Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3857 |
|
|
|
Жіктеу есімдіктері
Тақырыбы: Жіктеу есімдіктері
Топтастыру, топбасшын таңдау, сурет қиындылары арқылы
3 топқа бөлу. 2мин
Үй тапсырмасын сұрау 3 мин
Қызығушылықты ояту 8 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Ой қозғау.
І топ. Қандай сөз таптарын білеміз?
ІІ топ. Есімдік деген не?
ІІІ топ. Жіктеу есімдіктеріне жататын сөздер.
1.Топ болып ойлайды. 1мин
2.Әр топ өз жауаптарын флипчартқа түсіреді. 7 мин
Мағынаны тану 24 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Оқулықпен жұмыс.
Топтық тапсырма.
1 – жаттығу ауызша орындалады.
Ітоп: мәтіннен кімнің сөйлеп тұрғанын білдіретін есімдіктерді атау.
ІІтоп: мәтіннен кімнің тыңдап тұрғанын білдіретін есімдіктерді атау.
ІІІтоп: біреу туралы айтылып тұрғанын білдіретін есімдіктерді атау.
2.Тақтамен, дәптермен жұмыс.
2 – жаттығу. Мәтіндегі сөйлемдердің орны ауысып кеткен. Сөйлемдерді орнына қойып жазып, есімдіктердің астын сызу.
Әр топ екі сөйлемнен тақтаға шығып жазады. Сөйлемдегі жіктеу есімдіктері сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтайды.
3. «Парашюттен түсіру» ойыны.
Тақтада орындалады.
Бұл ойынға үш топтың оқушылары түгелдей қатысады.
Парашют бауларында орындары ауысып, ретсіз тұрған сөз карточкалары ілінген.
Осы сөз карточкаларын таблицаның төменгі жағындағы жақтар көрсетілген тұсқа ретіне қарай орналастыру керек.
4. Сергіту сәті.
5. Топтық тапсырма.
3-жаттығу.
Ітоп. Жіктеу есімдіктерінің жекеше түрін тауып,
2 сөйлем құрау.
ІІтоп. Жіктеу есімдіктерінің көпше түрін тауып,
2 сөйлем құрау.
ІІІтоп. Жіктеу есімдіктерінен басқа есімдіктердің түрлерін тауып, 2 сөйлем құрау.
Әр топ мүшелері осы тапсырманы орындап жатқанда, топ басшыларына жеке тапсырма беріледі.
Ітоптың топ басшысы «сен» жіктеу есімдігін септейді.
ІІтоптың топ басшысы «бес» сан есімін септейді. ІІІтоптың басшысы «домбыра» сөзін септейді.
4. 2 мин
5. Әр топ оқушылары берілген тапсырманы орындайды. 6 мин
6. Топ басшылары берілген тапсырманы орындайды.
7.Әр топ сурет бойынша сөйлем құрайды. 2 мин
Ой қорыту 4 мин
Жеке және жұппен жұмыс.
Тест тапсырмасы.
1.Есімдік қандай сөз табы?
а) Заттың сынын білдіреді?
ә) Есім сөздер орнына қолданылады.
б) Заттың атын білдіреді.
2. Сан есімдерді белгіле.
а) он бір, табиғат, сары
ә) адам, оқушы, жеті
б) алты, он бір, екі мың екі
3. Дара сын есімдерді көрсет.
а) қызыл ала, қара шұбар
ә) ақ, қара, ащы
б) қара көк, сұлу, сары
4. Жалқы зат есімдерді анықта.
а) Астана, Мұхтар, Ұлан
ә) қала, оқушы, сана
б) Көксу, ой, газет
5. Зат есім қандай сөз табы?
А) Заттың қимылын білдіреді.
Ә) Заттың атын білдіреді.
Б) Заттың санын білдіреді.
1.Сынау сұрақтарын әр топта оқушылар алдымен жеке орындайды. Одан кейін жұптасып бірін-бірі тексереді. 4 мин
Бағалау 3 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды.
Берілген бағалау парақшасы бойынша топ басшысы өз тобының мүшелерін бағалайды.
Үйге тапсырма 1 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Тапсырмаларды беру (итербелсенді тақтадан көрсету)
Жіктеу есімдіктерін қатыстырып, «Біздің сынып» атты әңгіме жазып келу.
Күнделікке жазады.
Сабақтың соңы 45 минут
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |