Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Заттар.



Заттар.

Сабақтың тақырыбы          

 Заттар

Сабақтың  жалпы мақсаты

Балалардың зат туралы түсінігін  қалыптастыру арқылы зерттеу, сараптау, қорытынды жасай білуге, үйрету, ойлау жүйесін, логикасын дамыту

Әдіс-тәсілдер

АКТ-ны пайдалану, топтық жұмыс, қызығушылығын ояту, миға шабуыл, кестемен жұмыс, мағынаны тану, ой толғау, белгі бойынша іздеу, сынақтан өткізу

Күтілетін нәтижесі

Балалар зат туралы түсінігін қалыптастырады. Өз бетінше қорытынды жасай алады.

 

 

 

Уа-қыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер,  көрнекілік-тер

 

1

2 мин

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Жылы жүрек-сәттілік, ізгілік тілегі»

Оқушылар шеңбер жасап бір-біріне гүл сыйлау арқылы жылы лебіздерін білдіреді

Гүлдер

 

2

2 мин

Топқа бөлу

Оқушыларды  құстың макеттері арқылы  4 топқа бөлу

Макетте оқушылардың есімдері жазылған. Оқушылар макетте жазылған есімдерінің бояуларына сәйкес топқа бөлінеді.

Көгершіндердің макеттері

3

1 мин

Бүгінгі  сабақтың критерийлерімен таныстыру

Қызығушылығын ояту

Миға шабуыл

Мағынаны тану

Ой толғау

Белгі бойынша іздеу

Сынақтан  өткізу

 1 ұпай

4 ұпай

1 ұпай

3 ұпай

5 ұпай

2 ұпай

Бағалау шкаласы

«5»-15 ұпай

«4»-10 ұпай

«3»- 5 ұпай

 

 

 

 

 

4

2 мин

І.Қызығушылықты ояту.

Венн диаграммасы

-Табиғи   заттардың жасанды заттардан қандай айырмашылығы бар?

Венн диаграммасы арқылы оқушылар табиғи заттар мен жасанды заттардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын жазады

Слайд

плакаттар

5

5 мин

ІІ. Миға шабуыл

  1. Денелер қандай заттан тұрады?
  2. Зат деп нені атайды?
  3. Бір заттан тұратын денені ата
  4. Зат пен денені ажырата аласың ба?

Оқушылар  сұрақтарға жауап береді.

слайд

 

6

3 мин

ІІІ. Мағынаны тану

Кестемен жұмыс

Денелер                     Заттар

Доңғалақ                  резеңке

Кірпіш                      балшық

Көйлек                     мақта

Кітап                         қағаз

Оқушылар денелер мен заттарды сәйкестендіреді

сызба

7

5 мин

IV. Ойтолғау

  1. Балалар табиғатта су қандай күйде кездеседі?
  2. Сенің партаңда жатқан денелер қандай заттардан құралған?
  3. Сыныпта бар денелер қандай заттардан құралған деп ойлайсың?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сыныптағы денелердің қандай заттардан құралғаны жайлы айтады.

слайд

8

10 мин

VІ«Белгі бойынша іздеу» жаттығуы

Мысалы, көбелек, мақта, дөңгелек, инелік, шар т.б.

Жеке жұмыс

Әр оқушы қандай да бір заттың неге ұқсайтыны туралы өз ойларын қимылдар арқылы көрсетеді

 

9

10 мин

VІ. «Сынақтан өткізу» әдісі

  1. Геологтар әрқайсысының массалары сәйкесінше 2кг, 4кг, 6кг, 8кг болатын алты тас тауып әкелді.Тастарды қапшыққа олардың әрқайсысын тастардың массасы бірдей болатындай етіп қалай бөліп алуға болады?
  2. Қорада бірнеше тауықтар мен қояндар жүр.Олардың аяқтарының саны-30. Қорада неше тауық, неше қоян бар?

Топтық жұмыс

Оқушылар топ болып логикалық тапсырмаларды орындайды. Есептердің шешуін тауып, дәлелдейді.

Слайд

А4 парақшалары

10

2 мин

VІІ. Рефлексия.

Өткен сабаққа кері байланыс жасау

  1. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
  2. Бұл сабақта сен үшін не қиын болды?
  3. Бұл сен үшін неге қиын болды?
  4. Бұл қиындықты ненің көмегімен еңсердің?

Оқушылар А4 парақшаларына сұрақтарға жауап жазады

А4 парақшалары

11

2 мин

VІІІ. Бағалау

Сабақтың критерийлері арқылы балаларды әр топтың лидерлері бағалайды, сосын қорытынды баға шығарады

Бағалау парақшалары

 

12

1 мин

ІХ. Үйге тапсырма.

«Не үйрендім? Нені үйренгім келеді?»

Өз үйіңде бар бірнеше денені жазып, оның қандай заттардан жасалғанын жаз.

«Құбылыстар» тақырыбы б\ша іздену

Балалар стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерін жазады. Оқушылар тақтадағы гүлдердің суреттері салынған плакатқа  көбелек пішіндес стикерді жапсырады.

стикер

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сабақтың тақырыбы: « Үйсіндер мемлекеті »
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидтер, олардың элементарлық құрылысы, жасушадағы рөлі.
Жасушаның ашылу және зерттеу тарихы.
Жасушалық теория — ХІХ ғасырдың ең үлкен жаңалығы. Жасушалық теорияның негізгі қағидалары.
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидтер, олардың элементарлық құрылысы, жасушадағы рөлі.
Сөзжасам
Заттың атын білдіретін сөздер. Жазғытұрым
орта мерзімді сабақ жоспары 7 сынып
Қималарды орындап, тетікбөлшектің өлшемдерін түсіру. № 10 графикалық жұмыс.
Қималарды орындап, тетікбөлшектің өлшемдерін түсіру. № 10 графикалық жұмыс..
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1876 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык