Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дәрумендер (Витаминдер)


Дәрумендер (Витаминдер)

Дәрумендер (Витаминдер)

Жалпы мақсаты:

 

Зат алмасудағы дәрумендердің биологиялық рөлі және олардың денсаулық үшін маңызы туралы түсінік қалыптастыру; Биологиялық терминдердің ағылшынша айтылуына назар аудару.

Оқушылар үшін оқыту нәтижелері:

 

Үйренеді:

·     бірлескен жұмысқа;

·     топ арасындағы ынтымақтастыққа;

·     ұжымдық жауапкершілікке.

Сабақта қаралған негізгі идеялар:

Ұйымдастыру: 

Сабақтың шарты: сынып топқа бөлінеді. Оларға бағалау парағы мен тапсырмалар беріледі. Олар өздерінің  орындаған тапсырмаларын бағалап отырады. Әр тапсырма ұпаймен есептелінеді, белсенді қатысқан, жауаптары дұрыс болған жағдайда оқушы өте жақсы, жақсы деген бағалармен бағаланады.

Сабақ кезеңі:

 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Топ құрамын ауыстыру үшін сыныпты түрлі түсті дәрумендерді таңдау арқылы топқа бөлу: сыныптағы оқушылар саны - 20, сондықтан 5 оқушыдан төрт топқа бөлемін.

2. Сергіту сәті (бір-біріне тілек білдіру).

3. Өзін – өзі критерийлер бойынша бағалайтындары

жайлы айту.

II. Өткен материалды пысықтау:

1.Тапсырма: «Ойлап тап» берілген әріптерден зат және энергия алмасуға қатысты сөздерді құрап шығу (қазақша, ағылшынша).

2. Алма тұсындағы сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру (ағылшынша – қазақша).

Жаңа тақырыпқа көшу:

1. Шытырман тапсырмасы топтық.

2. Жаңа терминдермен жұмыс (ағылшынша).

3. Интербелсенді тақта арқылы дәрумендер жайында бейнетаспа  көру ағылшын   тілінде, сұрақтарға жауап береді.

III. Жаңа сабақты меңгерту:

Топпен жұмыс:

1.Тарихшылар (дәрумендердің шығу тарихы, түрлері).

2. Дәрігер (авитаминоз белгілері, алдын-алу жолдары).

3. Химик (дәрумендердің топтары, химиялық құрамы).

4. Диетолог, косметолог (дәрумендердің сақталуы, ағзаға әсері).

ІV. Бекіту.

Кесте толтыру (дәрумендер мен тағамдардың сәйкестігін анықтау).

V. Өткен сабақ бойынша барлық оқушылар рефлексия қағазын толтырады:

Не білемін? Не білдім?

Не білгім келеді?

VI.Бағалау

1. Сабақты қорытындылау, өзін-өзі бағалау.

2. Әр топ бағалау қағазы бойынша қорытынды шығарады.

Сабақ бойынша  мұғалім жазбалары:Оқушылар топқа бөлініп отырғызылады. Мұғалім топқа тапсырма береді, орындалуын қадағалайды, тыңдайды. Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды, бірлесе отырып тапсырмаларды орындайды. Әр топқа жеке тапсырма беріліп, оқушылар жеке, топта жұмыс жасайды. Өзін-өзі бағалайды. Сабақ соңында стикерлерге ойларын қорытындылап жазады.

Ақпарат көздері, құралдар мен жабдықтар:

Интербелсенді тақта, тіс, көз, жүрек, қол бұлшықеті модельдері, оқулық, А-3 қағаз, маркер, дәрумен түрлері, ноутбук.

Үй тапсырмасы:

Дәрумендердің жеткіліксіздігінен туындайтын аурулар жайында қосымша мәлімет.

Үйде оқу:

§ 51

     

 

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Мен соғысты жек көрем"
Ай – Жердің серігі
Ұлпалардың негізгі топтары. Мүшелер. Мүшелер жүйесі
Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары
Тәуелсіздік жолындағы қадам
Мұғалім ол біздің. Сөйлем түрлерін қайталау
Витаминдер
Электрондық кесте ұғымы. MS Excel редакторы
Лалагүл тұқымдасы
Рационал сандарды бөлу
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 3649 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык