Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Пайдалы қазбалардың түрлері


Пайдалы қазбалардың түрлері

Сабақтың тақырыбы:   Пайдалы  қазбалардың түрлері

 Сабақтың мақсаты: а) білімділік: пайдалы қазбалардың түрлерімен   таныстыру,     адам өміріндегі маңызына , алыну жолдарына тоқталу.

ә) дамытушылық: өз ойларын ашық  білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыту.

б) тәрбиелік: табиғатты аялай білуге, сүйіспеншілікке, үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, географиялық сынақсөз, кесте толтыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кесте, компьютер.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі

Сабақтың  барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасы: Пайдалы қазбалар және олардың адам өмірімен маңызы.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

         І топ:

Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика, зауыт, электр станциялары жұмыс істеу үшін жұмсалатын қандай отын түрлерін білесіңдер? ( тас көмір, мұнай, газ)

        ІІ топ:

Үй жиһаздары, түрлі машиналар, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салу үшін қандай пайдалы қазбалар пайдаланылады? ( мыс, темір, қорғасын, алюминий)

       ІІІ топ: 

Адамдардың үй салғанын бақыладың ба? Қандай құрылыс материалдарын пайдаланғанын көрдің? ( құм, саз, тас, әк).

 ( Осының бәрі қосылып пайдалы қазбаларды құрайды)

ІҮ. Жаңа сабақ.

                                        Қолданылуына қарай  пайдалы қазбалар

                                                        үшке бөлінеді

                           Жанғыш  пайдалы       Кен пайдалы         Кенге жатпайтын

                              қазбалар.                   қазбалар.                пайдалы қазбалар.

 

                Мәтінмен жұмыс. (2мин)

 Ітоп:   Жанғыш пайдалы қазбалар.

ІІ топ:  Кен пайдалы қазбалар.

ІІІ топ: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.

                Картамен жұмыс:    

1) Кен орындарына тоқталу.

2) Шартты белгілерімен таныстыру.

Ү. Пайдалы қазбалардың алынуы туралы бейне сюжет көрсетіледі.

 І топ: Алынып болғаннан кейін бірден пайдалана береміз бе?

ІІ топ: Пайдалы қазбаларды өңдеуші мамандарды ата.

ІІІ топ : Адам өміріне қажеті бар ма?

              Тақтамен жұмыс.

  Өз облысымызда өндірілетін пайдалы қазбалардың қасиеттері мен қолданылуын кестеге түсіру.  ( үш топқа кесте таратылады).

               Дәптермен жұмыс.

                             Географиялық  сынақсөз

     Тас көмірдің аса ірі кен орны  Қарағандыда.  Маңғыстаудың  түбегінде мұнай мен газдың аса бай қорлары бар. Темір, мыс, қорғасын өндіретін кен орындары орталық Қазақстанда көп шоғырланған. 

( сынақсөз жазу барысында пайдалы қазбалар шартты белгілермен жазылуы керек.)

ҮІ. Сабақты қортындылау.

      Пайдалы қазбаларды үнемдеу керек екендігі айтылады.

Ү. Үйге тапсырма. Пайдалы қазбалардың түрлері.

ҮІ. Бағалау. Сабаққа жақсы араласқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
Қазақстанның пайдалы қазбалары.
Пайдалы қазбалардың түрлері
Топырақтың ерекшелігі және құрамы.
Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау
Кенге жатпатын пайдалы қазбалар.
Пайдалы қазбаларды өндіру мен қорғау.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Қазақстанның пайдалы қазбалары. Жанатын пайдалы қазбалар
Пайдалы қазбалар
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3450 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык