Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Зат есім.



Зат  есім.

Сабақ тақырыбы: Зат  есім

 Сабақ мақсаты: Зат есім туралы түсінігін кеңейту.

Сабақ міндеттері

  1. Білімділік. Сөздерді белгісіне  қарай топтау арқылы ойлау жұмысына

бейімдеу

2. Дамытушылық.  Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік. Шапшаңдық пен жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар, оқулық, дәптер, киіз үй, түрлі заттар, мултьфилм (  Алдар көсе), фломастерлер, плакат, қима суреттер т.б.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

Білер қазақ баласы,

Сәлем- сөздің анасы.

Алдымызда отырған,

Қонақтарға ізетпен,

Біздер сәлем береміз!

Оқушылардың оқу құралдары түгелденіп, бүгінгі сабақтың ерекше екендігі айтылады және қонақтар келіп отырғанын ескертемін. Сонымен қоса бүгінгі сабақта қандай баға алатындарын білу үшін арнайы дайындалған үшбұрыш, төртбұрыш және бесбұрыштар таратылатынын айтамын.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Түбір деген не?

2.Түбірге қосылатын бөлшек

қалай аталады?

3.Қосымшаларды ата

4. Жұрнақтың жалғаудан ерекшелігі неде?

5.Туынды сөз дегеніміз не?

Жаңа сабақ

Жеке жұмыс:

Әр оқушы зат есімдерді топтастырады.

Зат есімдер тақтада жазулы. Әр оқушының алдына ақ қағаздар беріледі, жауабын сол кеспеге жазады.

 

Оқулықпен жұмыс кезеңі. Барлық жаттығулар интерактивті тақтада жазулы.

1 – жаттығу.

Сурет бойынша торкөз санына сәйкес келетін сөздерді тап.

Ол сөздер қандай сұраққа жауап береді?

 

   

3

     
   

А

     
   

Т

   
           
   

Е

     
   

С

     
   

I

     
   

М

     

 

2 – жаттығу. Мәтінді оқы.

Мәтінде не туралы айтылған?

Мәтінге ат қой.

Мәтінді зат есімдерсіз оқыңдар.

Сергіту сәті

Келіңдер ертегі көрейік

Ертегінің ішінен зат есімдерді дәптерлеріңе теріп жазыңдар.

Алдар көсе ертегісі тақтада көрсетіледі.

3 – жаттығу. Сөздер тобына тағы 3 сөзден қосып жаз.

Адамдар: кім? нағашы, ақын, ...

Өсімдіктер: не? түймедағы, ...

Құстар: не? бүркіт, ...

Балықтар: не? жайын, ...

Аңдар: не? жолбарыс,...

Еңбек құралдары: не? егеу, ...

Көлік: не? трамвай, ...

4 – жаттығу. Өлеңді оқы. Зат есімдерді теріп жаз.

Оларды қандай белгісі бойынша екі топқа бөліп  жазуға болады?

Сабақты қорыту. 

Сұрақтар беріледі

Зат есім дегеніміз не?

Зат есімнің сұрақтары қандай?

Зат есімнің біз неше түрін білеміз?

Топпен жұмыс «Мен саған – сен маған»

Қима суреттерді оқушылар екі топқа бөліп плакатқа жабыстырады. Бірінші топ: зат есімнің жекеше түрін, екінші топ: зат есімнің көпше түрін суреттер арқылы бізге түсіндіреді.

Бағалау. Ар оқушының сабақ барысында жинаған бағасына қарап отыра бағаланады және мадақтап өтемін.

Үй тапсырмасы

5 – жаттығу. Мақалды көшіріп жазып, зат есімдердің астын сызыңдар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Зат есімнің жекеше, көпше түрі.
Дара және күрделі сын есім.
Зат есімнің жекеше және көпше түрі.
Сан есімнің түрленуі
Сын есімнің жасалуы
Зат есім
Топтау сан есім. Бөлшектік сан есім
Дара және күрделі сын есімдерге жаттығулар орындау
Зат есім
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6680 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык