Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Математика |
Көрсетілім: 2714 |
|
|
|
Квадрат теңдеуді шешу
Cабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеуді шешу
Cабақтың білімділік мақсаты:Оқушылардың квадрат теңдеулерді және оған келтіретін теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,математикалық және логиқалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа,дәлдікке ,өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Cабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,даналық сөздер,формулалар жазылған қағаздар.
Cабақтың әдісі:ауызша,практикалық,өз бетімен жұмыс.
Cабақтың типі:Білім-білік дағдыны қалыптастыру.
Cабақтың түрі:Дәстүрлі емес сабақ.
Cабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын,қатысуын тексеру.Сынып оқушыларын топқа бөлу,жетекшілерін сайлау.
Топ жетекшілерілеріне бағалау парағы беріледі.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Әр топ жетекшісі өз тобындағы оқушылардың үй тапсырмасын тексереді.
3.Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Cайыстың I-бөлімі"Танымдық"сайыс.
Бүгінгі күн сайыста,
Сен ешкімнен қалыспа,
Біліміңді көрсетер,
Сұрақтарға жауап бер-дегендей,сыртында алатын ұпайы жазылған нөмерлермен сұрақтарға жауап береді.
1.Квадрат теңдеудің анықтамасын айтып бер. (3 ұпай)
2.Толымсыз квадрат теңдеу деген не? (3 ұпай)
3.Қандай теңдеуді келтірілген квадрат теңдеу деп атайды?
(3 ұпай)
4.Квадрат теңдеудің қанша түбірі болуы мүмкін? (4 ұпай)
5.Виет теоремасын айт. (4 ұпай)
6.Виет теоремасына кері теореманы айт. (4 ұпай)
7.Толымсыз квадрат теңдеудің әр түрінің неше түбірі бар?
(5 ұпай)
8.Бөлшек рационал теңдеуді қалай шешетінін айтып бер.
(5 ұпай)
Ұпай саны анықталып,плакатка әр топтың ұпай саны жазылады.
II бөлім.Зерде сайысы.
Лайықтап жазылған ұпайларды,
Квадрат теңдеу бар онда тағы,
Түбірлерін табарсың қателеспей,
Жетерлік и болса егер білім жағы.
Мұнда мақал—мәтелдер,даналық сөздер айтылады.Оның ішіндегі екі сан квадрат теңдеудің түбірлері болады,яғни Виет теоремасына кері теоремасы бойынша квадрат теңдеу құру керек.
Мақалдардың жалғасын тап.
1.Жеті рет өлшеп,(бір рет кес)
Шешуі.
2.Бір тал кессең,(он тал ек).
Шешуі.
3Жігіт бір сырлы,(сегіз қырлы).
Шешуі.
4.Ұлға 30 үйден,(қызға 40 үйден )тыю.
Шешуі.
III . Математикалық лото.
Квадрат теңдеулер Дұрыс шешімі Түбірлер
IV.Шығармашылық деңгей.
Күрделі Орташа. Жеңіл
Үйге тапсырма беру:№138,139
Қортындылау: оқушыларды бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |