Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Орман өсімдіктері


Орман өсімдіктері

Орман өсімдіктері

Пәні: Жаратылыстану

Сыныбы: 6 (ТДО)

Білім алу бағдарламасы: Көмекші мектеп бағдарламасы

Сабақтың тақырыбы: Орман өсімдіктері

Білімділік мақсаты: Ормандағы өсімдік түрлерімен таныстыру. Орманның пайдасын баяндау, орман шаруашылығын түсіндіру.

Тәрбиелік мақсаты: Орман шаруашылығы туралы баяндай отырып, орманды апатты жағдайлардан қорғауға шақыру.

Түзете-дамытушылық: Ерік - жігер эмоициясын, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: «Нарын құмындағы орман» видео ролигі

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар мен амандасу.

Түгендеу, кезекшімен сөйлесу

Үй тапсырмасын тексеру

Үйге қандай тапсырма берілді?

        Қазір біз ойын ойнаймыз, «Сенесіз бе, сенбейсіз бе»?

  1. Саңырауқұлақтың гүлі, жапырағы болады сенесіз бе, сенбейсіз бе? (жоқ, оның тамыры, сабағы, қалпақшасы болады)
  2. Саңырауқұлақтардың жеуге жарамдысы болады сенесіз бе, сенбейсіз бе? (ия Қозықұйрық, майқұлақ, түлкіжем;)
  3. Жалғантүлкіжем, діңқұлақ, шыбынжұт  жеуге болады сенесіз бе, сенбейсіз бе? (жоқ, олар улы саңырауқұлақтар)
  4. Саңырауқұлақтар дымқыл, қора-қопсы, ағаш діңдерінде және орманда өседі сенесіз бе, сенбейсіз бе?(ия олар дымқыл, қора-қопсы, ағаш діңдерінде және орманда өседі)

 

Жаңа сабаққа кіріспе

Есімізге түсірейікші саңырауқұлақ теріп жүріп, орманда адасып кеткен қыз туралы білеміз бе? (оқушылар естеріне түскен ертегінің маңызды бөлігіне тоқталып кету)

Орманда саңырауқұлақтан  басқа  тағы не өседі?

Ендеше аздаған бейнебаянға  назар аударайық. (Нарын құмы орманы)

Жаңа сабақты түсіндіру.

Ендеше оқушылар, орманда тек саңырауқұлақтар ғана емес әртүрлі өсімдіктер өседі екен. Оларға: Қарағай, шырша, итмұрын, жидектер секілді әртүрлі өсімдіктер өседі. Ормандағы өсімдіктердің көбі адам өміріне үлкен пайда әкеледі. Мысалы: өзіміздің қарағай орманы ауылымызды құм көшкінен қорғайды. Ал қарағайдың діңін мұқият қарасақ қарағайдың діңінде шырышты сағызы болады. Оны адамдар әртүрлі жараларға ерітіп жақса, бүкіл жара атаулы жоқ болады. Сонымен бірге орманда үйеңкі, емен, қайың  сияқты ағашты өсімдіктерде өседі.

Сондай-ақ орманда тағы итмұрын деген өсімдік болады. Оны адамдар тұмауға қарсы, асқазан ауруларына,тістің қызылиегін  қатайтуға пайдаланса, жидектерді азық ретінде теріп алады. Өзіміздің жеп жүрген қарақат тосабы, бүлдірген тосаптарыда осы орманның бізге берген сыйы екен. Ал балалар, өзімізің күнде қолданып жүрген сабындарымызды да осы орман өсімдіктерінен алады екен. Бәріміз білетін «қалақай» сұйықсабыны  осы орманда өсетін қалақай шөбінен алынады. (Крапива)

Бүгінгі таңда, ормандағы ағаштарды адамдар отап, отынға алып, құртып жатыр. Бұл дұрыс емес, ормандағы ағаштарды үнемі отынға алсақ, біздің табиғатымызға үлкен зиян келтіретіні анық. Сондықтан, ормандағы қартайып, құлап жатқан ған ағаштарды алып,орманды тазартуымыз керек. Ал жас ағаштардың өсіп жетілуіне зиян тигізбеуіміз керек.

Дәптермен жұмыс

Күннің жадын және жаңа тақырыпты жазу.

Орманда өсетін, өсімдіктердің атын жазу.

Орманда өсетін ағаштар: Қайың, қарағай, шырша, үйеңкі, емен т.б

Орманда өсетін шөптекті өсімдіктер: Итмұрын, қалақай, саңырауқұлақ,бүлдірген, қарақат.т.б

Сергіту сәті

«Қамажай»әуенімен интерактивті тақтадан қарап, қимылдық қозғалыстар жаса

Бекіту кезең

Ойын. Дұрысын тап.

1.Қай өсімдік орманда өседі?

А) қияр

Ә) Асқабақ

Б) қалақай

2. Қай орман өсімідігін отын ретінде пайдаланады?

А) Қарағай

Ә)құлпынай

Б)саңырауқұлақ

3.Мыналардың қайсысы жидекке жатады?

А) Саңырауқұлақ

Ә) бүлдірген

Б)Қайың

4.Мыналардың қайсысын  «жаңа жылға» аламыз?

А)Шырша

Б)Үйеңкі

Б)Емен

5. Мына өсімдіктердің қайсысынан дәрі жасалады?

А)Қарбыз

Ә)Итмұрын

Б)Қауы

Қорытындылау кезеңі

-          Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

-          Қандай жаңа өсімдіктердің атын білдік?

-          Қандай өсімдіктер орманда өседі екен?

-          Орман өсімдіктерінің адамға пайдасы барма?

Үйге тапсырма

І-деңгейге.Тақырыпты оқу, түсінгенін айту

Орманда ғана емес, басқа да алқаптарда өсетін дәрілік шөптердің атын жазып келу.

ІІ-деңгейге. Дәрілік шөптердің атын жазу.

ІІІ-деңгейге. Дәрілік шөптердің суретін салу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Саңырауқұлақтар дүниесі тарауы
Ө дыбысы мен әрпі
Бақша өсімдіктері Көкөністер
Саңырауқұлақтардың көптүрлілігі
Өсімдіктер әлемімен қоштасу сабағы
Техникалық, талшықты, дақылдар мен дәрілік өсімдіктер
Жасыл дәріхана
Пайыздар мен дәрілік өсімдіктер
Өсімдіктердің тіршілік ортасы
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 14394 | Қосты: Кулбаева Гульжан | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык