|
|
Қызықты математикалық тапсырмалар
Тақырыбы: Қызықты математикалық тапсырмалар
Мақсаты: Қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, оқушылардың математикадан алған білімдерін пысықтау Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Оқушыларды білімді азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың әдістері: қайталау, ойын сабақ
Сабақтың көрнекіліктері:түсті қалталар,геометриялық фигуралар,1-6ға дейін сандар жазылған шаршы,плакаттар.
1)Уа халайық , халайық, Азамат
Бәріңе жар салайық.
2)Бүгінгі кеш төрінде Аружан
Математика тілінде,
3)Есеп шешіп жарысып Гүлназ
Шабыт тасып, шалқысып
4)Жұмбақ шешіп аңдысып, Жазира
Есеппен ән салысып,
5)Көңілді кеш жасайық. Анель
Жұмбақ бәріне шашайық.
6)Мұнда қызық табылар, Ерсін
Мақал, жұмбақ бәрі бар.
Құрметті ұстаздар.Бүгінгі «Математика – ақыл- ойдың озығы» атты ашық сабағымызға хош келдіңіздер.Жақсы ,балалар,орындарыңа отыра қойыңдар.Сендерге сәттілік тілеймін.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік
Сөз кезегін математикаға берелік,
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрелік- деп сабағымызды бастап кетейік.Алдарыңызда жатқан сандары жазылған шаршыны лақтырып берілетін тапсырманың нөмірін анықтайық.
Тапсырмалар:
1)Математикалық жұмбақтар
а) Оң қолымда бес саусақ ә) Өткізген тырна сабаққа,
Сол қолымда бес саусақ, Қатысты жеті сауысқан,
Қосып едім екеуін, Үшеуі ғана олардың,
Болып шықты он саусақ. (10) Дайындалған сабаққа.
Неше жалқау сауысқан
Қатысқан осы сабаққа?( 4)
б) Ағашта саңырауқұлақ кепті,
Жаңбыр жауып оны жұмсартып кетті.
40-ы қызыл,8-і сары,20-сы жасыл еді.
Тиін мен тышқан 7-еуін жеді,
Қалды екен нешеу ағашта ғой енди?
(61саңырауқұлақ)
в)Жайлы орын маңай толы үйеңкі,
Батыр барыс алтыбақан құрыпты.
Кешке қарай жиналыпты көршілер.
40 қасқыр,6-аю, 5-түлкі,
Орын болмай қайтты үйіне 4кірпі.
Айтшы аңдар саны қанша,
Болып қалмай тек күлкі.
(48 аң)
г)Шыңғыс берді гүл
Алмас берді 2гүл,
Саят пенен Жақсылық
Тағы берді 5гүл
Нұршат пенен Назерке
Әкеліп берді 3гүл
Қалғандары қосылып,Берді тағы 5гүл.
Қанша гүл болды барлығы?
(16 гүл)
2)Математикалық мақал-мәтелдер 1.Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар. 2.Мың қосшыға бір басшы. 3.Бір ит көріп үреді,
Бір ит еріп үреді. 4.Бір құмалақ бір қарын майды шірітер 5. Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі 6.Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
7. Мыңның түсін танығанша
Бірдің атын біл. 8. Қонақ бір күн қонса құт,
Екі күн қонса жұт. 3) «Жасырынбақ» Берілген өрнектерді дұрыс шығарып,сандардың орнына әріптерді қойсақ мақал шығады.
Бір тал кессең,он тал ек. 4+4=8б 7+3=10і 2+2 =4р 10+1= 11о 10+2 =12н 7-4=3т 1+4= 5а 6-4= 2л 0+1 =1к 5+1= 6е 10-3= 7с 5+4= 9ң
Еріншектің ісі – екі. 2*2 =4е 5*5 =25р 3*3= 9і 3*4 =12н 2*5 =10ш 4*4 =16к 0*5 =0т 4*6 =24ң 6*3= 18с
- Музыкалық ән шашу
4)Теңдеулер шешу: х + 6 =10 9 – a =4 380 – a = 330 – 175 99 – x = 51
5)Блиц - турнир: 1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? айырма
2. 1 сағатта неше минут бар? 60
3. Қосудың нәтижесі қалай аталады? Қосындының мәні
4. Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура? шырша
5. Оқу жылының алғашқы айы қандай? қыркүйек
6. Қосуға кері амалды ата. азайту
7. Аптаның соңғы күні қалай аталады? жексенбі
8. Бір тәулікте неше сағат бар? 24
9. 9+7 өрнегінің мәні қанша? 16
10. 60-7 өрнегінің мәні қанша? 53
11. 1 дм неше см болады? 10
12. 1 ғасырда неше жыл бар? 100
13. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. 98
14. Периметрді қалай табамыз? қосамыз
15. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата. үшбұрыш
16. Ұзындық өлшем бірліктерін ата. Мм,м,см,км
17. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата. 70
18. 10 дм неше см бар?
6) Саты «Ойна да , ойла»
|
Жеңімпаз |
|
|
9*8*11=12 5*8*50=90 |
|
|
10*4*4=10 48*8*37=77 |
|
|
6*4*3=5 4*5*15=35 |
|
3*5*6=2 2*2*5=20 |
Музыкалық ән шашу
7). «Жаңылмай айтайық» 2 сынып :1-ден 10-ға дейінгі сандарды қазақша - орысша кезек айту:
бір,два,үш,четыре,бес, шесть,жеті, восемь,тоғыз,десять.
3- сынып :10-нан 100-ге дейінгі сандарды орысша-қазақша кезекпен айту:
Десять,жиырма,отыз,сорок,елу,шестьдесят,жетпіс,восемьдесят,тоқсан,сто.
8) Қандай сан?
«Қандай санды оң оқысаң да, теріс оқысаң да сол сөз шығады?»
ҚЫРЫҚ |
|
|
Қырық санын халқымыз
Бақ дәулетке балаған
Талай дәстүр салтымыз
Осы атаумен тараған.
Шығарамыз қырқынан
Сәбиді де той жасап,
Ұлттық әдеп –ғұрпында
Ұлылық бар ойласақ.
- Сергіту сәті «Қызыл өрік»
9) « 0 және 1 сандары» жайында ертегі құрастыру.
10) «Көңілді есептеулер» құрылған өрнектердің жауабы дұрыс болатындай бір ғана заттың орнын ауыстыру қажет. 6-5 =10 18-12=22
11) « Логикалық - сұрақ тапсырмалар» 1)Тауық бір аяғымен тұрғанда 2 кг, екі аяғымен тұрғанда неше? (2кг) 2) Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? ( көрші) 3) 1 жұмыртқа 3 мин піседі.2 жұмыртқа неше мин піседі? (3) 4)Ержанның төрт ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындастары бар. Ержанның неше ұлы, неше қызы бар? 4ұл1қыз
5)Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды? 4 алма
6) 2 сиырдың мүйізі нешеу? 4
7). 5 қойдың басы нешеу? 5
8) 3 адамның қолы нешеу? 6
9). 1 мысықтың аяғы нешеу? 4
12) « Геометриялық фигуралар»
Қабырғалары 5см және 4 см болатын тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар
Қабырғалары 7см және 6 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар
- Қорытындылау
- Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |