Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Зат есімді қайталау.


Зат есімді қайталау.

Зат есімді қайталау.

Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталау.

Сабақтың мақсаты:  Зат есім туралы білімдерін тиянақтап, пысықтау. Оқушыларды сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту. Өзара  ынтымақтастыққа, бірлікке баулу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, бағалау.

Көрнекілік:  интерактивті тақта, слайдтар

Сабаққа сілтемелер: жұмбақ, мәтін «Таза ауа», сурет, өлең «Үш нәрсе»

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың зат есім жайлы білімдері тиянақталып, бекітіледі. Зат есімдерді ажыратып, талдай жасай алады. Жеке ойларын ортаға салады, топпен жұмыс жасай алады.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

 «Алақан» тренингі   (4 мин)

ІІ. Топқа бөліну. Түстер бойынша. Топ ережесін еске түсіру. (4 мин)

1. Бір-бірімізді тыңдаймыз.

2. Басқаның пікірін сыйлаймыз.

3. Айтылып жатқан тақырып көлемінде сөйлейміз.

4.Өзара көмек беру.

Қызығушылықты ояту.

Жұмбақтар шешу.

Қызыл түс. Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп болып оралады.

Сары түс. Үлкен алты табақтан

Әлемге нұр таратқан

  • Осы жұмбақ шешімдеріне сұрақ қойыңдар?
  • Қандай сұрақтар қойдық?
  • Бұл сөздер қандай сөз таптарына жатады?

Мағынаны тану. (5 мин)

1-тапсырма.

2-сынып. Зат есім дегеніміз не? Қай сұраққа жауап береді?

1-топ. Зат есімнің жекеше және көпше түрлерін талдау.

2-топ. Жалқы есім мен жалпы есімді талдайды.

Әр топ басшысы бағалайды.

2-тапсырма слайдта берілген. (5 мин)

2-сынып  Зат есімдерді теріп жаз.

1-топ. Балалар, отырғызды, көктем, көшеттер, құйды, су.

2-топ. Сабақ, мектеп, оқиды, оқушылар, жазады, салады, сурет.

Сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

3-тапсырма. Сурет бойынша жұмыс. (Слайд)   (7 мин)

Сурет бойынша әр топ бір-біріне сұрақтар қояды.

Суреттегі зат есімдерді атайды.

Топ басшылары бағалайды.

 Сергіту сәті. (2 мин)

Музыкамен жаттығу жасау.

4-тапсырма.

  1. топ. Мәтінді оқып, ойды аяқтау. Мәтіннен зат есімдерді табу. (10 мин)

Таза ауа

Денсаулық – зор байлық. Адамға таза ауа қажет. Таза ауаның денсаулыққа пайдасы көп. Біз ауамен дем аламыз. Өкпеге баратын ауада шаң, тозаң болмау керек. Үйдің ауасы таза болу үшін желдеткішті ашып қойыңдар.

Бағалау топ басшысы.

2-топ.  Өлеңді оқу

Үш нәрсе.

Әкесі ұлына:

  • Базарға бар, - депті.
  • Бір тиын пұлыңа

Үш нәрсе ал! -  депті.

Баласы базардан

Бір қауын әкепті...

  • Үш нәрсе ал қайда?

Беріпті ұл:

  • Бар мұнда!
  • Мұнда ма?
  • Қалайша?

     Әке таңғалыпты...

  • Ол қандай үш нәрсе?

Тапсырма:  Өлең ішінен зат есімдерді ата, сұрақ қой.

Туыстық атауы бар сөздерді теріп жаз, жалғастыр.

Сабақ қорыту. Тест тапсырма (3 мин)

2-сынып.

1. Зат есім нені білдіреді?

  1. Заттың санын
  2. Заттың қимылын
  3. Заттың атын

2. Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

  1. Жандос
  2. Қалам
  3. Оқыды

3. Ағаш деген сөзге қойылатын сұрақты тап.

  1. Не істеді?
  2. Не?
  3. Кім?

4. Кімдер? Нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді тап.

  1. Оқушылар, дәптерлер
  2. Қағаз, күшік, биші
  3. Орындық, дала

5. Жалқы есімдерді тап.

  1. Ауыл, қала, ел
  2. Айнұр, Алматы, Ақтөс
  3. Қобызшы, жел.

Рефлексия. Сабақ сендерге ұнады ма? (3 мин)

Өз көңіл – күйлеріңді қалай белгілер едіңдер?Оқушылар смайликтерді көрсетеді.

Стикерлерге Не ұнады? Не ұнамады? Нені өзгерткім келеді? жазады.

Бағалау критерийі. Топ басшылыры өз тобындағы оқушыны бағалап береді. (2 мин)

Үйге тапсырма:    «Менің добым» күлдіргі әңгіме жазып келу. (1 мин)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Балалар әдебиеті 8-сынып қазақ тілі
Зат есімнің жекеше, көпше түрі.
339-341 жаттығу
Сөз таптары
Сөз таптары
Зат есім
Жіктеу есімдіктері
Жіктеу есімдіктері
Зат есім. Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту
Зат есім
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 11272 | Қосты: Онайбекова Айман | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык