Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Балықтар класына жалпы сипаттама


Балықтар класына жалпы сипаттама

Сабақтың тақырыбы: Балықтар класына жалпы сипаттама

Сабақтың мақсаты:

   1. Омыртқалылар типіне және балықтар класынажалпы сипаттама бере отырып, ерекшеліктеріне  тоқталу.
   2. Жануарлар дүниесін қорғау, экологиялық тәрбие  беру.
   3. Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Таблица, Карта, тақырыптық тірек сызба, тест, 
                          оқулық, жұмыс дәптері.

   Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақ барысы:

   Үй тапсырмасын сұрау:

   1. Қандауыршаны желілер типіне жатқызу себебі неде?
   2. Ас қорыту ерекшелігі.
   3. Қандауыршаның қозғалыс мүшелері қандай?
   4. Қабықтыларға тән ерекшеліктер?
   5. Халық шаруашылығындағы маңызы.

   Жаңа сабақты түсіндіру:

Балықтар класы суда тіршілік ететін омыртқалылар. Бас сүйектілер тип тармағына жатады. Бас сүйектілердің негізгі ерекшеліктерінің бірі-миы бассүйектерінің ішінде орналасқан. Денесі үш бөліктен: бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Екі жұп көкірек, екі жұп құрсақ қанаттарымен бірге құйрық қанаттары бар. Денесі бұрылғанда, тоқтағанда, баяу ғана ілгері жылжығанда және дене тепе-теңдігін сақтауда қанаттарының маңызы зор. Денесінің сырты қабыршақпен қапталған. Қабыршақ сыртын шырышты қабыршақ қабық қоршаған. Ол қорғаныш қызметін атқара отырып судың үйкелісін азайтып, бактериядан қорғайды.
Балық қаңқасы тірек қызметін атқарады. Балық торсылдағы балықтың суда жоғары және төмен көтерілуіне мүмкіндік жасайды.
Тыныс алуы: Балықтар суда еріген оттегі мен желбезек арқылы тыныс алады.
Қантамырлар жүйесі тұйық. Ол жүректен және қантамырларынан құралған. Бір құлақша мен қарыншадан тұрады. Қан бұлшықеттердің жиырылуы арқылы денеге тарайды.
Зәр шығару жүйесі: Екі бүйрек пен несеп жолы арқылы аналь тесігіне ашылатын қуыққа өтеді.
Сезім мүшелері: Сипап сезу және бүйір сызықтары су ағынының бағыты мен күшін анықтайды.
Көбеюі: дара жынысты , уылдырық шашу арқылы  көбейеді.
Түрлері: Балықтар қаңқасының құрылысына қарай шеміршекті және сүйекті балықтар деп бөлінеді.
   Шеміршекті балықтар: Қаңқасы шеміршектен құралады. Оларда желбезек қақпасы болмайды. Шапшаң қозғалады, көбі жыртқыштар.

Кәсіптік маңызы: Халық шаруашылығында кәсіптік маңызы зор. Тамақ өнеркәсібінде азық-түлік, тағам түрі ретінде және медицинада кең қолданылуында. Балықтарды қолдан өсіру кең дамуда. Балықтың сирек кездесетін түрлері заңмен қорғалған.

   Балық түрлері таблицасы бойынша балықтардың түрлерімен таныстыру. Карта бойынша балықтар мекен ететін ірі мұхиттар мен өзен, теңіздерді көрсету.

   Бекіту: 1. Балықтың құрылысы қандай бөліктен тұрады?
                 2. Қандай түрлері бар?
                 3. балықтардың адам өміріндегі маңызы туралы эссе жазу.
  4. тест сұрақтары.
   Оқулықты пайдала отырып, биологияға арналған жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
   Бағалау.Қорытынды.
   Үйге тапсырма беру: 57 тақырыпты оқу.
   «Жергілікті жердегі балық түрлері» тақырыбында  реферат жасау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Балықтарға жалпы сипаттама.
Балықтар
Сүйекті балықтар класы
Балықтардың көбеюі және дамуы
Балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті
Сүйекті балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті
Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары
Балықтар әлемі
Алтын балық сәндік өнер
Балықтар
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 10483 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык