Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Табиғат – тіршілік бесігі


Табиғат – тіршілік бесігі

Табиғат – тіршілік бесігі

Алматы облысы

Енбекшіқазақ ауданы

«Балтабай орта мектебі - мектепке дейінгі шағын

орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3 «А» сынып  жетекшісі: Жанайбекова Айсұлу     

Тақырыбы: Табиғат – тіршілік бесігі

Мақсаты:

  1. Оқушыларға табиғат адамзаттың еңбек етіп, өмір сүретін ортасы екенін, ақын – жазушылардың шығармасының арқауы екенін ұғыну.
  2. Адамның табиғат перзенті екені туралы білімдерін, ой- өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. Қоршаған орта табиғатын аялауға, қорғауға, қасиетті туған жерін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Түрі: бекіту сабағы

Әдісі: сұрақ – жауап, сөзтуым, көрініс, «Алтын қақпа» интеллектуалды ойыны

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері

Көрнекілігі: «Табиғат – тіршілік бесігі», «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық», «Табиғат – адам үшін жаралыпты, Бар қызық табиғаттан таралыпты» (С.Торайғыров) қанатты сөздер, үнтаспа, тірек сызба, «Алтын қақпа» ойынына қажетті жабдықтары

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа психологиялық дайындық

-          Балалар, бүгінгі сабағымызды мына сөзтуымды шешкенде шығады.

Таблица  салу керек

  1. Қазақстандағы тау
  2. Ж.Жабаев кім?
  3. Түйенің төлі
  4. Зеңгі баба қай түліктің пірі?
  5. Шөптің аты
  6. Көктем айы
  7. Бұландаған құрығы,

Бір алдарлық қулығы.

-          Тақырыбымыз «Табиғат» екенін анықтадық. Ал «Табиғат» дегенімізге не жатады екен соны білейік

                                          Су                                    Жануар                              

-          Міне, бізді қоршап тұрған дүние ол - табиғат.

Көрініс: Зерделі мен Талапбек

Талапбек: - Зерделі адамгершіліктің тағы бір белгісі табиғатты аялау, жанашырлықпен қарау.

Зерделі: - Сол үшін де жер – суды, ауаны, жан – жануарларды тағы да басқаларын ән – жырымызға қосамыз ғой.

Мұғалім: - Қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Табиғат  - адам үшін жаралыпты, бар қызық табиғаттан таралыпты» деп жырлаған.Олай болса біз де табиғатты әнге қосайық.

Хор: «Табиғат – анамыз»

Талапбек: - Ендеше табиғат сұлулығы, оның құдіреттілігі, небір ғажап құпиялары туралы сыр шертетін парақтарды ақтарайық.

Мұғалім: - Қане, табиғат туралы жазған шығармаларымыды бірге оқиық. (1-2 бала оқиды). Ал, табиғат туралы салған суреттеріне тоқталайық (суреттерін көріп шығады)

     Орыстың белгілі ақыны С.М.Маршак өсімдіктерді қадірлеп, сыйлауға былайша шақырады.

Болса да дананың данасы,

Өсімдік – шын тегі адамның.

Арланып жүрмеңдер ағаш шөп.

Біз содан төзіммен нәр алдық,

Өміршең адам боп жаралдық – деген екен.

   Туған жеріміздің бай табиғаты Алатаудың тауларын, Жетісу жерін, Көкшетау көлін, Сарыарқа даласын, Еділ – Жайық атырабын ақын – жазушыларымыз өлең – жырына қосып жырласа, суретшілер қылқаламмен өз шығармаларына арқау еткен.

Көрініс:

Зерделі: - Табиғат біздің асыраушы анамыз екен – ау! Онсыз тіршілік жоқ.

Талапбек: - Осы бөлімнен біз сан алуан табиғат құбылыстарын, аң – құстардың тіршілігін, оларға адамдардың жасаған қамқорлығын оқып білдік қой.

Зерделі: - Халық айтқан «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ

                                            Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» - деген ақылды әрдайым есімізден шығармайық,балалар!

Мұғалім: - Оқыған білгенімізді, ойға түйгенімізді «Алтын қақпа» ойыны арқылы тексеріп көрейік.

Сергіту минуты:

Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай сұрақ болса да,

Жауап бермей қалмайық.

Мұғалім ойын шартымен таныстырады.

«Алтын қақпа» ойыншысын таңдау үшін (Жасын, Бұйымтай, Раң, Ебелек) деген не деген сұрақ тастайды. Сұраққа кім жауап берсе, сол ойыншы болады.

Ойын үш қақпадан: Тас қақпа, Күміс қақпа, Алтын қақпа және «Алтын сандық» сұрақтарынан құралған. Егер ойыншы қақпалардың сұрағына дұрыс жауап айтса, жүлдесін алып, келесі қақпаны ашуға сұрақ таңдайды. Егер аша алмаса, ортаға сұрақ тасталып басқа ойыншы шығады.

Тас қақпа:

  1. «Ұзынсары» дегенді қалай түсінесің?
  2. Қазақстандағы тауларды ата
  3. Жаңбырдың қандай түрлері бар?

Жүлдесі 1000 теңге

Күміс қақпа:

  1. Н.Әлімқұловтың «Жаңбыр жауды» өлеңін айт
  2. Кемпірқосақ бояуы нешеу? Атап шық
  3. Жұмбақ: Ұшып жүрген гүл көрдім,

                Қонғанда ұстап үлгердім.

                Ол не?

Жүлдесі 2000 теңге

Алтын қақпа:

  1. «Түлкі түгінен жазған» дегенді қалай түсінесің?
  2. М.Дулатовтың «Наурыз» өлеңін айт
  3. «Бұлбұл мен Тоқылдақ» өлеңінің авторы кім?

Жүлдесі 5000 теңге

Алтын сандық

  1. Жамбыл Жабаевтың «Алатау» өлеңін айт

Жүлдесі 10000 теңге

Егер «Алтын сандық» сұрағына жауап бере алмаса, барлық жүлделерінен айырылады. Егер жауап берсе, барлық жүлдені алып марапатталады.

Қорытынды:

Адам мен табиғат әрқашан да егіз.

Табиғат -  бәріміздің ортақ мекеніміз. Ата – бабаларымыз ежелден – ақ табиғаттың тылсым сырларына қанық болып, оны қорғай білген.

Мысалы: Құмырсқаның илеуін бұзба, аққуды атпа, суға түкірме, көкті жұлма, жалғыз ағашты кеспе...

    Табиғаттың адам денсаулығына тигізер емдік қасиеттерін өсімдіктерінен алып отырған. Ал, қазіргі уақытта өкімет тарапынан заңды түрде қорғалып отыр.

     «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» деген ұранмен оның тазалығына, «Жасыл ел» бағдарламасы мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазақстандағы үлкен 9 қорық өкімет тарапынан қорғауға алынуда. Біздер де табиғат берген сыйды тиімді пайдаланып, оны қорғауға өз үлесімізді қосалық, ағаш отырғызып, өзен, көлдерді, орман – тоғайлардың ластануынан сақтайық!

     Ортақ үйіміздің табиғат байлығын құрметтейік! Табиғатты қорғау баршаның борышы. Оның тазалығы – еліміздің байлығы.

Хор: Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» әні орныдалады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бізді қоршаған әлем
Табиғатты қорғай білейік.
ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БІЗ
Табиғат - туған үйіміз
Мен табиғаттың бөлшегімін
Табиғат - досымыз
Адам және табиғат
Табиғатты аялай білейік
«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны
Алтын қақпа
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4153 | Қосты: Айсұлу Жанайбекова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык