Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 3368 |
|
|
|
Қош бол, балабақша!
Тақырыбы: «Қош бол, балабақша!»
Мақсаты: Бүлдіршіндердің жыл бойы бойларына сіңірген білім деңгейін ата-аналарына көрсету, бір-біріне деген достық сыйластыққа, өнегелі, өнерлі, білімді, тәрбиелі азаматтар болуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті ата-аналар, балабақша қызметкерлері. Бүгін біздің бүлдіршіндеріміз балабақшамен қоштасып,алғаш рет мектепке қадам басқалы отыр. Осы салтаннатты мерекені ғажап көңілкүймен тамашалап, балаларыңыздың білімі мен өнеріне тәнті болыңыздар.
Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа міне жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер деп сүйікті балабақшасымен қоштасатын балаларымызды құрметпен қарсы алайық.
Жеңіл музыка әуенімен қолдарына шар ұстаған балалар қол ұстасып залға кіреді.
Тәрбиеші: Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп.
Теп тегіс жұмыр келсін айналасы деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті бүлдіршіндерімізге береміз.
Әдемі: Құшағында жарқылдап
Өтті сәби күндерім
Би биледім, ән тыңдап
Алаңдауды білмедім.
Нұршат: Гүлге толы жан жанғым,
Асыр салып жүгірдім.
Өсті талап талғамым,
Көп нәрсені ұғындым.
Бекзат: Кітаппенен дос болып
Жалқаулықпен өш болып
Өседі ой мен санамыз
Біз мектепке барамыз.
Дильнұр: Ойыншықтарды жинаймыз.
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер білім үйреткен.
Өзіңізді қимаймыз.
Нұрислам: Бес жасқа толамыз.
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз
Еламан: Оқимыз, білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшамызбен қоштасып
Біз мектепке барамыз
Тәрбиеші: Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, әннің тәтті оралған мәні оятар- демекші,келесі кезекті «Бақытты балалық шақ » әніне береміз.
Тәрбиеші: Бүгін біздің балалар балабақшамызбен қимастықпен қоштасып, балабақша қызметкерлеріне өз тілектерін айтады.
Әдемі: Естен кетпес үніңіз.
Бізбен өтті әр күніңіз
Бізге үміт артасыз
Шығар деп әнші, бишілер
Үмітпен бізге қарайтын
Әлпештеп бізді баптаған
Тәрбиешілерге мың алғыс.
Нұршат: Орындық, шкаф, төсекте
Шанышқы мен бакалда
Бәрі өзі келеме?
Соның бәрін қоятын
Ақ төсекке жатқызатын
Шаршамайтын күлетін
Зыр жүгіріп жүретін
Баян апайға мығ алғыс.
Нұрислам: Төсек орын тап- таза.
Аппақ жуған сүлгісі
Ақатай апай мен Мерей апай,
Сізгеде балалардан мың алғыс!
Дильнур: Біздің гүл бақшада
Бар әсем асхана
Тәтті тағам пісірген
Айран сүтті ішкізген
Эльвира тәтей мен Қарлығаш апайға мың алғыс.
Еламан: Денсаулығы болаттай
Ауруды ол жолатпай
Күнде тазалық тексерген
Дәрігер Жания апайға мың алғыс
.
Бекзат: Есеп қисап жүргізетін
Бақшаға кіріс кіргізетін
Жаңылдық апаймен Мариям апайға мың алғыс.
Тәрбиеші: Өсті міне ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың деп
«Балдырғандар маршы »әнімен ортаға шақырамыз.
Осы кезде есік қағылап , білім Ханшасы келеді.
Білім ханшасы: Сәлеметсіздерме, балалар!
Балалар: Сәлеметсізбе?
Білім ханшасы: Балалар мен сендерге білім елінен келіп тұрмын:Сендердің білімдеріңді, өнерлеріңді тексергелі келдім.Ол үшін мына сиқырлы қорапшаның ішінде тапсырмалар бар. Соған жауап беру керексіңдер.
1.тапсырма: Математика білімінен 10санына кім санамақ айтып береді?
Әдемі: Бір дегенім бесік
Шықтым содан өсіп
Нұрислам: Екі дегенім елім
Далам тауым көлім
Дильнұр: Үш дегенім үміт
Үміт артар жігіт
Бекзат: Төрт дегенім төзім
Төзе білем өзім
Нұршат: Бес дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт
Еламан: Алты дегенім ақыл
Тыңдағаның мақұл
Әдемі: Жеті дегенім жалау
Жүректегі алау
Нұршат: Сегіз дегенім сөзің
Серт беретін кезің
Еламан: Тоғыз дегенім тоқтау
Елдің жоғын жоқтау
Барлығы: Он дегенім Отан
Қорға соны ботам.
2.тапсырма: Көркем әдебиет бөлімінен қандай ертегі білесіңдер? Атын атаңдар?
3.тапсырма: Қоршаған ортаны бір сөзбен қалай атаймыз?
Білім ханшасы: Балалар, сендер білімді екенсіңдер мен сендерді білім еліне қабылдаймын. Ал қазір мен сендермен қоштасамын.
Тәрбиеші:Балалар білім ханшасына бір ән айтып берейік ән «Бала тілегі»
Білім ханшасы: Сау болыңыз айтып, шығып кетеді.
Соңынан балалар «Қоштасу» вальсын билейді.
Тәрбиші: Үш –ақ нәрсе адамның қасиеті, ыстық қайрат нұрлы ақыл, жылы жүрек деп Абай атамыз айтқандай, осы адамдық қасиеттерді сіздерге тілеймінө. Бүгінгі «Қош бол, балабақша» атты шағын ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар.
Балалар: Сау болыңыз айтады
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |