Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Плаунтектес өсімдіктер


Плаунтектес өсімдіктер

Сабақтың тақырыбы: Плаунтектес өсімдіктер

Мақсаты: Плаунтектес өсімдіктердің морфологиялық.анатомиялық ерекшеліктерімен таныстыра отырып,спорфит ұрпағының басым екендігін түсіндіру.Спорфит ұрпағының бұтақталған өркендерінің ұштарында спора түзетін масағының  құрылысымен таныстыру.

Міндеттері:1.Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер туралы білімдерін кеңейте отырып,  тамыры ,сабағы, жапырағы болатындығын,көбею кезінде тұқым түзбейтіндігі туралы білімдерін толықтырады.

2.Ойлау,талдау,салыстыру,қорытындылау ,кестелермен жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.

3.Плаундар көбінесе өрман көлеңкесінде өсетіндіктен,ормандардың сиреп бара жатқандығы плаундарға да қауіп төндіретіндігін біле отырып, табиғатты қорғауға тәрбиеленеді.   

Сабақ типі: Білім,білік дағдыларын қалыптастыру

Түрі: Ақпараттық технология

Әдісі: мұғалім – оқушы әдісі,дұрыс пікірді табу , тіректік білімді өзектеу,суреттеп   бейнелеу,сәйкестілікті табу әдістері.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақтадағы суреттер.кестелер,сөзжұмбақ,

Сабақ жоспары: 1.Ұйымдастыру (сергіту сәті)  3 мин

2.Пысықтау (флипчартта сөзжұмбақ шешу) 3 мин.

3.Жаңа тақырып ( өзара оқыту) 20 мин.

А.Мәтін бойынша оқып,мұғалім – оқушы әдісі бойынша оқып түсіндіреді

Б.Сұрақтарға жауап береді. (флипчарттағы суреттерді,кеппшешөптерді пайдаланады)

4.Бағалау ( дұрыс пікірді табу,тіректік білімді өзектеу,суреттеп   бейнелеу, сәйкестілікті табу әдістері арқылы үйге берілген тапсырмалармен жаңа тақырып сұралады.) флипчартта орындалады.10мин.

5.Бекіту (мүктермен плаундарды салыстыру кестесі)

6.Үйге тапсырма. 2 мин

7.Қорытынды. 3 мин.

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Пысықтау.

1.Екі қабықшадан тұратын жасуша(спора)

2.Мүктерді зерттейтін ғылым(бриология)

3.Шымтезек мүгінің латынша атауы(сфагнум)

4.Мүктердің спора дамитын орны(қауашақ)

5.Мүктің түрі (нұрлы мүк)

3.Жаңа тақырыпты екі нұсқаға бөліп оқытып, мұғалім –оқушы әдісі бойынша түсіндіреді.

1-нұсқаға, плаунтектестердің жалпы сипаттамасы,құрылысының ерекшеліктері,өсімді көбеюі.

2-нұсқаға,шоқпарбас плаунның жыныссыз,жынысты көбеюі.

2-нұсқадағыларға берілетін тапсырма.  1.Дұрыс пікірді табу:

Плаунтектестер ағаштекті өсімдіктер.Олардың 22 мыңнан 27 мыңға дейін түрі белгілі.Плаунтектестер тең және әр түрлі споралы өсімдіктер.Тең споралы плаун тектестердің өкілі шоқпарбас плаун.Ол құрғақ жерлерде жиі кездеседі.Өркендерінің ұшында 20-дан астам масақтары дамиды.Сабағының сырты тозданып кеткен.Қабықтың сыртқы қабатында тірек ұлпасы бар және сабақтың ортаңғы бөлігін шеңберлі шоқ алып жатыр.Шоқпарбас плаун өсімді,жыныссыз, жынысты жолдармен көбейеді.

2.Тіректік білімді өзектеу:Өсімді көбею төселіп өсетін өркендерінің үзінділері арқылы жүзеге асу.

Қосалқы тамырлар үзінділердің жас жасушаларыан шығатын тамырлар.

Масақ спора дамитын орын.

Спорофил түрі өзгерген жапырақ

1 –нұсқадағыларға берілетін тапсырма.1.Сәйкестілікті табу

1

Жыныссыз көбею

А

6 -15 жыл

2

Жынысты көбею

Ә 

жас плаун

3

Жерүсті

Б

споралардың өнуі

4

Жерасты

В

спора

5

Спора

Д

гифалар

6

Ұрықтанған жасуша

Ж

дәрі-дәрмек

Жауабы:1-В,2-Б,3-Д,4-А,5-Ж,6-Ә.

2.Суреттеп бейнелеу. Флипчартта шоқпарбас плаунның көбеюін белгілейді.

Бекіту: Жалпылама мүктермен плаундарды салыстыру кестесі беріледі

Мүктектестер

Ортақ белгілері

Плаунтектестер

 

 

 

Бағаланады.

Үйге тапсырма: №18 42-сурет,деңгейлік тапсырмалар.

Қорытынды. Электронды кітаптан плаунтектес өсімдіктердің суреттері және қосымша мағлұматтармен. (Шоқпарбас плаун қоңыржай белдеудің ормандарында көп кездеседі. Қалдықтары шіріп топыраққа айналады. Спораларын дәрі –дәрмек жасауға фармацевтикада, металл құю өндірісінде пайдаланатынын еске түсіре отырып қорытындылайды.)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Организмдердің жыныссыз көбею формалары:жасушалардың митоздық бөлінуі,споратүзу,бүршіктену,вегетативтік көбею.Жыныссыз көбеюдің эволюциялық
Көпжасушалы жасыл балдырлар
Балдырлар Көп жасушалы жасыл балдырлар
Жыныстық көбею
Өсімдіктердің жынысты көбеюі, Тозаңдану мен ұрықтану
Плаунтектес өсімдіктер
Теңіз балдырлары
Шымтезек мүгі
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
Қырықжапырақ тәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын қорытындылау
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 4756 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык