Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жасушаның құрылысы


Жасушаның құрылысы

Жасушаның құрылысы

Биология 6 а сынып

Күні: 23.09.2014.

Сабақтың тақырыбы: Жасушаның құрылысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жасуша құрылысы мен атқаратын қызметі тарауын интерактивті тәсілдерді қолдана отырып, оқушыны шығармашылыққа баулу.

Дамытушылығы: Тараудағы негізгі мәселелерге көңіл аудара отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты жылдам орындауға және алған білімдерін іс - жүзінде қолдануға, жаңа технологиялармен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:    Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері:  Топтық,жеке оқушылармен жұмыс, Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ – жауап

Жаңа технологиялар:  АКТ,  СТО, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:  Презентация, «Жасуша құрылысы» плакаты, постерлер,видео көрсетілім,микроскоп,жуа,өсімдік жапырағы,жасуша макеттері, т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,математика,тарих

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру.

- Саламатсыңдарма , балалар!

-Бәріміз бір-бірімізге қарап күлімдейікші!

Күлкі – жанның қуанышы, күлкі –өмірімізді ұзартады.

Бәріміздің көңіл – күйіміз жақсы сияқты.

Бүгінгі сабақ тағы бір жаңа білімнің бастауы болмақ.Ал біз жаңа ілімді қайдан аламыз?

Білімді терең меңгеру үшін,оны сүйсіне оқу керек.Сонда ғана оқу,білім алу оңай болады. Бүгінгі сабақта сендерге сәттілік, жаңа тақырыпты жақсы меңгерулеріңді тілеймін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Шыңға шығу». Сұрақтар қойылады.  Қай топ көп ұпай жинайды.

1.Тірі организмнің ең кіші құрылымдық бөлшегі.   Жасуша

2.Алғашқы микроскоп қай жылдары ашылды?         1590-1610 ж

3.Алғаш микроскопты ойлап тапқан ғалымдар?      Янсендер

4.Жасушаны алғаш кім ашты,қай жылы?

5.Р.Гук  жасушаны неден көрді?              Ағаш қабығының жұқа кесіндісінен

6.Ұлғайтқыш құралдар.    Микроскоп,ұлғайтқыш қол әйнегі,тұтқалы ұлғайтқыш әйнек

7.Микроскоп қандай құрал?  100-ден 2000 есеге дейін ұлғайтып көрсететін құрал

8.Микроскоптың үлкейтіп көрсететін әйнектері бар бөлігі.  Көру түтігі

9.көру түтігінің жоғарғы жағында орналасатын 2 линзасы бар бөлігі.

  Окуляр

10.Көру түтігінің төменгі жағында бірнеше линзасы бар бөлімі.   Объектив

11.Көру түтігінің екі жағында не орналасады?   Бұрандалар

12.Препарат орналастыратын микроскоп бөлігі.   Заттық үстел

13.Заттық үстелшенің астында жарық қабылдайтын  микроскоп бөлімі.Айна

14.Микроскоптың тірегі.   Табаны

15.Микроскоптың неше есе үлкейтетінін қайдан білеміз?

16.Преапарат дайындау үшін қандай құрал-жабдықтар керек?

17.3-5 есе үлкейтіп көрсететін құрал.      Ұлғайтқыш қол әйнек

18.10-25 есе үлкейтіп көрсететін құрал.   Тұтқалы ұлғайтқыш әйнек

19.Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі.

ІІІ.Жаңа тақырыпты меңгеру.

1.Жасушаның құрылысы.

2.Жасушаның бөліктерінің атқаратын қызметі.

- Кірпіш үй тұрғызу үшін құрылысқа не керек?  Кірпіш тас

- Сөйлем құрау үшін не керек?   Сөз

- Сөз неден құралады?  Әріптен

- тірі ағзалардың денесі неден құралады?   Жасуша

- Дұрыс

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

Сабақтың тақырыбы:  Жасушаның құрылысы.

Видео көрсетілім негізінде сабақ түсіндіріледі.

Жасуша – өсімдіктің ең қарапайым тірі бөлшегі. Ол негізгі 3 бөліктен:

-         Жасуша қабықшасы -  жасуша сыртын қаптайды.

-         Цитоплазма – жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір,желім тәрізді созылмалы қоймалжың сұйық зат.

-         Ядро  -  цитоплазмаға қарағанда тығыз әрі сыртында қабықшасы бар.

Пластидтер – тек өсімдік жасушасына тән денешіктер.Бұлар бактериялар мен саңырауқұлақтарда болмайды.Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай пластидтер:   1. Хлоропластар

2. Хромопластар

3. Лейкопластар

Хлоропластар – өсімдікке жасыл түс береді.Өсімдіктің барлық жасыл мүшелерінде кездеседі.

Хромопластар – гүл күлтелерінде,күзгі жапырақтарда,піскен жемістерге,жемтамырларға қызыл,сары түс береді.

Лейкопластар- өсімдіктің тұқымында,тамырында,түйнегінде кездесетін түссіз,ұсақ денешіктер.

Вакуоль – цитоплазма ішіндегі шырынға толы,сыртында қабықшасы бар қуыс.Ол жасуша шырынының жиналуына байланысты біртіндеп пайда болады.Шырынның құрамындағы органикалық қышқылдар,дәрумендер,,тұздар жасушаның қоректенуіне жұмсалады.Вакуол жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді.

Пияз өңінің пластидтері түссіз болғандықтан микроскоптан дұрыс көрінбейді.

IV. Практикалық жұмыс.

І топ:      Пияз қабықшасының өңінің жасушасын микроскоппен қарау.

ІІ топ:     Бөлме өсімдігінің жапырақ өңінің жасушасын микроскоп арқылы қарау.

ІІІ топ:   Препаратты дайындау ретіне қарай орналастыр.

V. Сабақты бекіту.

Шығармашылық жұмыс.

І топ:    Жасушаның құрылысы және оның атқаратын қызметі.

Суретпен жұмыс.

ІІ топ:   Жасушаның суреті беріледі. Құрылысын жазу керек.

«Ұқсастық пен даралық» стратегиясы.

ІІІ топ: Пластидтердің өздеріне тән ерекшелігі және ұқсастығы.

Жеке қабілетті оқушыларға шығармашылық жұмыс беріледі.

«Жасуша патшалығы» тақырыбында ертегі құрастыру.

Нашар оқитын оқушыға шығармашылық жұмыс.

Интерактивті тақтада микроскоптың суреті беріледі.

Тапсырма: Микроскоптың бөліктерін жазу керек.

VI.Қорытындылау.

1.Жасушаның  негізгі бөліктері.

2.Жасуша қабықшасының қызметі.

3.Цитоплазма қандай органоид?

4.Ядроның қызметі.

5.Пластидтердің неше түрі бар?

VII.Рефлексия. 

VIII.Оқушыларды бағалау.

IX.Үйге тапсырма. Картон қағаздан немесе ермексаздан жасуша жасау.

Тақырыпты оқу,мазмұнын айту.

№ 36 орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы: Жасушаның құрылысы

Биология 6 «а» сынып

Биология пәні мұғалімі: Рахимова А.М.

Атырау  2014 жыл


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жасуша органоидтері: жасушалық мембрана, эндоплазмалық тор, рибосомалар, митохондриялар, лизосомалар, жасуша орталығы.
Жасуша тарауын жұмбақпен қорытындылау
Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі
Жасуша ядросы
Өсімдік жасушасының құрылысы
Цитология және оның органоидтары
Бақытты сәт
Жасуша құрылысы және атқаратын қызметтері тарауына қорытынды
Жасушаның құрылысы
Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 6896 | Қосты: Альмира Рахимова Мелисовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык