет арқылы әңгіме құрастыру, салынған суретті түсіндіру, топты өлең жолдарымен таныстыру, сурет салу барысында әуен тыңдау;

Суретті күнделікті өмірмен байланыстыру, өмірдегі көріністерді қағазға бейнелеу.

Адам жүрген жердің барлық жерінде түстің бірге жүретіні белгілі . Түс адамға психологиялық жағынан әсер етеді.

     Түстердің дұрыс қабылдауға қабілеті бар адам он мың түстердің реңктерін байқап ажырата алады екен.

    Ағылшынның физик ғалымы Исаак Ньютон жаратылыстану ғылымына түстердің жіктелу негізін –спектірді еңгізді.

    Ньютон жеті түр спектірін былай айқындайды: қызыл, қызғылсары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Сонымен қатар қызыл мен көк түс қосындысы сия көк түсте айқындалады.  

Айналадағы түскен жарық арқалы көре алуды бейнелеу іс- әрекетінде жарық пен көлеңке деп айтады.

        Жылт деп сыртқы беттің үлескісін айтамыз. Қазақ халқының түр-түсті танып білуде өзіндік таным-түсіктері болған. Мысалы:  Қызыл түс-оттың, кіннің рәміздік белгісі.

Көне түркі тілінде қызыл-оңтүстік, қара –солтүстікті, ақ-батыстың, көк-шығысты білдірген.

Қазақта от та, күн де киелі деп саналған. Отқа түкірмеген, одан аттамаған, оны су іші отпен тазартылып отырылған. Жеке отау қурған жас жігіт әкесінің үйінен от алып, өз ошағын тутатқан. Жас нәресте мен жаңа түскен келінді пәле-жала, қауп-қатерден аулақ болсын деп отпен аластаған. «От ана, май-ана жарылқа» деп отқа май құйып жалбарынған. Май-ана дегеніміз-Ұмай ана.

        Қара –жердің түсі, берекенің белгісі.Адам өзімсініп айтатын табиғи төл түс. Кара түстің мағынасы байырғы, ескі, мәңгі түсі –ніктермен сәйкес келкді. Ол философиялық ұғым: тұрақтылық статиканы білдіреді.

       Ақ түс- қуанышты хабардың, бақыттың, тазалықтың белгісі. «Ақ»  деп сүттен жасалған тағамды да айтады. Ақ түс шындықтың, ақиқаттың, әрі тазалықтың, адалдықтың, шыншылдықтың белгісі.

      Сары түс –ақыл-парасаттың белгісі.

Сонымен бірге ол бір жағынан қайғы-мұңмен де байланастырылады. Мысалы: «Сары уайымға салыну», екінші жағынан, ол жұбаныш пен үміттің де кепілі «Сағыныш түбі-сара алтын, сарғайып жетер мұратқа».

     Жасыл түс-жастық пен көктемнің нышаны. Себебі ол өсімдікүлгілес ою –өрнекте жиі пайдаланылған, кейіннен мұсылмандықтың сипаты ретінде енді.

     Көк түстіңзаттық мағынасы ертеде Көк Тәнірі, Құдай ретіндегі мәнге ие болган. Сәулеттік құрылыстарында көк түсті күмбез, фасадтағы өрнектер осының айғағы. Қазіргі кездің өзінде қазақ «көкке қара» деп аспанды айтады. Көк түстің рәміздік мазмұны ерекше сапаға ие, оны аналарымыз төсенішке пайдаланбаған.

     Ақ, қара, қызыл, көк, жасыл, сары түстер қазақ өнерінде пайдалану ретіне қарай рәміздік мағынасы бар. Олар дәстүрлі өнерде өзінің тұрақты мағнасымен қуатты күшке ие. Қазақ ою- өрнегінің көркемдік мәні өте –зор.

Оқушыларға «Үнсіз бояу тілі» атты мінез құлқының бояу арқылы анықтайтын психологиялық ойын өткізу. Қағаз бетіне өздеріне ұнайтын түспен бояйды.

Ақ бояумен бояғандар тазалықты ұнатады, ақкөңіл өздерімен өздері жүреді.
Қызылмен бояғандардың бойында құлшыныс, талпыныс бар.
Жасыл түсті бояғандар дем алғанды, тыныштықты жақсы көреді.
Ашық қызыл,ашық көк түстер таңдағандар нәзіктікті білдіреді.
Сары түспен бояғандар –ойнақы, көнілді жандар.
Көк түспен бояғандардың бойында үрейлік, қорқыныш бар.
Қара түс болса қаталдықтың белгісі.
 Қоңыр түспен бояғандар талап  қойғыш болады.

Осылайша оқушылардың мінездері туралы бояулар арқылы азғандай болсада мағлумат алу.

Сөзжұмбақ шештіру «Бояулар»

Пішіні қиярға ұқсайтап сары түсті тропиқалық аймақтың жемісі
Қызыл немесе ашық қоңыр түсті жердің астында өніп шығатын өнім.
Түсі жасыл, салатқа көп пайдаланылатын жеміс.
Қара немесе қызыл түсті болып келетін балықтың ұрығы.
Бұлтсыз, ашық аспанның түсі.
Қысы –жазы жасыл болып тұратын ағаш.
Жаңбырдан кейін аспанда пайда болатын жеті түсті доға.

Ойын. Оқушыларға түстерге байланысты жұмбақтар шешкізу.

Оны ағаштың басынан ізде. Түрлі түске боянады күзде. Ол не? (жапырақ)
Қызылы бар, сарысы бар. Құйрығы бұлғандаған.

Түздің сондай тағысы бар. Ол не ? (түлкі)

Жеміс деймін шіркін асыл. Іш қызыл. Сырты жасыл. Ол не ?(қарбыз)

          «Ғажайып политра» ойыны

Палитрада 7 дөңгелек бояулар, әр бояу карточкасында сурақтар. Сұрақтарға жауап беру. Сұрақтарды  түске қарап өздері таңдайды.

          «Түстерді тап» ойыны

Көк +сары -?
Ақ + қызыл -?
Қызыл + көк -?
Сары +қызыл -

         Оқушылардың ойын, қиялын кеңейтуге;

бейнелеу өнері, музыка, көркем қозғалыс, әдебиет, жалпы көркемөнерге деген ынта-жігерін арттыруға күш салу керек.

  Әрбір сабақ қызықты және жерлі өту үшін, әр түрлі өнердің әдіс –тәсілдерін игерту, үйрету, дағдыландыру талап етіледі. Әр сабаққуаныш пен шаттықа, эстетиқалық ләззатқа толы, қызықты да әсерлі болуға тиіс.

                 Күтілетін нәтиже:

Оқушының пәнге қызығушылығын артады
Сыныпта үлгермеуші оқушылар саны азаяды.
Шығармашылық қабілеті дамиды.
Бос уақытты тіимді пайдалануға мүмкіндік алады.
Топтық жұмысқа бейімделеді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Сиқырлы кемпірқосақ»
«Түстер әлемі»
«Қуыршақтардың киімдерінің түстері»
Кемпірқосақтың түсі қандай?
Бейнелеу өнері сабағында бояу түсін қабылдауды дамыту ерекшеліктері
Бейнелеу өнері сабағында бояу түсін қабылдауды дамыту ерекшеліктері
Алма және жеміс - жидектер
Үлкен, кіші көлемдерді ажырату
Күннің батуы
нарықтық қатынастар және ақша
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 10534 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык