Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жұрнақ.



 

 Жұрнақ.

Сабақтың  тақырыбы. Жұрнақ.
Сабақтың  мақсаты.
Бiлiмдiлiк: жұрнақ туралы білім – білік дағдыларын бекіту, сөз құрамына талдау дағдыларын қалыптастыру, оқу, сөйлеу дағдыларын қалыпастыру.
Дамытушылық: сөздік қорларын, тілдерін, ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелiк: оқуға, еңбекке, ұқыптылыққа, әдептілікке, әсемдікке баулу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, суреттер, тест жазылған карточкалар,компьютер, мультфильм  «Би мұғалімі».
Сабақтыңтипі: білім-біліктіқалыптастыру.
Әдіс – тәсілдер:    сұрақ-жауап, түсіндіру,талдау-жинақтау, ойын, өзіндік жұмыс, ребус шешу, топпен жұмыс, тест, дөңгелек үстел,Венн диаграммасы.
Түрі:   ойын сабақ

 Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту.

 «Сөз құра» ребусын шешу.

        

А

Р

Ж

Қ

Ұ

Н

5

3

1

6

2

4

 

Сандарды ретімен айтып шыққанда сабақтың тақырыбы «Жұрнақ» сөзі шығады.

 Ойын «Гүл таңда»

Интерактивті тақтада гүлдердің суреттері көрсетіледі. Оқушы гүл таңдағанда сұрақ беріледі.

Сұрақтар:

1.Түбір дегеніміз не?

2.Жұрнақ дегеніміз не?

3.Туынды сөз дегеніміз не?

4.Қосымша дегеніміз не?

Дұрыс жауап арқылы баланың жауабы тақтадан тексеріледі. Жауаптары дұрыс болса, гүл алады.

Жұмбақ шешу.

Ақ шатырлы бір қала

Суда жүзіп жүр дара.

Шешуі: кеме. (Кеменің суреті көрсетіледі)

Талдау. Туынды сөзді тауып, сөз құрамына талдау.

Шатырлы.  Түбірі – шатыр; -лы – жұрнақ, өйткені бұл қосымша сөздің мағынасын өзгертіп жіберді.

«Кемелер» ойыны.

 Интерактивті тақтада кемелердің суреттері шығады. Әр кемені таңдағанда сөздер пайда болады.

Сөздер: тазалық, бірлік, достық, еркіндік, бестік, қалалық. Осы сөздерді  тақтаға шығып, сөз құрамына талдау тапсырылады.

Мысалы, тазалық: түбірі- таза. Сұрақ қоямыз. Қандай? Заттың сынын білдіреді. Тазалық. Сұрақ қоямыз. Не? Мағынасы өзгерді. Сондықтан «– лық»–жұрнақ болады. Әрі қарай осылайша барлық сөздерге талдау жасалады. Тақтада сызбамен көрсетеді. Дұрыс жауап берген бала кеменің суреті бейнеленген карточка алады.

Өзіндік жұмыс.

Оқулық бойынша 2-жаттығуда берілген тапсырма ауызша түсіндіріледі. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды жалғап, сөйлемдерді көшіріп жазу керек.

            Алматыда бокстан болған жарысқа еліміздің барлық қалаларынан оқушылар келді. Айбек жарысқа келгендерді таныстырып үлгерді: мен – астаналық, Ерлан – алматы..., үсен – ақтау..., Айбар – атырау..., Сержан – шымкент..., Ернұр – тараз..., Арман – өскемен..., - деп айта бастады.

Сергіту сәті.  «Би мұғалімі» мультфильмін көру.

Оқушыларға арналған мультфильм қосылады, би қимылдарын қайталап, жаттығу жасалады. Музыка ойналып тұрады.

«Бұлттар» ойыны.

 Интерактивті тақтада бұлттардың суреттері көрінеді. Әр бұлттың артында сөздер берілген. Осы сөздердің ішінен туынды сөздерді дәптерлеріне теріп жазып, сол сөздермен сөйлем құрау керек.

Таулар, теңізші, жұлдыз, домбырашы, балалық, сауысқан, ақылды.

Дұрыс жауап берген оқушыларға бұлттардың суреті бейнеленген карточка беріледі.

Тест

1.Түбір сөзді тап

А)ақын

Ә)жазушы

Б)етікші

2.Туынды сөзді тап.

А)алма

Ә)арыстан

Б)күйші

3.Қосымшалы сөзді тап.

А)балалар

Ә)үй

Б)күн

Интерактивті тақта бойынша оқушылар өз білімдерін тексереді. Келесі бетте дұрыс жауаптары беріледі.

Қорыту

Венн диаграммасы.

түбір сөз                                                   туынды сөз

 

Сөздің одан әрі бөлінбейтін          Түбір сөзге жұрнақ жалғану

 мағыналы бөлігі.                              арқылы жасалады.

Бағалау. Оқушылар алған карточкалары бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма беру. Ережелерді қайталау. 4-6 жаттығуларды дәптерге орындап келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жұрнақ.
Жаттығу жұмысы
Түбір мен қосымша
Сөз құрамын қайталау. Түбір мен қосымшаның жазылуы
Қосымша түрлері. Жұрнақ
Сөзжасам
Түбір сөз және туынды сөз
Сөз құрамы туралы берілген білімді еске түсіру
Түбірлес сөздер
Қазақ тілінен тест
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4178 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык