Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Түстер әлемі»


«Түстер әлемі»

«Түстер әлемі»

Тақырыбы: «Түстер әлемі»

Мақсаты: Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың коммуникативтік- ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой- түйсігін, қиялын дамыту. Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту.

Алдын ала жұмыс және сабаққа дайындық: керекті құрал- жабдықтарды дайында, «Түстерді қайталау».

Сөздік жұмыс: Қызыл, жасыл, көк, сары.

Дидактикалық құралдар: шарлар, түрлі- түсті гараждар, машиналар, пішіндер, әр түске боялған күріш, пирамида, жемістер.

Блингвистикалық компонеті: Қызыл - красный, Көк - синий
Сары - желтый, Жасыл - зеленый

Әдіс- тәсілдер: Эксклюзивті,түсіндіру, әңгімелеу, сын тұрғысынан ойлау, сұрақ- жауап, көрсету,модульдік.

 

Қызмет кезендері

 

Педагогтің басқару іс-қимылдары

 

Балалар қызметі

 

 

 

 

1 кезең

уәждік-түрткі болу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу:

Сәлеметсіздер ме балақайлар!

 Менің түстер әлеміме қош келдіңдер! Мен осы түстер әлемінің еркесімін. Менің атым Еркетай.

Проблемалық жағдай орнату

Балалар қараңыздар, бізге бүгін Күн  күлімдеп тұр, күннің түсі сары, жаңбырдан кейін кемпірқосақта шығып қалыпты, балалар қараңыздар кемпірқосақтың түстері әртүрлі көк, сары, қызыл, жасыл т.б.

Сендерді бүгін өзімнің  түстер әлеміме саяхатқа апарамын. Онда көптеген түстердің тапсырмаларын орындауымыз керек. Менімен саяхатқа шыққыларын келеме?

 

 

 

  -Сәлеметсіз бе!

 

   Иә

 

 

Балалар тәрбиешіні тыңдайды

 

 

 

 

 

Иә  барамыз, орындаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

2 кезең

проблемалық-ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:

1. Түстеріне байланысты пішіндерді өз қорапшаларына салу

2.  Түстеріне байланысты әр көлікті өз гараждарына орналастыру.

3. Түрлі- түсті боялған күріштердің арасынан Еркетайдың тарағы мен айнасын тауып беру.

4. Түрлі- түсті шарларды көлеміне байланысты  ілу.

5. Пирамиданы жинастыру.

6. «Әжеме жеміс шырыны» дайындау.

7 . Түстер еркесінің көйлегін жөндеп беру.

 

 

 

 

Баланы қызмет үрдісіне психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу:

Балалар қазір жылдың күз мезгілі, ал күз мезгілін қандай түске бейнелеуге болады?

Ал маған сары түс туралы, күз туралы тақпақ кім айтады?

 

1.Шашылып қалған пішіндерді  қорапшаларына салады.

2. Көліктерді гараждарына орналастырады.

3. Түстер еркесінің тарағы мен айнасын тауып береді.

4. Шарларды көлеміне қарай жарға іледі.

5. Пирамиданы жинастырады.

6. Балалар әрбір жемісті өз банкаларына жабыстырады.

7. Түстер еркесінің көйлегін жөндеп береді.

 

 

 

 

 

 

Сары

Айнель: Алтын сары қызыл көк, Алуан алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап.

 

3 кезең

рефлексті-түзетімдеуші

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:

Қане, балалар шеңберге тұрайықшы. Балалар бүгін біз сары, жасыл, көк, қызыл түстерімен таныстық.  

Балалар біздер менің түстер әлемімнің тапсырмаларында орындап бітірдік. Саяхатымызда аяқталды. Сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?Сендерге түстер әлемінің сыйлығы бар. (түрлі- түсті шарлар сыйлау).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иә

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Әлемнің сиқырлы кітабы»
«Сиқырлы кемпірқосақ»
«Саябаққа саяхат»
«Сізге хат келді»
Түрлі - түсті қолшатыр.
«Түстер.»
Қайталау
«Қызыл телпек бізде қонақта»
«Қуыршақтардың киімдерінің түстері»
Сақ бол¸балдырған!
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 12321 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык