Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Топырақтың ерекшелігі және құрамы.


Топырақтың ерекшелігі және құрамы.

Топырақтың ерекшелігі және құрамы.

Сабақтың тақырыбы: Топырақтың ерекшелігі және құрамы

Сабақтың мақсаты:1.Топырақ туралы ұғымдарын кеңейту, оның ерекшелігі мен құрамы   

                                      туралы мағлұмат беру.

                               2.Есте сақтауын,  мәдениетті сөйлеу , ой- өрісін дамыту. Сөздік 

                                   қорын  молайту, жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру.

                               3. Байқағыштыққа, айналаны бақылауға,табиғатқа  қамқор болып  

                                   Қорғау, сүюге тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, әңгімелеу

Көрнекілігі: арнайы суреттер,слайт, сызбалар

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың зейінін, назарын  өлең  оқу арқылы сабаққа аудару.

Табиғат – тіршіліксің тұнып тұрған,

Сен-күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен-көлсің, сен-ормансың, сен-бұлбұлсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

-Табиғат деген не?

- Айналамызды қоршаған дүниелер

- Біз адамдар табиғаттан көп нәрселерді үйрендік. Сонымен бірге қажетімізге керек заттарды да осы табиғаттан аламыз.Қандай заттар аламыз? (ауа, су. жеміс, алтын, көмір, мұнай,  )

- Алтын, мұнай, көмірді бір сөзбен қалай айтуға болады? (пайдалы қазбалар.)

 ІІ. Үй  тапсырмасын сұрау.

  • Үйге қандай тапсырма берілді?

Үй тапсырмасын пысықтау. Сызбаны сұрақ қою арқылы толтырамыз.

  1. Жерден қазып алынып ,адам қажетіне жұмсалатын тау жынысы. (пайдалы қазбалар)
  2. Ең көп өндірілетін, тек отын ретінде ғана пайдаланылмай, одан бензин, керосин май, көптеген бағалы заттар бөліп алынатын пайдалы қазбалар қалай аталады? (Жанғыш)
  3. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата. (көмір, мұнай, газ)
  4. Олар Қазақстанның  қай өңірінде  өндіріледі.? (Қарағанды –Екібастұз, Маңғыстау)
  5. Құрамында металл кездесетін тау жыныстары. (кенді пайдалы қазбалар)
  6. Кенді пайдалы қазбаларды өңдеу арқылы не алынады? (темір, мыс, қорғасын, алюмини)
  7. Олар Қазақстанның  қай өңірінде  өндіріледі.?(Орталық Қазақстан, Жезқазған, Қоңырат)
  8. Тыңайтқыш өндіруге, қышқыл алуға  құрылыс қажетіне пайдаланылатын тау жыныстары.(кенге жатпайтын пайдалы қазбалар)
  9. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды ата. (тұз, мәрмәр, фосфорит,гранит, құм, саз)
  10. Фосфорит қайда өндіріледі? (Қаратауда)

- Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың ішінде  құм, саз табиғатта қай жерде көп кездеседі?

 (өзен, көлдің жағасында)

-Дұрыс айтасыңдар. Өзен, көлдің жағасында суға жақын маңда саз,   жағажайда құм көрінеді.

Суретпен жұмыс.  Ол жерде еш нәрсе өсіп тұрған жоқ.Яғни таза тау жынысында өсімдік өспейді. Өзен ,көлдің жағасынан жоғары көтерілсек өсімдіктерді кездестіреміз.Әрі қарай жоғарласақ өсімдіктердің қаулап өскенін көреміз.Яғни ол жерде не барын білуге болады? (Топырақ)

ІІІ. Жаңа сабақ

  • Бүгін біз  « Топырақтың ерекшелігі және құрамы» деген жаңа сабақ өтеміз. Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күн ретін , тақырыпты жазамыз.Жазып болсақ тақтадағы суреттерге қараймыз. Өсімдіктің  өсуін  топырақтың  болуымен байланыстыруға болады. . Өзен , көлден жоғарлаған сайын өсімдік  қаулап өседі.Яғни өсімдік топырақтың құнарлылығы мол жерде өседі. Өсімдіктің өсуі үшін қандай жағдайлар қажет.

Бұдан қандай ереже шығаруға болады? Оқушылардың жауабы тыңдалады.

Яғни жердің өсімдік өсетін құнарлы қабатын топырақ  дейді. Топырақтың беткі қабаты қоңыр , онда қурған жапырақ,ағаштың ұсақ қалдықтары болады. Содан кейін шым қабат ,Онда өсімдік тамырлары шырмалыпжатқанқабат. Мұнда шұбалшаң, әр түрлі бунақденелілер және олардың дернәсілдері көге түседі. Тереңдеген сайын өсімдік тамыры азайып тау жыныстары кездеседі.

 Құм мен сазда өсімдік өседі ме?

Олар бір сөзбен не дейді?

 Топырақтың тау жыныстарынан басты айырмашылығы- құнарлылығында . Дәптерге ережелерді жазу.

IV.Сергіту сәті:

  • Ал топырақтың құрамында қандай заттар болуы керек екенін сергіту сәтінен тауып көрейік.

Ал балалар бір ауық,

Дұрыс бұрысты ұғалық

Дұрыс болса отырып,

Бұрыс болса тұралық

  • Топыраққа ми керек ( тұр)
  • Топыраққа су керек (отыр)
  • Топыраққа  ту керек (тұр)
  • Топыраққа мұз  керек (тұр)
  • Топыраққа құнар  керек (отыр)
  • Топыраққа ауа керек (отыр)
  • Топыраққа ас керек (тұр)
  • Топыраққа тас керек (тұр)
  • Топыраққа саз керек (отыр)
  • Топыраққа ұн  керек (тұр)
  • Топыраққа құм керек (отыр)
  • Топыраққа қаймақ  керек (тұр)

Сергіту сәтінде топыраққа құнар керек деп айтық. Ал құнар қалай пайда болады ? Соны білейік. Сурет . Өсімдік топырақтан қоректік затын бойына сіңіріп өсіп жетіледі. Өсімдікпен жәндіктер, жануарлар қоректенеді. Жәндікиен құстар қоректенеді .Қалдықтары топырақта қалады. Сол қалдықтарды көзге көрінбейтін майда жәндіктер өзгеріске түсіреді де топырақтың беткі қабаты құнарлы қарашірікке айналады. Осылай топырақ құнарлы болады.

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді тізбектей оқу.

V. Жаңа сабақты бекіту.

Екі қатарға тапсырма беру.

І-қатарға Венн диаграммасы

ІІ-  қатарға Топырақтың құрамы сызба.

VI.Қорытынды.

Сұрақтар:

- Топырақ дегеніміз не?

- Тау жынысының топырақтан айырмашылығы неде?

-Қарашірік қалай пайда болады?

- Адам үшін топырақтың қандай маңызы бар?

Үйге тапсырма «Топырақтың ерекшелігі және құрамы» мазмұндау.Топырақтың құнарлылығына пайдасын тигізетін  жануарлар мен жәндіктердің атауларын жазып келу. Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау
Өсімдіктердің көптүрлілігі. Өсімдіктер өсетін орта жағдайларының алуан түрлілігі.
Пайдалы қазбаларды өндіру мен қорғау.
Тамыр . Тамыр жүйесі
Тамыр . Тамыр жүйесі.
Топырақтың маңызы
Пайдалы қазбалардың түрлері
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5185 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык