|
|
Талап, еңбек, тарең ой
Мақсаты: Әр баланың білімін, интеллектуалдық даму деңгейін анықтау. Логикалық ойлау, белсенділік, дәлелдей білу қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: Сигнал картасы, карточкалар, ұпай жұлдыздары, кубиктер,
Әдістері: Топтық ойын, сайыс, жеке практикалық жұмыс.
Топтарға бөлу, топ атын сайлау. Әділқазылар алқасын сайлау.
1 - өтілім
Топтың аты, ұраны
2 - өтілім
Қазақстан- сөзіндегі әріптерді пайдалана отырып сөз құрау.
3- ұпай
3 - өтілім
Ойлан, тап:
Сұраққа жауар беру. 4- ұпай
- Салтанат болса екіде
Бақытжанда екіде,
Екеуін қоссақ шырағым
Саматтың жасы нешеде?
Жауабы: Самат 4 жаста.
- Анардың әкесі қарашаның 3-і күні саяхатқа шығып, үйіне қарашаның 7-сі күні келді. Анардың әкесі неше күн үйде болған жоқ?
Жауабы: Әкесі үйінде 4 күн болған жоқ .
- Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке,
Мықты болсаң қанша екен тез есепте.
Алдында екеуі келеді.
Екі – екіден келеді қос бүйірде.
Жауабы: 6 қаз.
- Жаңбыр сөзінде неше дыбыс бар?
Жаңбыр сөзінде 6 дыбыс бар.
- Сүтқоректілерді ата
- Алыстан қарағанда жәйлауда сиырдың 6 мүйізі көрінеді. Сонда жәйлауда неше сиыр жәйіліп жүр?
Жауабы: 3 сиыр
- Төрт түлік төлін ата.
Сиыр –
Жылқы-
Түйе –
Қой-
Ешкі-
Жауабы:
Сиыр – бұзау
Жылқы-құлын
Түйе – бота
Қой-қозы
Ешкі-лақ
8. Алтыдағы Бекеттің
Алтау еді жаңғағы.
Біреуін мысық әкетті,
Біреуін күшік әкетті...
Қанша сонда қалғаны?
Жауабы: 2 жаңғақ қалды.
- Бір балапан ұяда,
Бір балапан қияда...
Екеу болды есебі,
Қалды ұяда нешеуі?
- Бір ағашта жеті алма,
Мен алиаймын, сен де алма.
Қызыл емес, көк емес,
Әлі піскен жоқ екен.
Алманың түсі қандай?
Жауабы: Алманың түсі жасыл
- Ақбоз, Көкбоз – екі жұлдыз,
Жетіқарақшы - жеті жұлдыз
Шоғыменен шоғыр жұлдыз,
Тобыменен неше жұлдыз?
Жауабы: 10 жұлдыз.
- Дастархан басында 2 әке 2 бала отыр. Олар 3 алманы тең бөліп жеді. Олардың әрқайсысы неше алма жеді?
Жауабы: 1 алма.
- Бір үйдің жеті ұл баласы бар. Олардың әрқайсысының бір- бірден қарындасы бар. Осы үйдің барлығы неше баласы бар?
Жауабы: 7 ұл, 1 қыз.
4 - өтілім
Санамақ жалғастыру. 5- ұпай
Бір дегенім – бесік ,
Шықтың содан өсіп.
Екі деген - елім,
Далам, тауым, көгім.
Үш дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім - бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Алты деген - ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Жеті деген – жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз деген – сөзің,
Серт беретін кезің.
Тоғыз деген – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он дегенім – Отан,
Қорға соны, ботам!
5- өтілім 6 – ұпай
Қарама - қарсы мағыналы антоним сөздері
Үлкен – кіші
Ұзын- қысқа
Ақ – қара
Күн – түн
Жоғары - төмен
Жақсы- жаман
Жалпақ – жіңішке
Биік – аласа
Қалың – жұқа
Артық – кем
Алыс – жақын
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |