Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 8337 |
|
|
|
Жыныстық көбею
Сабақтың тақырыбы Жыныстық көбею
Мақсаты:
Білімділік. Жынысты және жыныссыз көбеюдің ерекшеліктерін түсіндіру. Клетканың мейоздық бөлінуі фазаларында болатын өзгерістерді талдап, әрбір фазаның ерекшеліктерін анықтай білуге үйрету.
Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін ойындар арқылы арттыру. Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, ізденімпаздығын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, бір – бірін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Бірлестікті оқыту технологиясы
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру 5мин.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 15 мин.
Ойын шарты: оқушылар топтармен отырады.Топтарға тапсырмалар беріледі.Мұғалім ортаға “Сенім”, “Делегат”, “Сайлау”, “Барлығы” деген бағдаршалар тастайды. Топ жетекшілері келіп алып орнына отырған соң, “Сенім” алған топқа сенім білдіреді, “Делегат” тобынан бір оқушыны өздері ұсынады. “Сайлау” алған топтан мұғалім бір оқушыны сайлайды, “Барлығы” дегенді алған топ оқушылардың барлығы жауап береді.
Жыныссыз көбею
• Нағыз жыныссыз көбею кезінде организм денесінің сыртынан кейде
жасушалардың тобы бөлініп шығады.Осы жасушалардың
тобынан дамудың барысында дербес өзіндей түр пайда болса,
оны жыныссыз көбею деп атайды.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жыныс жасушаларының дамуы. Ұрықтану
І топ. Мейоздың бірінші бөлінуі
ІІ топ. Мейоздың екінші бөлінуі
ІІІ топ. Жыныс клеткаларының түзілуі
ІV топ. Өсімдіктердегі жынысты көбею
Гүлді өсімдіктердің қосарланып ұрықтануы.
Меозүрдісі үздіксіз жүретін жүйелі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең мейоздың бірінші бөлінуі немесе редукциялы бөліну, екінші кезең эквационды бөліну деп аталады. Мейоздың бірінші бөлінуінде хромосомалардың саны екі есе азаяды (редукция екі есе азаю). Мейоздың екінші бөлінуі жыныс жасушаларының пайда болуымен аяқталады.
Суреттің негізінде мейоздың бірінші және екінші бөлінуіне сипаттама беріңдер.
Жынысты көбею
Тауық жұмыртқасының құрылысы:
1 — сарыуыз; 2 — сарыуыз қабықшасы; 3 — ұрық табақшасы; 4 — нәруыз; 5 — жұмыртқа жасушасын жұмыртқа орталығына орныктырып тұрған арқаншалар
Сүтқоректілер сперматозоидінің кұрылысы:
1— құйрықша; 2 — ядро; 3— басы; 4 — центриоль; 5 — мойны
Жыныс жасушаларының дамуы
Сперматозоидтар мен жұмыртқа жасушаларының даму сызбанұсқасы
Сперматозоидтар мен жұмыртқа жасушаларының даму сызбанұсқасы
Ұрықтану
• Ұрықтану дегеніміз гаплоидты хромосома жиынтықтары бар аналық және аталық жыныс жасушалары ядроларының қосылуы. Ұрықтанған жасушаны зигота дейді.
Жануарлардағы ұрықтану сатысы мен жұмыртқа жасушасының бөліне бастауы
Қосарланып ұрықтану
• Жабык тұкымды өсімдіктердің косарланып ұрыктануы: 1 — тұқым бүршігі бар жүгері собығы; 2 — ұрық қапшығының аналық жасушасы; 3, 4 — мейоз нөтижесінде төрт гаплоидті жасушаның тұзілуі; 5 — ұрық қапшығы; А — ұрықтанғаннан кейін ұрық түзетін жұмыртқа жасушасы; Ә — қосылатын екі жасуша; бұлардың ұрықтануынан триплоидті эндосперм түзіледі; 6 — тозаңның аналық жасушасы; 7, 8 — мейоз нәтижесінде төрт гаплоидті тозаңды түйіршіктердің түзілуі; 9 — тозаң түтігі: Б — екі спермий;
• В — вегетативтік ядро; 10 — ұрық; 11 — эндосперм.
ІV. Сабақты бекіту
Білім сынайық
Тапсырма 1
Тақырыпта алған білімдерін тиянақтап, митоз бен мейозды салыстырыңдар, кестені толтырыңдар
Тапсырма 2
Білім сынайық
Дөңгелекпен бейнеленген гаметалардың ішіне хромосомалардың санын жазыңдар. Әр үрдістің соңында түзілген гаметаларды атаңдар. Зигота қай дөңгелекте бейнеленген?
Тапсырма 3
Суретте өсімдіктердің қосарланып ұрықтануы берілген:
а) суретте қандай үрдістер бейнеленген?
ә) бұл үрдістердің биологиялық рөлін түсіндіріңдер.
Тапсырма 4
Суретте қандай түр бейнеленген және бұл бөлінудің қай түріне жатады?
«Бірлік» тренинг
Шарты: Оқушылар бірлесе отырып мейоздың бөлінуін көрсетеді.
V. Бағалау
І топ.
Аты-жөні Сабақ-қа қатысы Белсенділігі Тапсырманы орындауы Қоры-тынды бағасы
Асан
Жандарбек
Айдана
VІ. Үйтапсырмасы: § 14 39-44 беттер. Топтарға жеке-жеке тапсырмалар.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |