Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өсімдік жасушасының құрылысы


Өсімдік жасушасының құрылысы

Ұлғайтқыш құралдар

Өсімдік жасушасының құрылысы

 
1. Затты  3-5  есе  үлкейтіп  көрсететін  құрал:  
а)тұтқалы  ұлғайтқыш  әйнек  ә)микроскоп  б)ұлғайтқыш  қол  әйнегі
2. Затты  10-25  есе  үлкейтіп  көрсететін  құрал: 
а)микроскоп  ә)тұтқалы  ұлғайтқыш  әйнек  б)ұлғайтқыш  қол  әйнегі.
3.  Жарық  түсіру  қызметін  атқаратын  микроскоп  бөлімі:
а)окуляр  ә)айна  б)объектив  в)көру түтігі
4.  Микроскоптың  барлық  бөлімдері  бекітілген  тірегі:
а)табан  ә)заттық  үстелше  б)бұранда  в)тұтқа
5.  Микроскоптың  бірнеше   линзасы  бар  бөлімі:
а) көру  түтігі   ә)айна  б)окуляр  в)объектив
6.  Көру  түтігін  қозғау  қызметін  атқаратын  микроскоп  бөлімі:
а)бұранда  ә)табан    б)тұтқа   в)заттық  үстелше
7.Барлық  күрделі  тіршілік  әрекеттеріне   қатысатын  желімтек , созылмалы , қоймалжың    тірі  зат:
а )цитоплазма    ә)жасуша  қабықшасы    б)ядро   в)вакуоль
8.  Тек  өсімдік  жасаушасында  болатын  органоид:
а)ядро   ә)пластидтер    б)вакуоль   в)цитоплазма
9.  Жасушаға  белгілі  пішін,  мықтылық  қасиет  беріп,  зақымданудан  қорғайтын  органоид:
а)цитоплазма   ә)жасуша  қабықшасы   б)ядро   в)вакуоль
10.Жасуша  ішіндегі  сұйықтықтың  қысымын  реттейтін,  керексіз  улы  заттарды  ыдырататын  және  жасушаның  қоректенуіне  жұмсалатын  шырын  жиналатын  орын:
а)цитоплазма    ә)ядро    б)пластидтер    в)вакуоль                                          
11.  Цитоплазмасыз  тіршілік  ете  алмайтын,  көбеюге  қатысатын  жасуша  бөлігі:
а)вакуоль    ә)цитоплазма    б)ядро    в)пластидтер                                                                                                 
12.  Өсімдік  тұқымында,  тамырында,  түйнегінде  қор  жинауға  қатысатын  пластидтер:
а)хромопластар    ә)лейкопластар    б)хлоропластар
13.  Фотосинтез  процесіне  қатысатын  пластидтер:
 а)хлоропластар   ә)хромопластар   б)лейкопластар
14.  Жемтамырларға,  піскен  жемістерге  түс  беретін  пластидтер:
а) хлоропластар    ә)лейкопластар    б)хромопластар    
 
 
Өсімдік    ұлпалары.
І-нұсқа
 
 1.Өсімдіктерді  әртүрлі  қолайсыз  жағдайлардан  қорғайтын  ұлпа:
а)түзуші    ә)негізгі     б)жабын 
 
2.Тамырдың   топырақтан  сорып  алған  минералды  тұздарының  ерітіндісін  жер  үсті  мүшелеріне  жеткізетін  ұлпа:
а)бөліп  шығарушы    ә)өткізгіш    б)тірек 
 
3  Жасушалары  ұдайы  бөлініп,  өсімдік  өсуін  және  бүршік  жаруын  қамтамасыз  ететін  ұлпа:  
а) өткізгіш    ә)негізгі    б)түзуші
 
4.  Өсімдіктердің  жер  асты  және  жер  үсті  мүшелерінде  қоректік  заттарды  қорға  жинайтын  ұлпа:
а)негізгі    ә)түзуші    б)өткізгіш
 
5.  Өсімдікті  ауру  тудыратын  микробтар  мен  зиянды  жәндіктерден,  малға  жем  болудан  сақтайтын  ұлпа:
а)негізгі    ә)тірек    б)бөліп  шығарушы
 
6.  Өсімдіктің  зақымданған  жерін  қайта  қалпына  келтіретін  ұлпа:
а)жабын    ә)түзуші    б)өткізгіш
 
7.  Жасушалары  қатты,  қиыршықты  ұлпа:  
а)бөліп  шығарушы    ә)өткізгіш    б)тірек
 
8.  Хлоропластары  бар  тірі  жасушалы  ұлпа:
а)түзуші    ә)бөліп  шығарушы    б)негізгі  
 
9. Жасушалары  ұзын,  түтік  тәрізді  ұлпа:  
а) өткізгіш      ә)тірек           б)негізгі
 
10. Судың   артық   булануынан   сақтайтын   ұлпа:
а)бөліп  шығарушы      ә)жабын    б)түзуші.
 
11.  Сабаққа ,  жапырақ   сағағына ,   жүйкелеріне   беріктік  қасиет  беретін   ұлпа:
а)тірек    ә)негізгі    б)өткізгіш
 
12.  Сүт   жолы   мен   шайыр   жолы    ашылатын   ұлпа:
а)жабын    ә)бөліп  шығарушы        б)негізгі
 
 
Өсімдік    ұлпалары.
ІІ-нұсқа
 
1.  Жасушалары     арасында   ауа   кеңістіктері    бар  ұлпа:
а)тірек       ә)негізгі       б)түзуші
 
2.  Сабақ      пен    тамыр    ұшында   орналасатын     ұлпа:
а)түзуші      ә)жабын     б)өткізгіш
 
3.  Хош   иіс,   тәтті   шырын     бөлетін      ұлпа:
а)түзуші      ә)тірек       б)бөліп     шығарушы
 
4.  Көмірсулар,  нәруыздар  мен  майларды    қорға    жинайтын   ұлпа:
а)негізгі       ә)түзуші       б) жабын
 
5.  Жаңғақ,   алхоры, шабдалы  сүйектерінде  болатын  ұлпа:
а )түзуші      ә)тірек           б)бөліп  шығарушы 
 
6.  Су  мен  улы  газдарды ,  жылуды,  дыбысты  ішке өткізбейтін ,  шірімейтін  тығыз қабат түзетін ұлпа:
а)өткізгіш         ә)негізгі     б)жабын 
   
7.Қоректік заттар қозғалысын  қамтамасыз ететін ұлпа:
а)өткізгіш       ә)тірек        б)негізгі   
 
8.  Өсімдіктің  ұзарып  өсуін,  ағаштың  жуандауын қамтамасыз ететін ұлпа:
а) түзуші    ә)негізгі    б)бөліп  шығарушы 
 
9.  Жасушалары  алғашында  тірі  болғанымен,  біртіндеп  қабықтары  қалыңдап,  өлі  жасушаларға  айналатын  ұлпа:              
а)тірек    ә)өткізгіш    б)жабын  
 
10.  Тін  талшығы жасы жетілген  ұлпа:
а)бөліп  шығарушы    ә)тірек    б)негізгі 
 
11.  Жасуша  қабырғасы  сүзгі  тәрізді  ұсақ  саңылаулы  болатын  ұлпа:
а)өткізгіш    ә)жабын    б)бөліп  шығарушы 
 
12.  Безді  жасушаларда  тез  ұшқыш  эфир  майы  жиналатын  ұлпа:
а)түзуші    ә)тірек    б)бөліп  шығарушы    
 
 
 
Тамыр.
І-нұсқа
 
1.Өсімдіктің  вегетативті  (өсімді)  мүшелері:
а)тамыр    ә)гүл    б)сабақ    в)жеміс    г)жапырақ    ғ)тұқым
2.  Вегетативті  мүшелердің  тамырлар  жүйесі:
а)сабақ    ә)тамыр    б)жапырақ
3.  Тұқымның  ұрық  тамыршасынан  дамитын  тамыр:
а)қосалқы    ә)жанама    б)негізгі
4.  Негізгі  тамырдың  жан-жағынан  таралатын  тамырлар:
а)жанама  тамырлар    ә)қосалқы  тамырлар
5.  Сабақ  пен  жапырақтан  өсіп  шығатын  тамырлар:
а)қосалқы  тамырлар    ә)жанама  тамырлар
6.  Негізгі  тамыры  өте  жақсы  жетілетін  тамыр:
а)шашақ тамыр      ә)кіндік  тамыр        б)жем  тамыр
7.  Негізгі  тамырларының  жасушаларында  қорға  жиналып,  жуандап  түрін  өзгертетін   тамыр:
а)жем  тамыр        ә)кіндік  тамыр         б)шашақ  тамыр
8.  Жасушалары  тірі,  сыртқы  жағындағы  жасушалар  топырақтағы  кедергілерге  үйкеліп,  зақымданып,  түлеп  түсіп  орнына  жаңа  жасушалар  түзілетін  тамыр  бөлімі:
а)тамыр  оймақшасы      ә) өсу      б)бөліну     в)сору
9.  Жасушалары  дамылсыз  бөлініп,  басқа  бөлімдерінің  қалыптасуына  себепші  болатын  тамыр  бөлімі:
а)өткізу      ә)сору    б)бөліну    в)өсу
10.  Жас  жасушалары  бөлінбейтін,  ұзынынан  созылып  ұзаратын  тамыр  бөлімі:
а)сору    ә)өсу    б)өткізу    в)бөліну
11.  Қалың  түктері  бар  тамыр  бөлімі:
а) өткізу    ә)бөліну    б)өсу    в)сору
12.  Су  мен  онда  еріген  қоректік  заттарды  тамырдан  өсімдіктің  жер  үсті  мүшелеріне  өткізетін  тамыр  бөлімі:
а)өткізу    ә)сору    б)өсу    в)бөліну
13.  Кіндік  тамыр  жүйесіне  жататын  өсімдіктер:
а)арпа     ә)орамжапырақ    б)пияз    в)асбұршақ      г)қауын    ғ)қызанақ
14.  Шашақ  тамыр  жүйесіне  жататын  өсімдіктер:
а) күріш     ә) асқабақ     б)жүгері    в)бидай    г)қоңырбас    ғ)қарбыз      
 
 
Тамыр.
ІІ-нұсқа
 
1.  Өсімдіктің  вегетативті  (өсімді)  мүшелері : 
а)тұқым    ә)жапырақ    б)жеміс    в)сабақ    г)гүл    ғ)тамыр
2.  Тұқымның  ұрық  тамыршасынан  дамитын  тамыр:
а)негізгі    ә)жанама    б)қосалқы
3.  Негізгі  тамырдың  жан-жағынан  таралатын  тамыр:
а)қосалқы  тамырлар    ә)жанама  тамырлар  
4.  Сабақ  пен  жапырақтан  өсіп  шығатын  тамыр:
а)жанама  тамыр    ә)қосалқы  тамыр
5.  Негізгі  тамыры  болмайтын,  болса  да  әлсіз  келетін  тамыр:
а)кіндік  тамыр    ә)жем  тамыр    б)шашақ  тамыр  
6. Тамырдың  бөліну  аймағының  сыртын  қаптап,  қорғап  тұратын  тамыр бөлімі:
а)тамыр  оймақшасы    ә)сору    б)өсу    в)бөліну
7.  Атқаратын  қызметіне  қарай  сыртқы,  ортаңғы,  ішкі  қабаттардан  түзілген  тамыр  бөлімі:
а)өткізу    ә)сору    б)бөліну    в)өсу
8.  Тамыр  ұшының  топыраққа  терең енуіне әсер  ететін  тамыр  бөлімі:
а)бөліну    ә)өсу    б)сору    в)өткізу
9.  Топырақ  түйіршіктерімен  тығыз  жанасып,  су  мен  онда  еріген  минералды  тұздарды  соратын  тамыр  бөлімі:
а) өсу    ә)бөліну    б)өткізу    в)сору
10.  Тамыр  түктері  болмайтын,  жанама  тамырлары  көп  тамыр  бөлімі:
а)өткізу    ә)өсу    б)сору    в)бөліну
11.  Органикалық  тыңайтқыштар:
а)қи    ә)күл    б)қарашірік    в)құс  саңғырығы    г)азот    ғ)шымтезек
12.  Минералды  тыңайтқыштар:
а)шымтезек    ә)азот  селитрасы    б)суперфосфат    в)қи    г)күл    ғ)сүйек  ұны
13.  Жем  тамырлы  өсімдіктер:
а)сәбіз    ә)қызылша    б)орамжапырақ    в)картоп    г)шомыр    ғ)шалқан
14.  Түйнек  тамырлы  өсімдіктер:
а)орхидея    ә)нарғызгүл    б)кипарис   в)батат    г)шырыш    ғ)таушымылдық
 
 
Өркендер  мен  бүршіктер.  Сабақ.
І-нұсқа
1.  Тыныштық  күйге  ауысқан  бүршік:
а)төбе    ә)бұйыққан    б)жанама    в)қолтық
 
2.  Өркеннің  ең  ұшына  орналасқан  бүршік:
а)қолтық    ә)қосалқы    б)жанама    в)төбе
 
3.  Өсімдіктің  кез  келген  мүшесінің  әр  жерінен  дамыған  бүршік:
а)қосалқы    ә)төбе    б)бұйыққан    в)жанама
 
4.    Төбе  бүршіктің  өсімдіктің  өсуіне  әсері:
а)жуандап  өседі    ә)ұзарып  өседі    б)гүлдейді    в)жапырақ  шығарады
 
5.  Тік  сабақты  өсімдіктер:
а)қайың    ә)жүзім    б)бидай    в)қауын
 
6.  Шырмалған  сабақты  өсімдіктер:
а)жөке    ә)шырмауық    б)бақбақ    в)құлмақ
 
7.  Қысқарған  сабақты  өсімдіктер:
а)жолжелкен    ә)пияз    б)жүзім    в)жүгері
 
8.  Сабақты  жуандатып  өсіретін  қабат:
а)камбий    ә)сүрек    б)қабық    в)өзек
 
9.  Органикалық  заттар  қорға  жиналатын      қабат:  
а)сүрек    ә)қабық    б)өзек    в)тін  талшығы
 
10.  Су  мен  минералды  заттар  қозғалатын  қабат:
а)қабық    ә)сүрек    б)тоз  жасушалары     в)тін  талшықтары
 
11.  Сабақтың  барлық  бөлімдерін  бір-бірімен  байланыстыратын  қабат:
а) өзек    ә)камбий    б)сүрек    в)қабық
 
12.  Сабақ  тыныс  алатын,  жасымықша  жасушалары  орналасатын
қабат:
а) камбий    ә)сүрек    б)өзек    в)тоз  қабаты
 
13.  Буын  және  буынаралығынан  тұрады:
а)тамыр    ә)тамырсабақ    б)түйнек
 
14.  Сыртында  жапырақ  іздері   (көзшелері)    бар:
а)түйнек    ә)тамыр    б)тамыр
 
Өркендер  мен  бүршіктер.  Сабақ.
ІІ-нұсқа 
1.  Жапырақ  қолтығына  орналасқан  бүршік:
а)төбе    ә)жанама    б)қолтық    в)қосалқы
 
2.  Өсімдіктің  төменгі  бөліміне  орналасқан  майда  бүршік:
а)қосалқы    ә)бұйыққан    б)төбе    в)қолтық
 
3.  Гүл  бүршігінің  орналасқан орны:
а)қысқарған  өркен    ә)ұзарған  өркен    б)төбе  бүршігінде    в)қолтық  бүршігінде
 
4.  Өсу  бүршігінің    орналасқан   орны:
а)қосалқы  бүршік    ә)қысқарған  өркен    б)қолтық  бүршік    в)ұзарған  өркен
 
5.  Жатаған  сабақты  өсімдіктер:
а)құлпынай    ә)құлмақ    б)пияз    в)қияр
 
6.  Өрмелегіш  сабақты  өсімдіктер:
а)тырбық  аңдыз    ә)қарағаш    б)асбұршақ    в)жүзім
 
7.  Тін  талшықтары  орналасқан  қабат:
а)камбий    ә)қабық    б)сүрек    в)өзек
 
8.  Қабық  пен  сүректің  арасындағы  қабат:
а)сүрек    ә)камбий    б)өзек    в)қабық
 
9.  Сабақтың  органикалық  заттарды  қорға  жинайтын  қабаты:
а)өзек    ә)камбий    б)қабық    в)тін  талшығы
 
10. Жарыққа  байланысты түсін  өзгертпейтін өсімдік мүшесі: 
а)түйнек    ә)тамырсабақ    б)тамыр
 
11.  Буынында  жетілмеген  түссіз  қабыршақтар  орналасқан  жер асты өркен:
а)тамырсабақ    ә)пиязшық             в)түйнек
 
12.  Пиязшықты  өсімдіктер:
а)сарымсақ    ә)картоп    б)лалагүл    в)бетеге
 
13.  Түйнекті  өсімдіктер:
а)орамжапырақ    ә)жер  алмұрты    б)картоп    в)пияз
 
14.  Тамырсабақты  өсімдіктер:
а) бидайық    ә)қызанақ    б)бетеге    в)қызғалдақ
Жапырақ
 
1.  Қылқанды  (ине  тәрізді)  жапырақты  өсімдіктер:
а)қарағай    ә)жүгері    б)емен    в)шырша
2.  Бір  ғана  тақтасы  бар жапырақ:
а)күрделі  жапырақ    ә)жай  жапырақ    
3.  Бір  сағақта  бірнеше  жапырақшалардың  болуы:
а)күрделі  жапырақ    ә)жай  жапырақ
4.  Жүйкелердің  жапырақтың  ұшына  дейін  қатарласа  созылуы:
а)қауырсын  тәрізді  торлы  жүйкелену    ә)параллель  жүйкелену  б)доғалы  жүйкелену    в)саусақ  салалы  жүйкелену
5.  Негізгі  орталық  жүйкенің  жан-жағынан  жанама  жүйкелердің  теңдей  таралуы:
а)параллель  жүйкелену    ә)доғалы  жүйкелену    б)қауырсын  тәрізді  торлы  жүйкелену    в)саусақ  салалы  жүйкелену
6.  Орталық  жүйкенің  бір  жерден  басталып,  жапырақ  жиегіне  дейін  салаланып  таралуы:
а)саусақ  салалы  жүйкелену   ә)қауырсын  тәрізді  торлы  жүйкелену   б)параллель  жүйкелену    в)доғалы  жүйкелену
7.  Жапырақ  тақтасының  түбінен  қатарласа  шыққан  жүйкелердің  иілуі:
а)параллель   жүйкелеу ә)саусақ  салалы  жүйкелену  б)қауырсын  тәрізді  торлы  жүйкелену  в)доғалы  жүйкелену
8.  Қоректік  заттар  қорға  жиналатын  жапырақ:
а)шырынды    ә)тікенді    б)мұртша    в)қабыршақ
9.  Өсімдіктің  қоршаған  ортаға  бейімделіп,  тіршілігін  сақтап  қалуға  көмектесетін  жапырақ:
а)қабыршақ    ә)шырынды    б)тікенді    в)мұртша
10.  Өсімдіктің жарыққа қарай көтеріліп  өсуін қамтамасыз  ететін  жапырақ:
а)тікенді    ә)мұртша    б)қабыршақ    в)шырынды
11.  Бүршіктердің  нәзік  бөлімдерін  суықтан  қорғайтын  жапырақ:
а)мұртша    ә)тікенді    б)шырынды    в)қабыршақ
12.  Өсімдіктің  құрғақшылыққа  төзімділігін  арттыратын  жапырақ:
а)қабыршақ    ә)шырынды    б)тікенді    в)мұртша
13.  Ылғалды  үнемдеп, суды  аз  буландыратын  жапырақ:
а)қабыршақ    ә)тікенді    б)мұртша    в)шырынды
14.  Тікенді  жапырақты  өсімдіктер:
 а)қарлыған    ә)асбұршақ    б)кәріқыз    в)ақ  қараған
15.  Мұртшалы  жапырақты  өсімдіктер:
а)үрмебұршақ    ә)жабайы  бұршақ    б)асбұршақ    в)сарыаға
 
 
 
 
Гүл. Гүлшоғырлар.
І-нұсқа
 
1. Гүлдің дәл ортасында орналасқан   гүл бөлігі:
  а)гүлтабан   ә)аналық    б)күлте    в)аталық  
2. Өркеннің түрі өзгерген жапырағы: 
а)тостағанша   ә)гүлсағақ    б)күлте    в)аналық  
3. Тозаң ұясы бар  гүл  бөлігі:  
а)аналық    ә)күлте     б)аталық      в)гүлтабан   
4. Гүлсеріктің ішкі бөлігі : 
а)аналық      ә)аталық    б)тостағанша    в)күлте  
5. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар  жетілетін гүл  бөлігі:
а)аналық    ә)гүлсағақ   б)күлте   в)тостағанша  
6. Бір гүлде аталық пен аналықтың болуы: 
а)қос жынысты    ә)дара жынысты  
7. Аталық гүлдер мен аналық гүлдердің бір өсімдікте болуы:  
а)екі немесе   қос үйлі     ә)бір үйлі  
8. Гүлдің жеміс түзілетін бөлімі: 
а)күлте    ә)аналық    б)тостағанша    в)аталық  
9. Аталықтың бөлімдері: 
а)жіпше , аузы    ә)тозаңқап,  тостағанша     б)мойны,  жіпше    в)жіпше,  тозаңқап
10.  Жеке  гүлдері  орталықтан  таралатын  сабаққа  гүл  сағақтары  арқылы  кезектесіп  орналасқан  гүлшоғыр:
а)жай  масақ    ә)жай  шашақ    б)собық    в)күрделі  шатыр
11.  Орталық  сабаққа  бірнеше  жай  масақша  гүлдер  топтанып  орналасқан  гүлшоғыр:
а)күрделі  қалқанша    ә)күрделі  шатыр    б)күрделі  масак    в)күрделі  шашақ
12.  Собық  гүлшоғырлы  өсімдіктер:
а)бидай    ә)күнбағыс    б)калла    в)жүгері    
13.  Күрделі  шатыр  гүлшоғырлы  өсімдіктер:
а)кербезгүл    ә)сәбіз    б)көктерек    в)аскөк    
14.  Жай  масақ  гүлшоғырлы  өсімдіктер:
а)жолжелкен    ә)тары    б)сүйсін    в)гүлшетен    
15.  Сырға  гүлшоғырлы  өсімдіктер:
а)қарағаш         ә)алмұрт    б)қайың       в)тал
 
 
Гүл. Гүлшоғыр.
ІІ-нұсқа
 
1.  Гүлдің  барлық  бөлімдері  бекінетін  орын:
а)тостағанша    ә)гүлсағақ    б)күлте    в)гүлтабан
2.  Мойны  бар  гүл бөлігі:
а)күлте    ә)аналық    б)гүлтабан    в)аталық
3.  Жіпшеден  және  тозаңқаптан  тұрады:
а )гүлсағақ    ә)күлте    б)аталық    в)аналық
4.  Гүлсеріктің  сыртқы  бөлігі:
а)гүлтабан    ә)тостағанша    б)аналық    в) күлте
5.  Ұрықтану  процесі  жүретін  орын:
а)аталық    ә)гүлсағақ    б)жатын    в)күлте
6.  Гүлде  тек  аталық  немесе  аналықтың  болуы:
а)дара  жынысты    ә)қос  жынысты
7.  Аталық  гүлдердің  бір  өсімдікте,  аналық  гүлдердің  екінші  өсімдікте  болуы:
а)бір  үйлі    ә)екі  немесе  қос  үйлі
8.  Аталық  тозаңдары  жетілетін  орын:
а)жіпше    ә)жатын    б)тозаңқап    в)күлте
9.  Аналықтың  тозаң  қабылдайтын  бөлімі:
а)мойны    ә)жатыны    б)жіпше    в)аузы
10.  Жеке  гүлдері  орталықтан  таралатын  сабаққа  сағақсыз  кезектесіп  орналасқан  гүлшоғыр:
а)жай  масақ    ә)жай  шашақ    б)себет    в)шоғырбас
11.  Жай  шатырдағы  жеке  гүл  сағақтарына  бірнеше  гүлден  топтанып  шоғырланған  гүлшоғыр:
а)күрделі  шашақ    ә)күрделі  қалқанша    б)күрделі  шатыр    в)күрделі  масақ
12.  Себет  гүлшоғырлы  өсімдіктер:
а)жолжелкен    ә)мойыл    б)күнбағыс     в)бақбақ
13.  Күрделі  масақ  гүлшоғырлы  өсімдіктер:
а)балдырған    ә)орамжапырақ    б)қарабидай     в)бидайық     
14.  Жай  шатыр  гүлшоғырлы  өсімдіктер:
а)пияз    ә)қайың    б)адамтамыр    в)інжугүл    
15.  Жай  шашақ  гүлшоғырлы  өсімдіктер:
а)бақбақ    ә)қарақат    б)аскөк    в)орамжапырақ    
 
 
Тозаңдану.   Жемістер.
Жемістер  мен  тұқымдардың  таралу  жолдары.
І-нұсқа
 
1.  Бір гүлдің  өз  аталық  тозаңының  сол  гүлдің  аналығының   аузына  түсуі: 
а)айқас тозаңдану    ә)өздігінен тозаңдану
2.  Бір  гүлдің  аталық  тозаңының  екінші  гүлдің  аналығының  аузына  түсуі: 
а)өздігінен  тозаңдану    ә)айқас  тозаңдану
3.  Гүлдері  өте  ұсақ , реңсіз  өсімдіктердің  тозаңдану    жолы:
а)жел  арқылы    ә)бунақденелілер  арқылы    б)өздігінен  тозаңдану
4.  Тозаңдары  ірі  өсімдіктердің  тозаңдану  жолы:
а)өздігінен  тозаңдану    ә)жел  арқылы    б)бунақденелілер  арқылы
5.  Бітеу  гүлдің  тозаңдану  жолы:
а)бунақденелілер  арқылы    ә)өздігінен  тозаңдану    б)жел  арқылы
6.  Гүлдері  ашық  реңді,  ірі  өсімдіктердің   тозаңдану  жолы:
а)бунақденелілер  арқылы    ә)жел  арқылы    б)өздігінен  тозаңдану
7  Аналығының  аузы  үлпек  қауырсынды  өсімдіктердің  тозаңдану  жолы:     
а)жел  арқылы    ә)өздігінен  тозаңдану    б)бунақденелілер  арқылы
8.  Шырыны  мол,  жұмсақ  жеміс:
а)құрғақ  жеміс    ә)шырынды  жеміс
9.  Сыртқы  қабығы  жұқа,  жұмсақ,  ішінде  тұқымдары  көп   жеміс:
а)жидек  жеміс    ә)жидек   тәрізді    б)сүйекті
10.  Бір  ұялы,  тұқым  саны  біреу  немесе  бірнешеу  болатын  жеміс:
а)қауашақ    ә)бұршаққын    б)бұршаққап    в)тұқымша
11.  Бір  тұқымды,  тұқымы  жеміс  серігімен  тұтасып  біріккен  жеміс:
а)жаңғақ    ә)тұқымша    б)қауашақ    в) дәнек
12.  Сыртында  су  жұқпайтын  түктері  бар  өсімдіктердің  тұқымдарының  таралу  жолы:
а)бунақденелілер арқылы    ә)су   арқылы     б)жел  арқылы    в)өздігінен
13.  Сыртында  ілмешектер,  тікенектер,  желімтек  түктері  бар  тұқымдардың  таралу  жолдары:
а)жануар,  бунақденелілер,  адам  арқылы    ә)жел  арқылы    б)өздігінен     в)су  арқылы
14.  Жел  арқылы  таралатын  өсімдіктер:
а)қамыс,  қияқ,  жалбыз,  қоға    ә)шытырлақ,  жауқазын,  қараған,  шегіргүл
б)қарағаш,  бақбақ,  үйеңкі,  орхидея    в)шоңайна,  долана,  бүлдірген,  кәріқыз
15.  Құстар  арқылы  таралатын  өсімдіктер:
а)жауқазын,  қараған,  шытырлақ,  бөрібұршақ    ә)шие,  таңқурай,  бүлдірген,  мойыл    б)бөденешөп,  қоға,  түкті  күреңот,  қамыс     в)қайың,  тал,  терек,  үйеңкі     
 
                   
Тозаңдану.   Жемістер.
Жемістер  мен  тұқымдардың  таралу  жолдары.
ІІ-нұсқа
 
1.  Бір  гүлдің  аталық  тозаңының  екінші  гүлдің  аналығының  аузына  түсуі:
а)айқас  тозаңдану    ә)өздігінен  тозаңдану
2.  Бір  гүлдің  өз  аталық  тозаңының  сол  гүлдің  аналығының  аузына  түсуі:
а)айқас  тозаңдану    ә)өздігінен  тозаңдану
3.  Гүлдерінде  шірнесі  бар  өсімдіктердің  тозаңдану  жолы:
а)бунақдене  арқылы    ә)өздігінен    б)жел  арқылы
4.  Тозаңдары  майда,  жеңіл  өсімдіктердің  тозаңдану   жолы:
а)өздігінен  тозаңдану    ә)бунақденелілер  арқылы    б)жел  арқылы
5.  Тозаңдануы  бір  гүлдің  ішінде  болатын  өсімдіктердің  тозаңдану  жолы:
а)жел  арқылы    ә)өздігінен    б)бунақдене  арқылы
6.  Аталық  жіпшесі  ұзын,  тербеліп  тұратын өсімдіктердің   тозаңдану  жолы:
а)өздігінен    ә)бунақдене  арқылы    б)жел  арқылы
7.  Гүлдері  аңқыған  хош  иісті  өсімдіктердің  тозаңдану  жолы:
а)өздігінен    ә)бунақдене  арқылы    б)бунақдене  арқылы
8.  Қабығы  қатты,  сүректенген  жеміс:
а)шырынды  жеміс    ә)құрғақ  жеміс
9.  Сыртқы  қабығы  жұмсақ,  жұқа,  ішкі  бөлімі  сүйектенген   жеміс:
а)жидек тәрізді    ә)жидек    б)сүйекті
10.  Қос  ұялы,  ішінде  ұзынша  тартылған  жұқа  жарғақты  пердесі  бар  жеміс:
а)бұршаққап     ә)бұршаққын    б)қауашақ    в)дәнек
11.  Жеміс  серігі  тұқымымен  бірікпеген  жеміс:
а)жаңғақ    ә)бұршаққап    б)дәнек    в)тұқымша
12.  Жемістері  қақырағыш,  ширатылғыш  өсімдіктердің  таралу  жолы:
а)жануар,  құстар  арқылы    ә)су  арқылы    б)өздігінен    в)жел  арқылы
13.  Шырынды,  ашық  реңді  жемістердің  таралу  жолы:
а)жел  арқылы    ә)құстар  арқылы    б)өздігінен    в)су  арқылы
14.  Су  арқылы  таралатын  өсімдіктер:
а)жөке, үйеңкі, бақбақ, шаған    ә)шоңайна, итошаған, иттікен, кәріқыз
б)қараған,  шегіргүл,  бөрібұршақ,ат талшын      в)тұңғиық,  жалбыз,  қоға,  қамыс
15.  Адамдар,  жануарлар  арқылы  таралатын  өсімдік:
а)шоңайна,  иттікен,  кәріқыз,  итошаған     ә)ат  талшын,  қараған,  шегіргүл,шытырлақ     б)жалбыз,  қамыс,  тұңғиық,  қияқ     в)бақбақ,  орхидея,
жөке,  қайың
 
 
Қос   және  дара   жарнақты   өсімдіктер.
 
1.  Тұқым  бүршігінен  дамитын  көбею  мүшесі:
а)гүл    ә)жеміс    б)тұқым
 
2.  Екі  тұқым  жарнағы  бар  өсімдік:
а)дара  жарнақты    ә)қос  жарнақты
 
3.  Бір  тұқым  жарнағы  бар  өсімдік:
а)қос  жарнақты    ә)дара  жарнақты
 
4.  Дара  жарнақты  өсімдіктер:
а)бидай      ә)үрмебұршақ      б)асқабақ    в)арпа
 
5.  Қос  жарнақты  өсімдіктер:
а)сұлы    ә)жүгері    б)асбұршақ    в) қияр   
 
6.  Тұқым  өнген  кезде  бірінші  шығатын  өскін  мүшесі:
а)сабақ    ә)тамыр    б)жапырақ    в)барлығы  бір  мезгілде  шығады
 
7.  Өніп  келе  жатқан  ұрықтың  алғашқы  кездегі    қоректену  заттары:
а)эндоспермдегі  су  және  минералды  тұздар    ә)су,  ауа,  органикалық  заттар      
б)эндосперм  мен  тұқым  жарнағындағы  органикалық  заттар  қоры
 
8.  Бидай  тұқымындағы  қор  заттар  жиналатын  бөлігі:
а)ұрық    ә)эндосперм    б)қабығы    в)жарнағы
 
9.  Тұқым  тыныс  алғанда  болатын  өзгеріс:
а)көмірқышқыл  газын  сіңіріп,  оттегін  бөліп  шығарады
ә)  оттегін  сіңіріп,  көмірқышқыл  газы  мен  жылу  бөледі
б)  оттегін  сіңіріп , көмірқышқыл  газ  бөлінеді
 
10.  Крахмал  қоры  көп   болатын өсімдік: 
а)күнбағыс    ә)картоп    б)жер  жаңғағы
 
11.  Нәруыз  қоры   көп   болатын  өсімдік:
а)зығыр    ә)мақта    б)бидай  
 
12.  Май  қоры  көп  болатын  өсімдік: 
а)күнбағыс    ә)жүгері    б)соя              
 
 
 
 
                                                      
Бір   жасушалы   жәндіктер.
 
1.  Жануарлар  дүниесіндегі    қарапайымдылардың  жіктелуі:                                            
а)көп  жасушалы    ә)бір  жасушалы
 
2.  Талшықтылардың  топтасып  тіршілік  ететін  түрі:
а)домалаңғы    ә)жасыл  эвглена    б)кірпікшелі  кебісше
 
3.  Кірпікшелердің мекен    ететін  сулы  ортасы:
а)тұщы  су    ә)ащы  су
 
4.  Көзшесі  бар  жәндік:
а)амеба     ә)кірпікшелі кебісше     б)эвглена
 
5.    Жануар  және  өсімдік  тәрізді  қоректенетін   жәндік:                 
а)эвглена    ә)кірпікшелі кебісше   б)амеба
 
6.  Кірпікшелі  кебісшедегі  кіші  ядроның  атқаратын  қызметі:
а)қоректену    ә)көбею    б)қозғалу
 
7.  Хлоропластары  бар  жәндік:
а)амеба    ә)эвглена    б)трипаносома
 
8.  Қарапайымдыларда  қолайсыз  жағдай  туғанда  түзілетін  қабат:
а)эктодерма    ә)энтодерма    б)циста
 
9.  Амебаның  көбею  жолы:
а)жыныссыз    ә)жынысты
 
10.  Қылаулатқышы  бір  жасушалы  жәндік:
а)эвглена    ә)амеба    б)кірпікшелі  кебісше
 
11.  Қантышқақ  ауруын  тудыратын  жәндік:
а)дизентерия  амебасы    ә)амеба    б)лейшмания
 
12.  Тері  лейшманиозы  ауруын  тудыратын  жәндік:
а)құртамыш    ә)лейшмания    б)лямблия
 
13.  Кокцидоз  ауруын  тудыратын  жәндік:
а)лейшмания    ә)лямблия    б)құртамыш
 
14.  Лямблиоз  ауруын  тудыратын  жәндік:
а)трипаносома    ә)құртамыш    б)лямблия
      
 
Көп  жасушалы   жануарлар   және   олардың   құрылысы   мен   тіршілігі.
 
1. Денесінің  белгілі  бір  бөлігінде  үйлесімді  қызмет  атқаратын  тізбектің  бірі:  
а)жасуша    ә)ұлпа    б)мүшелер  жүйесі     в)мүше     г)организм 
 
2.  Дененің  сыртқы  жамылғысын  түзетін  ұлпа:
а)жүйке    ә)дәнекер    б)эпителий    в)бұлшықет
 
3.  Сүйек,  шеміршек,  май,  сіңір,  қан,  ұлпа  сұйықтығын  түзетін  ұлпа:
а)бұлшықет    ә)дәнекер    б)жүйке    в)эпителий    
 
4.  Көлденең  жолақты,  бірыңғай  салалы  және  жүрек  бұлшықеттерінен  түзілген  ұлпа:
а)эпителий    ә)жүйке    б)дәнекер    в)бұлшықет
 
5.  Жүйке  ұлпасының  жасушасы:
а)нейрон    ә)дендрит     б)аксон
 
6.  Шаян,  өрмекші,  бунақденелілердің  сыртқы  жабыны:
а)хитин    ә)түк    б)қабыршақ    в)қауырсын
 
7.  Балық,  кесіртке,  жылан  денелерінің  сыртқы  жабыны:
а)қауырсын    ә)хитин    б)қабыршақ    в)түк
 
8. Құрылыс  материалын,  ферменттер  мен  гормондар  түзетін  зат:
а)көмірсу    ә)нәруыз    б)май
 
9. Организмдегі  негізгі  энергия  көзі:
а)нәруыз    ә)май    б)көмірсу
 
10. Құрылыс  материалы,  қуат  көзі,  жасушаны  сумен  қамтамасыз  ететін  зат:
а)май    ә)көмірсу    б)нәруыз

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ең үздік топ
Жемістер
Тамыр . Тамыр жүйесі
Тамыр . Тамыр жүйесі.
Білгір биолог
Жемістер
Өсімдіктердің жынысты көбеюі, Тозаңдану мен ұрықтану
Тамыр бөлімдері
Білгір биолог
Өсімдік ұлпаларының жалпы ерекшіліктері, қызметтері және орналасқан жері
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 37272 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 22 мая 2015 07:23
жаман өте ұзақ angry angry angry

фууууууууууууууууууууууууууууу angry angry angry
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык