Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өсімдік ұлпалары туралы түсінік


Өсімдік ұлпалары туралы түсінік

Өсімдік ұлпалары туралы түсінік

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің денесі құрылымы әртүрлі белгелі бір қызмет атқаратын жасушалар тобынан тұрады. Оны Н.Грю (1671) ұлпалар деп атауға ұсыныған. Жасушалардың бір типінен тұратын және белгілі бір ғана қызмет атқаратын  ұлпаларыды қарапайым ұлпалар деп, ал жасушалардың әр түрлі типтерінен тұрып, бірнеше қызмет атқарса  күрделі ұлпалар деп атайды. 
Түзуші ұлпалар (Меристемалар)
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жануарлардан басты айырмашылығы олар өмір бойы өседі.Өсімдіктерге тән мұңдай өсу ерекшелігі олардың денесінде түзуші ұлпалардың болуына байланысты.
Түпкідікті ұлпалардың клеткаларын жасап,үнемі толықтырып отыру арқылы өсімдіктердің денесін құрайтын ұлпаларды түзуші ұлпалар немесе меристемалар деп атайды.Меристема(гректің «меристос»-бөлінгіш және «стема»-ұлпа деген сөздерінен алынған)-бөлінуге қабілетті ұлпа.Меристема клеткаларының өздеріне тән цитологиялық ерекшеліктері бар.Олар майда,ядросы ірі,клетка қабықшасы жұқа,клеткалар өзара тығыз орналасады.Клеткаларының пішіні төрт бұрышты,изодиаметрлі,көп қырлы,кейбіреулері жіңішке,ұзын болп келеді.
Түзуші ұлпалар өсімдіктердің денесінде  өте ұзақ уақыт(кейбір ағаштарда мың жылға дейін) сақталады.Өйткені тамыр мен өркеннің ұшындағы төбе меристемасының ең жоғарғы клеткалары(кейбіреулерінде бір ғана клетка) шексіз рет бөлініп жас клеткалар жасап,қайтадан өзінің бастапқы қалпына келіп меристемалық қасиетін үнемі сақтап отырады.Мұндай клетканың саны біреу болсы,оны инициальды ицициалдар деп атайды.Қырықбуындардың өркені мен тамырының ұшында орналасқан ициальды клетканың саны біреу,пішіні үш бұрышты,оның төбе меристемасындағы инициальды клеткалардың саны көп,олар басқаларынан гөрі топтасып орналасуымен,клетка цитоплазмасының қоюлығымен ажыратылады.Инициальды клетка немесе апикальды инициалдар шексіз рет бөлініп, жас клеткалар түзеді де,біртіндеп түпкілікті ұлпаларға айналып,тамыр мен сабақтын анатомиялық алғашқы құрылысын қалыптастырады.
Пайда болуына қарай түзуші ұлпалар алғашқы және соңғы меристемалар деп бөлінеді. Алғашқы меристемалар өскіннің және өсімдік мүшелерінің алғашқы өсуін қамтамасыз етеді.
Соңғы меристемалар (камбий,феллоген) алғашқы меристемалардан кейін пайда болады.Өсімдіктердің өстік мүшелерінің жуандап өсуіне қамтамасыз етеді. Түзуші ұлпалар орналасуна қарай апикальды меристема, бүйірлік немесе латеральды меристема және қыстырмалы немесе интеркалярлы  болып бөлінеді. Барлық ұлпалар меристемадан бастама  алады. Ұрық алғашқы түзуші ұлпаның жасушаларынан тұрады. Өсімдіктердің өстік мүшелерінің төбе меристемасы орналасқан ұшы бой конусы немесе өсу нүктесі деп аталады. Өйткені төбе меристемасының құрылымы мен қызметі туралы бірнеше көзқарас бар.  Даму барысында төбе меристемасы төмендегідей меристемалық ұлпаларға жіктеледі: протодерма , прокамбий және негізгі меристема. Бұл меристемалар: а) протодерма-жабындық ұлпа, б) прокамбий-өткізгіш ұлпа ; в) негізгі меристема- негізгі ұлпа деп аталатын түпкілікті ұлпаларды түзеді. 
  Бүйір (латеральды) меристемалардың өстік мүшелердің көлденең кесіндісіне сақина түзіп, бойылық кесіндісіне клеткалардың цилиндр тәрізді қабаттарын түзіп орналасады. Бүйір меристемалар шығу тегіне, орналасуына қарай; алғашқы бүйір меристема; соңғы  бүйір меристема  деп бөлінеді. Алғашқы бүйір меристемаға прокамбий мен перицикл жатады. Соңғы бүйір меристемаларына камбий мен феллоген жатады. Бұл  ұлпалар соңынан түпкілікті ұлпалардан пайда болады. 
  Қыстырмалы (интеркалярлы) меристема өркеннің буын аралықтарынан және жапырақтың базальды бөліктерінде орналасады. Бұл меристема- сабақтың басқа бөліктеріндегі үлескілермен салыстырғанда төбе меристемасының түпкілікті ұлпаларға баяу айналатын қалдығы. Төбе және бүйірлік меристемалардан айырмашылығы, кейбір жіктелген элементтердің, мысалы, өткізгіш ұлпаларының болуы және инициальды жасушалардың болмауы. Қыстырмалы меристема өсімдікте үнемі сақталып қалмай, біртіндеп түпкілікті ұлпаларға айналады. 
  Жарақат меристемасы өсімдік денесінің жарақатанған жеріндегі түпкілікті ұлпалардың тірі жасушаларынан пайда болатын.  Мұндай жасушалардың барлық бағытта бөлінуінен шор немесе сүйел деп аталатын дене пайда болады.  Шор (каллус) жасушаларының меристемалық қасиетінен феллоген түзіліп, одан пайда болған тоз қабаты жарақаттанған жерді жабады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ең үздік топ
Ұлпалар. Эпителий ұлпасы мен дәнекер ұлпасының құрылысы мен қызметі
Тамыр . Тамыр жүйесі
Тамыр . Тамыр жүйесі.
Өсімдік жасушасының құрылысы
Бүршіктің ішкі құрылысы
Тамыр бөлімдері
Жасушаның құрылысы
Жабындық ұлпалар
Өсімдік ұлпаларының жалпы ерекшіліктері, қызметтері және орналасқан жері
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 11728 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык