Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Б б дыбысы мен әрпі


Б б дыбысы мен әрпі

Тақырыбы: Б б дыбысы мен әрпі

Мақсаты:1. «Б дыбысымен танысу.Сюжетті суреттер бойынша құрату,
                      б дыбысын қатыстырып сөздер ойлатып талдауға үйрету.
                     2.Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру.
                     3.Балаларды ұқыптылыққа,ептілікке тәрбиелеу,жазу дағдыларын
                        қалыптастыру.
Әдіс – тәсілі: Ойын,түсіндіру,сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: Әр түрлі ойыншықтар (бақа,бұзау,балапан),кеспе әріптер,
                           текше.
Оқу – іс әрекетінің барысы:
                        Ертеңкілік жүздесу.
Біз қандаймыз,қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз,
Жарқыраған күндейміз.
Ренжісуді білмейміз!
Сәлематсыздар ма? Апайлар,
Сәлем! Жарқын жүзді достарым.
Мотивациялық қозғаушы кезең.
Тәрбиеші:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі туралы кім маған айтып береді?
- Балалар қыс туралы тақпақтар,айтып сұрақтарға жауап береді.
Ғажайып сәт: 
        Әр – түрлі ойыншықтар орналасқан бұрыш мерекелі безендірілген.
         Балалар таң қалып,тамашалайды.
 
Ұйымдастыру; іздену кезеңі.
Тәрбиеші: 
- Балалар бізге бүгін бақа қонаққа келіпті,неге келді екен сұрап көрейікші.(құлағы тосқан болады)
- Балалар бақа бізден бақаның қимылын жасауды,бақа туралы ән айтып беруді өтініп тұр.
Көңіл күйді көтеру кезеңі:
Басқа әнін орындау:
- Бақа,бақа балпақ.
Басың неге жалпақ?
- Темір телпек көп киіп
Басым содан жалпақ
- Бақа,бақа балпақ,
Бұтын неге талтақ?
- Су бетінде көп жүзіп,
Бұтым содан талтақ.
Тәрбиеші: Өте жақсы айттыңдар,балалар,таныс емес қай дыбыс?
        Балалар б дыбысы екенін айтады.
Осылайша балаларға басқада ойыншықтар: балық,бүркіт,бұғы,бұзау,балапан және бақаны көрсетіп,аттарын ататқызу.
Тәрбиеші:
- Балалар осы сөздердің барлығында б дыбысы қай жерде тұр?
- Балалар осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші,не байқадыңдар?
- Балалар б дыбысын айту кезінде еріндерінің бір – біріне тигенін айтады.
- Жаңа дыбысты бір – біріне қарап дыбыстатып айтқызу.
- Б дыбысын созып айтып көрейікші,созып айтуға келе ме?
- Жоқ,б дыбысы созып айтуға келмейді.Б дыбысын Ы дыбысының көмегімен созып айта аламыз.
Тәрбиеші:
- Олай болса б дыбысы қандай дыбыс  екен?
- Дауысты ма,әлде дауыссыз ба?
- Балалар б дыбысы дауыссыз екенін,ол көк текшемен белгіленетінін айтады.
Б дыбысына келетін сөздерді буынға бөліп айтқызу.
Тәрбиеші: 
- Балаға деген сөзді буынға бөлейік,кәне,шынтақтарыңды парта үстіне тереп,саусақтарыңды айқастырыңдар да айқастырылған саусақтарыңды иектеріңнің астына қойып,бәріміз буынға бөлейік.иектеріңе саусақтарың неше рет тиеді?
Балаларға иектері  неше рет тигенін,неше рет барын айтып береді.
Сергіту сәті: Бала,бала балақан.
                       Кәне,қайсы алақан
                       Саусақтарың әйбат.
                       Былай – былай ойнат.
«Саңырауқұлақ» дидактикалық ойыны.
Тақырыптың сурет бойынша әңгіме құрау.
  (саңырауқұлақты паналаған балапандар суреті)
Тәрбиеші: Ал,енді балалар «балапан» сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.
                    Дыбыстық талдау жасалады балалармен бірлесіп.
Ойын: «Екінші буыным қайда?»
Ойыннан соң сұрақ – жауап әдісі бойынша балалардың алған білімдері пысықталады.
Қорытындылау.
Балалардың сабаққа жақсы ұйымшылдықпен қатысып,өздеріне берілген тапсырмаларды орындағандықтары туралы айтып пысықтау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
"Пп"дыбысы мен әрпі
"Ш"дыбысы
Қ дыбысы және әрпі
«Л» -дыбысы мен әрпі
Ә,ә дыбысы және әрпі.
Ы дыбысы және әрпі.
А а дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4168 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык