Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жылқы шаруашылығы


Жылқы шаруашылығы

Сабақтың тақырыбы: Жылқы шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік-жылқы шаруашылығының адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
2. Тәрбиелілік-оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, шыдамды болуға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық- оқушылардың пәнге ынтасын арттыру.
Сабақтың түрі:  аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: ИКТ
Пән аралық байланыс: география.
                                   Сабақтың барысы. 
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Сынып оқушыларын түгелдеу.
3. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.
4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Логикалық сұрақтар 
1.Жер бетінде қандай жануардың төрт тізесі бар?
т ү й е
2Өкпе ауруымен ауырмайтын үй жануары?
и т
3.Әлемдегі еңбиікжануар?
к е р і к
4. Біржаққырыменжатыпұйықтайтынжыртқышсүтқоректі? 
а қ а ю 
5 Жербетіндегіеңтісікөпжәндік?
Ұ л У
Бунақденеқоректілер Кемірушілер Жұптұяқтылар Жыртқыштар
Төменде берілген жеке отрядтардың тұсына сәйкесін жазыңдар
1. Күрек тістері жақсы жетілген.
2. Дене температурасы онша тұрақты емес.
3. Түр құрамы өте көп.
4. Сойдақ және азу тістері жақсы жетілген.
5. Миы жақсы жетілген.
6. Үшінші және төртінші саусақтары жақсы жетілген.
7. Қарақұйрық, ақбөкен, бегемот.
8. Кірпі, жұпартышқан, жертесер.
1. Борсық.күзен,қабылан.
2. Қалқанқұлақ, жайра, көк суыр.
3. Тұмсығы алға қарай шығынқы.
4. Сойдақ тістері өте көп.
5. Тістерінің құрылысы біркелкі.
6. Кей түрі ін қазып тіршілік етеді.
7. Қуысмүйізділер деген тұқымдасы бар.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Түр:   Қазақы жылқы 
Туыс: Адай жылқысы 
Тұқымдас:Жолат,домбай т.б
Отрядь: Тақтұяқтылар
Класс: Сүтқоректілер
Тип: Көпжасушалыра
Дүние:  Жануарлар
Қазақы жылқы
 Қазақстанда ерте кездерден бастап, өсіріп келе жатқан қолтұқымның бірі - қазақы жылқы. Оның негізгі тобын - «жабы» деп атайды. Бұл қолтұқым көлік малы ретінде және еті, сүті үшін де өсіріледі. Дене бітімі шымыр, қатаң ауа райына төзімді. Жыл бойы жайылымда, жемшөп талғамайды, тез қоңданады, салт мінуге ыңғайлы. Ең байырғы тұқымы нашар қазақы жылқы - жабы. Оның шоқтығына дейінгі биіктігі - шамамен 145 см, тұрқы - 150 см, салмағы - 460-470 кг. Жайылымда семіртілсе, одан 230-250 кг таза ет алынады. Жабы жылқылары Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола аймақтарында өсіріледі .
 
Қостанай жылқысы
Қостанай және Ресейдің Челябі аймақтарында өсіріледі. 1951 жылы өз алдына жеке қолтұқым ретінде бекітілген. Жергілікті қазақы жылқылардың биелерін асыл тұқымды қалмақ, дән, орлов жылқыларының айғырларымен жұптастыру арқылы шығарылды. Бұл қолтұқым тебінге төзімсіз.
Қазақстанның батыс өңірінде соңғы жылдары жылқының - мувалжар қолтұқымы шығарылды. Ол негізінен етті және сүтті бағытта өсіріледі. Биелері жылына 3000 литрдей сүт береді.
Қазақстанда жоғарыда аталған қолтұқымдардан басқа жон, желғор, қарабайыр, буденный, түрікменнің ахалтекесі жылқылары өсіріледі. Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті, шипалы қымызы үшін де өсіреді .
Жылқы өнімдері 
Қымыз
Қымыздың 3 мың жылдық тарихы бар. Қымыз - халқымыздың кәделі әрі киелі сусыны. Қымыздық 40-қа жуық түрін дайындайды. Оны дайындау тәсілдері де түрліше. Мысалы, уыз қымыз, бал қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз, жуас қымыз, қысырақ қымыз, шырғанақ қымыз және басқа да түрлері бар. Қымыздың шипалық қасиетіне шет елдер де көңіл бөле бастады. Халқымыздың ұлттық мерекесінің бірі «қымызмұрындық» деп аталады 
 
Ет өнімдері
Жылқы етінен өндірілетін өнімдер: жал, жая, қарта және шұжық. Жал - желке шайы, жая - екі жамбастың сырты, яғни сауыр еті. Қазы - қабырғаның майлы сүбе еті. Қарта - тік ішектің майлы бөлігі. Шұжық - туралған ет пен май тығылып, илектен жасалған тағам
IV.Бекіту кезеңі.
ТВ Бинго 
V.Бағалау кезеңі.
VI.Үйге тапсырма.
1. Жылқы шаруашылығын оқу.
2. Тест жазу.
3. Сөзжұмбақ құрау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жылқы
Жылқы шаруашылығы.
Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер
Түйе – төрт түліктің төресі
Төрт түлік
Қазақтың ұлттық тағамдары
Төрт түліктің төресі
Төрт түлік Үй жануарлары
Жыл басы - Жылқы
Жылқы АШЫҚ САБАҚ
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 2203 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык