Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жұлдызды сағат ойыны


Жұлдызды сағат ойыны

Жұлдызды сағат ойыны

Мақсаты: 1) Оқушылардың «Сүтқоректілер» тарауы бойынша алған білімдерін         ойын арқылы бақылау,тексеру ;   2) Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдерін пысықтап,есте сақтау қабілеттерін,өз бетінше ізденіп,шығармашылықпен жұмыс істеуіне,қорытынды жасай білуге, теориялық білімін өмірде қолдана білулеріне ахуал туғызту; 3) Жануарларды қорғай білуге баулу, топтаса жұмыс жасай білуге,ұжымшылдыққа, биологиялық сөз қорларын көбейте білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: тақырып жазылған кеспеқағаз, қоржын,нөмірленген асықтар,бейнефильм,компьютер,жалауша,сағат,интербелсенді тақта,суреттер
Сабақтың барысы: Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Топ жетекшісі сайланады.Ойын бөлімдері интербелсенді тақтада жазылып қойылады.Онымен мұғалім таныстырады:
1. Таныстыру
2. «Кім тапқыр» бөлімі
3. Мақал-мәтелдер,теңеулер,ырым-тыйым  сөздер
4. Кім жүйрік?
5. Сен маған,мен саған
6. Бәйге
7. Егер де,мен ... ( ашық мінбе) 
1.Таныстыру бөлімі- әр топ өз аттарын,ұранын тақпақ,өлең жолдары арқылы немесе қара сөздермен таныстырады.
2.»Кім тапқыр?» бөлімі –әрбір топ жетекшілері, қоржыннан нөмірленген асықтарды алып, оған сәйкес келетін сұрақтарға жауап береді.
Қоржындағы сұрақтар:
1.Не себептен класс сүтқоректілер деп аталды?
2.Қазақстанда тіршілік ететін сүтқоректілерді ата?
3.Сүтқоректілер класының негізгі отрядтарын қандай?
4.Қазақстандағы жануарларды қорғау шаралары қалай жүзеге асырылуда?
5.Қазақстанның Қызыл кітабына енген сүтқоректілерді ата?
6.Жылқының адам өмірі үшін қандай маңызы бар?
7.Біздің ауылымызда жылқының жаңа қолтұқымын шығару үшін қандай ғалымдар еңбек сіңірді?
8. Жылқыға байланысты қандай ұлттық спорт ойындарын білесіңдер?
9.Өз өлкеңдегі өсірілетін қойдың қолтұқымдарын ата?
10.Түйе,ірі қара,қолға үйретілген жануарлар шаруашылығы туралы не айтасың?
3. Мақал-мәтелдер,теңеулер,ырым-тыйым  сөздер бөлімі 
Бұл бөлімде әр топ оқушылары 3 мақал, 3 мәтел,3 тыйым сөз, 3 ырымдар айтудан сайысады.
4.»Кім жүйрік ?» 
Екі топқа суреттермен жұмыс жасау ( бір аңды – жыртқыш, үй жануары) беріледі. Сипаттау: қандай жануар немесе аң -аты, қандай тұқымдасқа жатады, негізгі ерекшелігі,пайда-зияны
5. «Сен маған,мен саған» бөлімі
Екі топтың бір-біріне дайындап келген сұрақтарына жауап. Бір-біріне қарама-қарсы сұрақтар қояды.Жауап алынады.
6. «Бәйге» бөлімі
Қойылған сұрақтарға тез жалаушаны,немесе қолды  көтеріп жауап беру. 
Сұрақтары:
1.Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың қанша қолтұқымы бар?
2.Қазақстанның қандай қалаларында хайуанаттар бағы бар?
3.Қазақстанның Қызыл кітабы туралы не айтасың?
4.Қазақстанда қандай қорықтар бар?
5.Не себептен жылқыны елтаңбамызға бейнеледі?
6.Қойдың қолға үйретілген уақыты?
7.Үй хайуанаттарының орталығын анықтаған ғалым?
8.Терісі бағалы аңдардан алынатын өнім?
9.Суда тіршілік ететін сүт қоректілерді ата?
10. Жануарлардың аталық және аналық дараларының атауы қандай? (жынысына байланысты)
11.Жастарына байланысты қандай ат беруге болады?
12.Дүниедегі ең үлкен,ең биік,ең жүйрік,ең сезімтал,ең ақылды,ең текті,ең тексіз жануарларды ата?
7.Егер де,мен ... ( ашық мінбе) 
Маммолог ғалым болсам... Топ басшыларының ой пікірі
2.Қорытындылау.Жеңімпаз топты анықтау,марапаттау
Үйге тапсырма:1.«(Сүтқоректілер немесе аңдар» класы тарауын қайталау
                          2.Сүтқоректілерді тиімді пайдалану және қорғау тақырыбында   реферат жазу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бауырымен жорғалаушылар. Сүтқоректілер.
Сүтқоректілердің көптүрлілігі.
Сүтқоректілер класы
Сүтқоректілер класы. Тіршілік ортасы, сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері
Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстары
Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер
Омыртқалылар типінің кластары
Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер
Түйе – төрт түліктің төресі
Төрт түлік
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 4286 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык