Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Табиғат - тал бесігім


Табиғат - тал бесігім

 Табиғат -  тал бесігім

Тақырыбы: Табиғат -  тал бесігім (экологиялық сайыс)

Мақсаты: 1. Табиғатты сүйіп, адам өмірі табиғатпен тікелей екенін түсіндіру

2. Танымдық қабілеттерін, ойлау белсенділіктерін дамыту

3. Табиғатты қорғауға, туған өлкесін сүюге баулу, тәрбиелеу.

Сайыс барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Бұл Жарма құт мекенім, өскен елім,

Гүлшоқты жазиралы асқар белі

Айдынды мұз мұхиты болмаса да

«Сабынды» ерекше ыстық айна көлім.

Өзегі өлеңімнің сен ғанасың

Кім жатырқап, жек көрер өз баласын.

Жерің жастық, шалғының көрпе болып

Үйреткен табиғатың сөз данасын – деп, жерлес ақынымыз Мәуітқазы Зүкенов ағамыз жырлағандай, Жарма табиғаты көркем де бай.

«Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық» демекші, туған өлкеміздің табиғатын зерттеп, оның байлықтарын қорғау біз бен сіздердің міндеттеріңіз. 2 «А» сыныбында өтетін «Табиғат-тал бесігім» атты экологиялық сайысқа қош келдіңіздер.Сайысқа екі топ қатысады. Олар:

1.Өсімдіктер

2.Құстар

Сайыс шарттары:

І. Таныстыру

ІІ. Табиғат жайлы өлеңдер (кезек айту)

ІІІ. Үй тапсырмасы (әр топ өз жұмысын қорғайды. «Біздің өлке құстары», «Дәрілік өсімдіктер»)

ІҮ. Топ басшылары сайысы («Орманды қорғау»; « Шар өзенін қорғау»)

Ү. Экологиялық мазмұнды есептер шығару

ҮІ. Халықтық ырымдар мен тыйымдар (кезек айту)

ҮІІ. Қорытындылау, марапаттау

 

Тәрбие сағаты

3 сынып

Тақырыбы: Балалықтың қанына ойын азық

Мақсаты: 1. Оқушыларды ізденуге, өзін – өзі басқаруға талпыныс жасауға үйрету.

2. Ойын арқылы балалардың ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін дамыту.

3. Бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: әр ойын түріне байланысты слайдтар

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе сөз

        Қазақ ауыз әдебиетінің ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп,өзінің үрдіс дәстүрін сақтағанайрықша саласы – балалардың ойын фольклоры.Басқа да мұралар сияқты оның да тарихы ұзақ. Ойын фольклорының қызметі де оның ең алдымен жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты. Халықтық педагогиканың көрінісі балалардың ойын – сауық жырларында жатыр деуге болады.

        Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп-өну, ілгерілеу жоқ. Әрбір қоғам балаларға қамқорлық жасап отырады. Соның бір айғағы Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауларында балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету және мектептердегі оқу-тәрбие үрдістеріне, білім сапасының жоғары болуына аса көңіл бөледі. Осы орайда мемлекеттік тіл қазақ тілін дамытуды, ұмыт бола бастаған салт – дәстүрді, ата – бабалар өсиетін жалғастыруды негізгі мақсат етеді.

        Балаларды ептілікке, тапқырлыққа баулитын отырып та, қозғалып жүріп те ойналатын түрлері аса мол. Олардың арасында түрлі заттарды пайдалану арқылы және сөзбен ойналатындары да бар.

        Сөзге негізделген ойындардың басты мақсаты – балаларға дұрыс сөйлеуді, іс – әрекеттерді түсінікті, жатық етіп сипаттауды үйрету, сөйлегенде шешен, тапқыр болуға тәрбиелеу.

ІІІ. Негізгі кезең

        Санамақ - Жас баланың қолын ұстай отырып, саусақтарына ат қойып, оларды бірде бүгіп, бірде жазып ойнау арқылы баланың көңілін аулау мақсатында ойналады.

Мысалы:

Қуыр – қуыр – қуырмаш,

Балаларға бидай шаш!

Тауықтарға тары шаш!

Бас бармақ, балалы үйрек,

Ортан терек, шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

Сен тұр, қойыңа бар!

Сен тұр, қозыңа бар!

Сен тұр, жылқыңа бар!

Сен тұр, сиырыңа бар!

Сен тұр, түйеңе бар!

Ал сен алаңдамай,

Қазан түбін жалап,үйде жат.

Мына жерде құрт бар,

Мына жерде май  бар ....

Мына жерде қатық бар ...

Мына жерде қытық бар ...

Қытық ,қытық, қытық!

        Сұрамақ – бұл ойын санамаққа жақын. Көбінесе 8-9 жасар балалар арасында сұрақ – жауап түрінде ойналады.Сұрамақ жан – жануарлар мен табиғат құбылыстарына балалардың өзінше берген жауап түсінігі іспеттес.

Мысалы:   

-         Түлкі, түлкі, түлкішек,

Түнде қайда барасың?

-         Апам үйіне барамын.

-         Апаң саған не береді?

-         Ешкі сауып сүт береді.

-         Оны қайда қоясың?

-         Тал түбіне қоямын.

-         Ит ішсе не қыласың?

-         Бақан алып қуамын.

-         Жеткізбесе қайтесің?

-         Жылай – жылай қоямын.

-         Бақа , бақа, балпақ, басың неге жалпақ?

-         Темір қалпақ көп киіп, басым содан жалпақ

-         Бұтың неге талтақ?

-         Көп көсіліп үйімде,

-         Бұтым содан талтақ.

-         Көзің неге тостақ?

-         Қырдан қарауыл көп қарап,

Көзім содан тостақ.

                      Қаламақ – арқылы  әр ойында балалар атқаратын қызметін, кімнің ойынға кіріп, кімнің шығатынын біледі. Ең соңында қалған оқушы шарт бойынша қызмет орындайды.

Мысалы:

1,2,3,4,5 ......10

Қыздар киген қызыл тон.

Қызыл тонның бағасы

152 сом.

 Апам шелпек пісірді

Санап көрсем он екі

1,2,3,4 ......... 12

Алма кетті домалап,

Көше бойын жағалап.

Кім алманы табады,

Сол ойыннан шығады.

         Айтыс – балалар ойындарының үлкендер фольклорына жақындауы. Балалар айтысының мәтіні көбінесе жаттамалы болып келеді.

Мысалы:

  1. Домбырам басы ырғайды,

Қыздар қолын бұлғайды.

Бұлғаса да бармаймын,

Әлдене деп қарғайды.

  1. Домбырам басы ырғайды,

Қыздар қолын бұлғайды.

Шақырғанда бармасаң,

Көк шешек деп қарғайды.

  1. Ол қарғысың өзіңе,

Екі қара көзіңе.

Қыз қарғысы өтпейді,

Маған тіпті жетпейді.

  1. Кәмпитімнен бермеймін,

Енді саған ермеймін.

Сеніменен айтысуға

Маңайына келмеймін.

Аңдардың айтысы

Автор: Кәрі еменнің түбінде

Кәрі аюдың інінде.

Бас қосыпты көп аңдар,

Айтысыпты көп аңдар.

Қоян: Мен қоянмын,

Жорыққа түнде шығамын.

Қалдырмаймын ізімді,

Өйткені мен қорқамын.

Түлкі: Мен түлкімін,

Біреуді алдаймын,

Екіншіңді алдаймын.

Қасқыр: Мен қасқырмын,

Аң ішінде арқармын.

Талай қойды бауыздап,

Үйге әкеліп асқанмын.

Аю:Мен аюмын,

Оңай маған баю.

Мал ішінде жүремін,

Балды ішінен сеземін.

Кірпі: Мен кірпімін,

Көрінгенге түрпімін.

Үстім толы ине,

Есің болса тиме.

Бәрі: Ал қыс түсті,

Ұиын болар қар түсті.

Жортуылға шығайық,

Тамақ тауып алайық.

         Асық ойындары – қазақ даласында кең тараған.Бұл ойын тапқырлықты, ептілікті қажет етеді. Тазартылып, боялған асықтар пайдаланылады. Асықтың жату тәртібін үйренеді.(бүк, шік, алшы, тәйкі)

Мысалы:

Асық ату

         Аумағы екі-үш қадамнан тұратын дөңгелек көн сызылады. Ортасына әр ойыншы келісім бойынша ек-үштен (не одан да көп) асық тігеді. Сақасын иіру арқылы кезегін алған ойыншылар он – он бес қадамдай қашықтықтан тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты ғана алады да, ары қарай сақасының жатқан жерінен (егер сақа сызықтың ішінде жатса, онда сызықтың сыртына ғана атуға болады) қайтадан ата бастайды. Егер ойыншы бірде – бір асықты дөңгелек көннің сыртына шығара алмаса, ойыннан шығады.

ІҮ. Қорытынды

Ойын фольклорының өміршең қызметі де оның ең алдымен жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында. Халықтың этикасы мен эстетикасының, педагогикасы мен психологиясының, әдет-ғұрпы мен наным – сенімдерінің көрінісі балалардың ойын-сауық жырларында жатыр десек асыра айтқандық емес.

Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Хан ордаға саяхат
Армысың, әз Наурыз!
Жабайы аңдар
Б б дыбысы мен әрпі
«Атамекен» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «табиғат», «махаббат» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі
«Атамекен» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «табиғат», «махаббат» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Ойлы бала озар
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5080 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык