Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өркендер мен бүршіктер.


Өркендер мен бүршіктер.

 

Өркендер мен бүршіктер.

Сабақтың тақырыбы: Өркендер мен бүршіктер.

Сабақтың мақсаты: Өркендер мен бүршіктер, бүршіктердің түрлері мен атқаратын қызметтері туралы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

1.Білімдік: Өркендер мен бүршіктер, бүршіктердің түрлері мен атқаратын қызметтері туралы мағлұматты берілген табиғи материалдарды тиімді пайдалана отырып ,өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету.

      2. Дамыту: Табиғи материалдар мен суреттері бойынша өсімдік бөлімдерін

      ажырата  білу дағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік: Өркен мен бүршік туралы нақыл сөздерді пайдалана отырып,      ойын жүйелі жеткізуге,топпен жұмыс жасауға,өзгенің және өзінің білімін   бағалай білуге, әдептілікке баулу.

Сабақтың типі:Жаңа сабақ.Проблемалық,зерттеу.

Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер:Әңгімелесу,сұрақ-жауап,зерттеу, талдау, көрсету,жазғызу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Интерактивті , маркерлі, жай тақталар, видеопроектор, ұлғайтқыш әйнек, үлестірмелі табиғи заттар: өркен түрлері,түйнек, пиязшық, тамырсабақ, қосымша материалдар,оқулық.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру./3мин/:

-Сәлеметсіздер балалар.

-Бүгінгі сабақта кім жоқ.

-Сабаққа бәріміз дайынбыз ба?

-Жақсы,олай болса бүгінгі сабағымызды бастаймыз.Біз бүгін сабақта топпен,жұппен,ұжымдық жұмыс жасаймыз. Дырынды мектепте оқитындықтан біздің оқушыларымыз шетінен дарынды,зерек,алғыр,тапқырлар деп сынып оқушылары 3-топқа бөлінеміз :

1-топ:Білімділер тобы.

2-топ:Зеректер тобы.

3-топ:Тапқырлар тобы.

Бүгінгі сабақтың негізгі ережесімен сіздерді таныстыра кетейін:/1-слайд/

-Бір-бірімізді тыңдай білу.

-Тәртіп сақтай білу.

-Өз пікірін ашық айту.

-Есте сақтай білу.

Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:Өркендер мен бүршіктер.

/2-слайд/

Мақсатымыз: Өркендер мен бүршіктер, олардың түрлері мен атқаратын қызметтері туралы мағлұмат алу. (Дәптерлеріне тақырыпты жазғызу.3мин.)

 

Оқушылар бүгін біздің сабаққа басқа ғаламшар өкілдері келіп отыр,олардың бізге сұрақтары бар екен: /3-слайд/

1.Жер планетасына оттегін бөліп отырған ормандар қалай көбейіп жатыр?

2.Неге сіздердің мектеп өркен деп аталғандығын білгілері келеді екен.Сол үшін арнайы біздің интеллектуалда мектебімізге келіпті.

Қалай жауап бере аламыз ба?Ол үшін біз бүгінгі сабақты өзіміз жақсы меңгеріп алуымыз қажет.

Сабақты бастамас бұрын мына кестені толтырып жіберейік.

Сіздерге сұрақ:-Өркен мен бүршік туралы не білесіңдер?

-Олардың қандай маңызы бар?

-Олар туралы не білгілерің келеді?(әр оқушы өз кестесіне 2-3 жауап жазады)

 

Білемін

Білгім келеді

Білдім

Өркен менің досым

Өркен,бүршік деген не?

 

Өркен біздің мектеп

Олардың қандай түрлері бар?

 

Өркен бизнес центр

Қандай маңызы бар?

 

 

Сұрақтарға жауап беру үшін оқулықтың 36-бетін ашыңдар,Өркен мен бүршік мәтінін қазыр топқа бөліп оқып шығамыз,жұппен талқылаймыз./нұсқау бойынша мәтінмен жұмыс жасау.3-мин./

Жаңа сабақты меңгеру./15 мин/ Ой қозғау бөлімі. /4-слайд/

1-топ:Өркен,оның түрлері./қосымша материалдар беріледі./

2-топ:Бүршіктің түрлері.

3-топ:Бүршіктің құрылысы.

    Мәтін бойынша оқушылар сұрақтарға жауап бере ,алдыларындағы үлестірілген табиғи материалдырды пайдалана отырып жаңа сабақты өз беттерінше меңгереді.

Жаңа сабақты меңгеруге арналған бағыттаушы сұрақтар:

Жалпы сыныпқа сұрақ:

1.Өсімдіктердің қандай мүшелерін білесіңдер?

2.Өсімдіктердің мүшелерін қандай топтарға бөлеміз?

3.Генеративті мүшелерге қай мүшелері жатады?

4.Вегетативті мүшелеріне ше?

5.Мәтін не туралы екен?

1-топқа сұрақ: /5,6-слайд.Өркен,оның құрылысы/

1.Өркен дегеніміз не екен?/алдыңдағы табиғи материалдан алып көрсет,бәріміз өркенді табамыз/

2.Өркеннің қандай бөліктерден тұрады?/өркеннен тауып көрсету/

3.Өркеннің қандай түрлері бар?/сызғышпен өлшеп ұзарған өркен мен қысқарған өркенді салыстырып,көз жеткізу/

4.Және қандай түрін өзгерткен өркендер бар екен?/пиязшық,түйнек,тамырсабақты көрсетіп айтып кету/

5.Өркен өсімдітің қандай мүшесіне жатады ?/слайдтан көрсету/

 

2- топқа сұрақ:  

1.Бүршіктің қандай түрлері бар? /слайдтан көрсету/

2.Төбе бүршік деп қай бүршікті айтамыз?/өркеннен орнын табу,слайдтан көрсету/

3.Қолтық бүршік деп ше?

4.Қосалқы бүршік ше?

5.Бұйыққан бүршіктің басқа бүршіктерден айырмашылығы неде?

3-топқа сұрақ: /7,8,9-слайд.Бүршік,оның құрылысы./

 /Алдарыңдағы үлғайтқыш қол әйнегін алып бүршіктің сыртқы құрылысына,түсіне,пішініне зейін салып қараңдар./

1.Бүршіктің сыртын не қаптаған,ол қандай?

2.Бүршіктің ішкі жағында не бар екен?

3.Бүршікен не дамиды?

4.Бүршіктің қандай түрлері бар?Оларды сартқы пішінінен қалай ажыратуға болады?/слайдтан көрсетіп айтады/

5.Гүл бұршігі мен жапырақ бүршігінің айырмашылығы қандай?

6.Сонымен бүршік дегеніміз не болды?

/Сұраққа дұрыс жауап беріп ,дәлелдеген оқушыға 2 балдан беріледі/

Сергіту сәті:Көбелектерді құтқарайық –ойынын ойнату./3мин//10-слайд/

       Балалар мына өрмекшінің тор құрғанына біраз уақыт өтіпті.тіпті көбелектерді де ұстап үлгеріпті.Қане көбелектерді құтқарамыз ба?/Әр көбелектің астында сұрақтар жазылған.Сұраққа жауап беріп ұшырады.Әр дұрыс жауапқа 1балл//

Жаңа сабақты бекітуге арналған тапсырмалар./10 мин/:

1-тапсырма:Мағананы табу-әр топқа ақ парақтар үлестіріліп беріледі.Берілген сөзге сызбанұсқа құрастырады./3 мин/

1-топқа:Бүршіктің құрылысы.

2-топқа:Өркен түрлері.

3-топқа:Бүршіктің тұрлері.

Құрастырған сызбаны проектордан көрсетіп,топтан бір оқушы қорғайды./3-мин.тапсырманы орындауға қатысқан оқушыларға 1 балл,қорғаған оқушыға 2 балл беріледі/

2-тапсырма:Кім жылдам?/Әр топқа 5 сұрақтан қойылады,дұрыс жауап берген оқушы 1 балл алады/Дұрыс толақ жауап берген топ жеңіске жетіп жалауша алады.

1-топ:

1.Алғаш жасушаны көрген ғалым./Роберт Гук/

2.Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі./окуляр/

3.Жасушаның көбейуіне қатысатын бөлігі./ядро/

4.Ұрықтан дамитын тамыр./негізгі тамыр/

5.Жапырақ қолтығында орналасқан бүршік./қолтық бүршік/

2-топ:

1.Тек өсімдік жасушасына тән денешіктер/пластидтер/

2.Органикалық заттарды өткізетін өсімдік ұлпасы./өткізгіш ұлпа,флоэма/

3.Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі.

4.Топырақтан су мен минералды заттарды сіңіретін тамыр бөлімі./сору аймағы,тамыр түктері/

5.Бастама сабақ пен гүлшанағы бар бүршік./гүл бүршігі/

3-топ:

1.Микроскопты алғаш ойлап тапқан ғалымдар./әкелі-балалы Янсендер/

2.Жасуша ішіндегі сұйықтықты реттеп отыратын бөлігі./вакуоль/

3.Өсімдіктің ұзарып өсуін қамтемасыз ететін ұлпа./түзуші/

4.Негізгі тамыры өте жақсы жетілген тамыр жүйесі./кіндік тамыр жүйесі/

5.Өркеннің бүршік,жапырақ өсетін жуандау бөлігі./буын/

3-тапсырма:Ойлан тап!-бүршіктің түрлерінің айырмашылығын Венн диограммасын пайдаланып толтыру./3 бағананы 3-топтың оқушысы орындайды дұрыс жауап 1балл/

 

Жапырақ бүршік

Ұқсастығы

Гүл бүршік

Бастама жапырақ-жапырақ өсіп шығады,ұзарған өркенде орналасады.

Сыртқы қабықшасы

Бастама сабақ

Гүлшанақ-гүл шығарып жеміс береді,қысқарған өркенде орналасады.

 

Сабақты қорытындылау/5 мин ./Ой –толғаныс./11,12-слайд/

Проблемалық сұраққа жауап бере отырып:

1.Жер планетасынан оттегін бөліп отырған ормандар  қалай көбейіп жатыр?/Өсімдіктер жас өрекндерінде орналасқан бүршіктеріндегі алғашқы сабақшаларындағы түзуші ұлпа жасушаларының үнемі бөлініп отыру есесінен ұзарып өседі өркен өссе сабақ,ағаш ұзарып өсіп,орман түзіледі.

2.Неге сіздердің мектеп өркен деп аталған? /біздің мектебімізді жас өркенге теңеген .болашақта өркен мектебін бітірген түлектер Қазақстанның өркениетті азаматтары болады./

«Өркен-өсімдік тірегі»–тақырыбына эссе жазу./3мин. Әр топтан бір оқушыға оқыту.2 балл/

Бүгінгі өткен тақырып бойынша маған сұрақтарыңыз бар ма?

 Үйге тапсырма /3 мин/ :36-38 беттердегі Өркен мен бүршіктер мәтінін қоып 39 беттегі «Біліміңді тексер»тапсырмасын орындау/Үй тапсырмасының орындалуына түсініктеме беру./Күнделіктеріңе жазып алындар./13-слайд/

 Рефлексия кезеңі /2 мин/.

Топ жетекшілерінен бағалау парағын,оқушылардың бағасын айту,жақсы жұмыс жасап,белсенділік көрсеткен топты ,жеке оқушыларды марапаттау.

 

Оқушыларға трансфареттік парақ таратылады:

 

 

Сабақ не жайында болды?

 

 

Сабақ барысында не ұнады?

 

 

Қандай түсінбеген сұрағың бар?

 

 

Қандай өзгеріс жасар едің?

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ең үздік топ
Сабақтың түрлері, құрылысы, Сабақтың қызметі мен түрлері
Жапырақ
Өсімдік жасушасының құрылысы
Сабақтың түр өзгерістері
Білгір биолог
Бүршіктің ішкі құрылысы
Жапырақтың суды буландыруы
Жапырақтың құрылысы Жапырақтың алуан түрлілігі, олардың өсімдік тіршілігіндегі рөлі
Өркендер мен бүршіктер
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 7155 | Қосты: Елизекова Найля Ашмахуновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык