Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жобаны талдау


Жобаны талдау

Сабақтың тақырыбы: Жобаны талдау

оқытушымен берілген дәріс конспектісін меңгеру;
негізгі әдебиетпен семинар сабағына дайындалу;
нақты тақырып бойынша баяндама жасау;
эссе, баяндама, рефератқа өзара сын-пікір жасау;
есептер шығару;
статистикалық мәліметтерді талдау;
курс терминдері бойынша глоссарий және сөзжұмбақ жасау;
топтық жобаларға қатысу;
таңдалынған тақырыпқа презентация жасау;
тақырып бойынша кіріспе дайындау және т.б
Өткен материалдарды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың ең маңыздысы. 
Өткен материалдар терең талданса, басқа өзіндік жұмыстар жеңіл орындалады. Үнемі және жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отыру, алдағы уақытта берілетін материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Өткен материалдарды пысықтау үшін қажетті жайлар:
дәріс конспектісінің болуы;
курс бағдарламасының болуы;
ұсынылған әдебиеттердің қолда болуы (оқулық, есептер жинағы).
Жұмыс әдістері:
дәріс материалын жете түсіну;

конспект жасауда әдебиеттерге сілтеу жасау және қажетті толықтырулар, қажет болса түзетулер енгізіп отыру;
әр тақырыппен жұмыс материалды жете түсініп, еске сақталғанша жалғасу керек;
тақырыппен жұмыс, әдебиеттер мен оқулықтарда берілетін мысалдар мен есептерді шешу әдістерін меңгерген жағдайда ғана аяқталуы қажет;
түсінбеген сұрақтар болса, келесі дәрісте оқытушымен бірге талқылау қажет.
Есептерді шығару. Есептерді шығару әдісі: 
есептерді шешу үшін берілген тақырып бойынша дәрістік материалды толық білу керек;
есеп шартын мұқият оқып шығу;
шешу жоспарын ойластыру;
есепті шығаруға қажетті формулаларды анықтау;
формула құрамындағы шамалар мәніне назар аудару;
алдымен жалпы түрде шешу, сонан кейін сандық мәндерін формуламен есептеу;
аралық және соңғы шешім нәтижелердің өлшем бірліктерін көрсету;
шешімнің дұрыстығына талдау жасау.
Коллоквиумға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курстың теориялық бөлімі қандай деңгейде меңгерілгенін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі. Сондықтан коллоквиумда қойылатын сұрақтар жауабын қайталап, пысықтау керек. 
Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:
студенттің ағымдағы үлгерімін тексеру;
топ студенттерінің дайындығын анықтау

үлгерімі нашар студенттермен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;
Студент бақылау жұмысына дайындалуда:
бақылау жұмысының тақырыбын білуі;
берілген тақырып бойынша теориялық материалды, есепті шығару формулалары мен әдістерін қайталауы;
әдебиеттерді, практикалық сабақта шығарылған есептер мен мысалдарды қайталап, еске түсіруі қажет.
Егер студент үнемі жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отырса, бақылау жұмысына дайындық ешқандай қиындық туғызбайды.
 Жобаларды орындау. Жобаларды орындауда кафедрамен берілетін әдістемелік нұсқауларға сүйену қажет:
белгіленген уақыттан кеш қалмай орындау;
тапсырманы орындауда қиындықтар болса, тапсырмаға сай тақырыпты қайта оқып шығу.
қиындықтар болса, оқытушыдан кеңес алу;
алынған шешімдерді талдау;
тапсырманы қорғауға дайындықта, сол тақырыпқа сай теория негізін тексеріп және кейбір мәліметтер өзгере қалғанда, оның шешімін ойластырып қою.
тапсырманы орындауда қолданылатын әдісті жете түсіну;
тапсырма уақытында қорғалу қажет, кері жағдайда академиялық қарыз болып есептеледі.
  өзіндік жұмысына берілетін уақыт шектеулі, сондықтан алдын -ала орындау жоспарын жасап, өзіндік жұмыс әдістерін үйреніп, тәжірбиелерді меңгеру қажет және жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін демалыс уақытын дұрыс өткізген жөн. Сондықтан студенттің өзіндік жұмыс әдістерін үйренуіне кафедра мен әр оқытушының жауапкершілігі жоғары


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қайталау - білім анасы
Математикалық логика негіздері
Физика және эксперимент
Жобаны таңдау, негіздеу
Ағаштан бұйымдар жасаудың шығармашылық жобасы
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Тереңдетіп оқыту- білім сапасын арттырудың бастауы
Квадрат теңдеулерді шешудің әр түрлі тәсілдері
ЭЕМ да есеп шығару кезеңдері: есептің берілуі, алгоритмі, тәсілі.
Химия пәнінен ҰБТ-ге дайындау
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2134 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык