Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Төрт түліктің төресі


Төрт түліктің төресі

Тақырыбы: Төрт түліктің төресі

Мақсаты: Жылқының қазақ тұрмысындағы өзіндік орнын  ұғындыру, оның еті мен сүтінің адам денсаулығына шипалық қасиетін және  халқымыздың жылқыға деген ерекше құрметі мен  киелі жануар екендігі туралы  түсініктерін толықтыру.
Түрі: танымдық сабақ
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Негізгі бөлім
1. «Жылқы тарихы-қазақ тарихы» /постер құру, қорғау/
2. «Жылқы және қазақ рухы» /газет қорғау/
3. «Жылқы – қасиетті жануар»   /жылқы қасиеттері туралы/
4. «Жылқы – киелі жануар»   /жылқы түрлерімен таныстыру/
ІІІ. Қорытынды бөлімі  
Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Әр топ өз топ атаулары туралы айтады. Не  себепті аталғаны, қандай әдеби шығармамен байланысты екені туралы түсінік береді.
1-топ: «Маңмаңгер»2-топ: «Құлагер»
 
Кіріспе сөз:
Қазаққа қасиетті жылқы малы,
Төгілген сала құлаш құйрық, жалы
Баласындай мәпелеп күткен қазақ
Жорғасын майда жүріс, майталманы.
 - Халқымыздың ерекше қастерлеген және жанына балаған қасиетті түлігінің бірі-жылқы. Жылқы-қазақтың ең қадірлі малы, басты байлығы. Ол – қазақ тұрмысында тек байлықтың ғана емес, сән-салтанаттың, сұлулық пен көркемдіктің идеалы. Жылқы -  қазақ даласының екінші есімі. Қазақ ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір-біріне етене жақын тамырлас та тағдырлас айтылады.
 
ІІ.Негізгі бөлім
Көрік берген қазақтың даласына,
Жылқыға көз тоқтатпай қаласың ба?
Әжетке де жарады деген қазақ
Ат жалын тартып мінген баласына.
- Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте ерекше. Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген – жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез-құлық, бітім-болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет, әрі бұл – қазақтың осы түлікке деген аса жоғарғы құрметінің белгісі. Қазақ ат десе ішкен асын жерге қояды. Жылқынының дүбіріне, күліктің күмбіріне құлақ қойып, елең етпес қазақ баласы сірә жоқ. 
1. «Жылқы тарихы-қазақ тарихы» /постер құру, қорғау/
Туған баласын түліктің төліне теңеу де көшпенділердін, әсіресе, қазаққа тән қасиет. Ата-ана баласын «құлыным», «құлыншағым» деп құлпырта мекіреніп, оның томпаң қағып, зыр жүгірген жүрісін құлындай құлдыраңдады деп бейнеледі. Ал қазақ баласы болса құлын болып кісінеп, тай-құнан боп тулап, асау болып алысып, ат болып жарысып ойнап, тарпаң болып ер жетеді.
Біз жылқы туралы не білеміз?
• Дүние жүзінде жылқының 250-дей түрі бар. Қазақстанда 16 түрі өсіріледі.
• Жылқы тұқымына қарай, арғымақ, қазанат, абы, тобышақ, текежәуміт, қазақы ат, қарабайыр, жырақ, дүлдүл деп бөлінеді.
• Шабыс аттар: жүйрік, тұлпар, сәйгүлік, саңлақ, бәйге ат
• Салтанатқа мінетін жорға аттар: су жорға, төкпе жорға, айдама жорға, шайқалма жорға
• Жай мініс аттар: аяқылау, жетек ат, қосақ ат, жұп ат, көсем ат
Жылқыны жасына қарай атау
• 1 жас-жабағы
• 2 жас-тай
• 3 жас-құнан
• 4 жас-дөнен
• 5 жас-бесті
• 5 жастан құлындаған аналық жылқы-бие
• 2-3 жастағы аналық жылқы-байтал
 
2. «Жылқы және қазақ рухы» /газет қорғау/
Көрік берген қазақтың даласына
Жылқыға көз тоқтатпай қаласың ба?
Әжетке де жарады деген қазақ
Ат жалын тартып мінген баласына.
 
3. «Жылқы – қасиетті жануар»   /жылқы қасиеттері туралы/
Қымыз түрлері: 
Уыз қымыз – бұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қою қымыз;
Сары қымыз – жаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз;
Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылыарнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;
Құнан қымыз – үш тәулік бойы ашытылады;
Бал қымыз – бал, қант секілдітәтті қосып жуасытқан қымыз;
Дөнен қымыз – төрт тәулік ашытылады;
Бесті қымыз – бес тәулік ашытқан қымыз;
Асау қымыз – бесті қымыздан да күшті қымыз;
Жуас қымыз – баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз;
Қорабалы қымыз – мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып, бірнеше күн жинаған қымыз;
Сірге жияр қымыз – күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн  жиналады.
Жылқыға тән  жүріс түрлері:
Жылқы жүрісі табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.
Табиғи жүріс – жылқыға адамның үйретуінсіз біткен жүріс (аяң, желіс, шабыс, жорға).
Аяң жүріс – жылқының ең жай жүрісі. Мұнда ол алдыңғы оң аяғы мен артқы сол аяғын кезек басады. 
Өгіз аяңда – алдыңғы аяқтың ізіне артқы аяқ жетпейді. Аяңшыл жылқыға кәдімгі ат бүкіл желіспен әрең ілеседі, аяңшыл жылқының артқы аяғы алдыңғы аяқтың ізінен асып түсіп отырады (сағатына 5 – 7 км жүреді).
Желіс – аяңнан гөрі өнімдірек жүріс. Бұл бүлкіл, бөкен желіс, сар желіс болып бөлінеді. 
бүлкіл – желістің ең жай түрі (сағатына 13 – 15 км);
бөкен желіс ұзақ жолға қолайлы (сағатына 20 км) - жолаушыға да, жылқыға да бөкен желіс тиімді.
сар желіс – желістің ең шапшаң түрі (сағатына 50 км-ге дейін). Мұңдай желіс желгіш жылқы тұқымдарына ғана тән. Бірақ жылқы сар желіске ұзақ төзе алмайды.
Шабыс – жылқының желістен де тез жүрісі. Мұның жай түрін майшоқырақ деп атайды, өйткені адамға тыныш келеді. Мұнан қарқындысын жай шабыс, ал жылқының бар мүмкіншілігінше шабуын ағынды шабыс (мысалы, ағынды жылқы) деп атайды, яғни мұндай жылқы қысқа қашықтықты өте тез алады. Бұл – әсіресе ақалтеке жылқысына тән қасиет.Жылқының өзге жүрісінің бірі жорғалау жарыс және қарғу. Қарғуға жылқыны жаттықтырады. Жаттыққан жылқы 2,47 м биіктіктен, ұзындығы 8,3 м ордан қарғи алады.
4. «Жылқы – киелі жануар»   /жылқы түрлерімен таныстыру/
Тәует бас, қамыс құлақ, құраған жақ,
Құлан жал, бұлан мойын, қой жұтқыншақ.
Қоян жон, жазық жая, жауырынды,
Құс топшы, қос шынтағы қалқыңқырақ.
 
Жылқы түрлерін білесің бе?
Араб жылқысы-Ертеден белгілі   жылқы тұқымының бірі. Араб жылқысы 
ҮІІ  ғ-дан белгілі. Ол ХҮ ғ-дан бастап  Еуропада көптеген жаңа жылқы тұқымдарының (таза мініс жылқысы, тракенеп, венгр жылқысы, орлов желгіші, т.б.) өсірілуіне себеп болды. Оның  айғырларын қазақ халқы өзінің жылқы тұқымдарын жақсартуға қолданды.  Тұяғы  берік, өте сымбатты, ұзақ жүріске төзімді әрі жүрдек келеді.  Шөлге шыдамды, күтім таңдамайды. Қазақстанда таза Араб жылқысы өсірілмейді.
 
Дон жылқысы-ХҮ-ХІХ ғ-ларда Дон казактарының жергілікті орыс жылқыларын жорықтардан әкелген парсы, қарабах, араб, түрікмен жылқыларымен ұзақ жыл будандастыруы арқылы шығарылған; кейін орыстың орлов-ростопчин, стрелец және ағылшынның таза текті жылқыларымен будандастыру арқылы асылдандырылған. Дон жылқысының сүйегі ірі. Сауыры жалпақ, түсі жирен, көбінесе күрең болады. Дон жылқысы төзімді, аса күтім талғамайды, шаруашылыққа қолайлы, ауа райының ыстық-суығына көнбіс. Сауын маусымында әр биеден 3000 кг сүт саууға болады.  
Ақалтеке жылқысы-Бұл тұқым араб жылқысынан бұрын шығарылған және ең ескі тұқым болып саналады. Ол осы күнгі түрікмен жылқысының ұрпағы. Ахалтеке жылқысы Түркмен республикасындағы жылқылардың негізгі түрі. Күй талғағыш, сымбатты, әсем келеді. Басы ашаң, мойны ұзын, тік (кейде бұғы мойындысы да кездеседі), шоқтығы биік, арқасы жұмсақ, жоны ұзын, тұтас сауырлы, жіліншіктері жіңішке, топайлары дөңгелек, тұяқтары берік. Артқы аяқтары қайқылау, терісі жұқа, жалы жібектей жұмсақ болады. Басқа жылқыдай емес жайылымда баққанды ұнатпайды, қатты суықты көтере алмайды, сүйектері жұқа жаратылған. Ал жазғы шөл, шөлейт жерлерге мініске өте төзімді, жүйрік болады.
 
Буденный жылқысы — салт мінілетін жылқы тұқымы. 1921- 48 жылы Ресейдің Ростов  обл.  жылқы зауыттарында таза тұқымды  Дон  мініс жылқысы мен  Қара теңіз  жағалауының жылқыларын  будандасатыру арқылы шығарылған. Буденный жылқысы ірі, дене бітісі мығым келеді. Басы етсіз, қаз мойын, шоқтығы биік, аяғы сіңірлі, тұяғы берік.. Қазақстанда  Буденный  жылқысын  жетілдірумен Алматы  обл. Қызылағаш жылқы зауыты шұғылданады.
 
Қазақы жылқы-Қазақстан табиғатына сай, заман мүддесі мен мүмкіндігіне бейімдей  сұрыптаудың  нәтижесінде қалыптасқан жергілікті тұқым. Салт міну, жүк тасу, ет  пен сүт өңдіру үшін өсіріледі. Ғасырлар бойы халықтың сұрыптау әдісімен шығарылған. Жыл бойы жайылымда  бағуға бейімделген, жал-құйрығы қою, мойны жуан, арқасы берік, жұмыр денелі, жатаған, аяқтары сіңірлі, тұяқтары шымыр. Қазақы жылқының кейбір аймақтардың табиғи ерекшеліктеріне және басқа жылқы тұқымдарының ықпалына байланысты қалыптасқан бірнеше түрлері (Адай жылқысы, Жабы ) бар.
Ат әбзелдерін білеміз бе?
Тебінгі – ердің қос қапталындағы үзенгі бауды басып тұратын жұқа жабылғы. Оны жұмсақ теріден немесе былғарыдан жасайды.  Ол тоқым мен үзенгі бауды терден сақтайды. 
Таралғы немесе үзеңгі бау – ердің қапталындағы ойыққа өткізіліп, үзенгіге бекітілген қайыс бауды айтады. Бауды иленген қайыстан екі немесе үш елі етіп тіліп жасайды. 
Үзеңгі – атқа мінуге, сол сияқты ердің үстінде екі аяқты тіреп, нық отыруға, тебінуге мүмкіндік беретін құрал. Үзеңгі негізінен темірден жасалады, әрі оның түрі көп. Қыздар мен әйелдің үзеңгісі жеңіл әрі оюлы әшекейімен көз тартса, ер адамдар үзеңгісі берік қалың темірден жасалған.
Жүген – аттың басына кигізілетін, міндеті – атты иесі ырқына бағындыруға көмектесетін әбзел. Жүгеннің құрлымы: желкелік, милық, кеңсірік, қасқалық, сағалдырық, сулық, ауыздық және тізгін-шылбырдан тұрады. Жүгеннің түрі көп. Атап айтқанда: күміс (күмістелген) жүген, өрім жүген, шашақты жүген, қасқа жүген, үкілі жүген, түймелі жүген т.б. Жүген басына ауырлық келтіретіндей болмауы керек. Сондай-ақ, ертеде бәйбішелер мінетін жуас жылқыларға жібек жүген қолданатын болған.
Құйысқан – аттың үстіндегі ертоқымы қия жерде мойнына қарай сырғып кетпес үшін, аттың түп құйрығынан өткізіп, ердің артқы қанжығалығына бекітетін қайыстан жасалатын құрал. Құйысқанның екі жақтауы және жаңбырлық-салпыншақ атты жылқының сауырын жапқан үзбелері болады. Өмілдірік -  ер артқа қарай сырғып кетпеу үшін, аттың омырауын орай тағылған құрал. Өмілдірік – төсбау және айылбас салпыншақтардан тұрады. Төстаудың міндеті – омыраудағы өмілдірік аттың бауыздауына қарай сырғып кетпеу үшін, бір ұшы төс айылға байланып тұрады. Өмілдірікті жұмсақ қайыстан, сәндеп жасайды. Жасалу үлгісі мен пошымына қарай – өрмелі, шытыралы, түймелі, үзбелі, күмістелген т.б. өмілдірік түрлері бар.
Айыл –аттың үстіндегі ер-тұрманды нық  ұстап тұратын, жалпақтығы екі елі қайыс құрал. Айыл ердің қамшылар жағына бекітіліп, аттың бауырынан өткізіліп, жырымға қосылады. Айылдың міндетіне қарай – төс айыл және шап айыл деп бөледі. 
Таға-аттыңтұяғынақағылатынатәбзелі. Таулы -тастыжерлердежылқыныңтұяғымүжілмесүшінжәнемайтабанынатасбатпасүшінаттытағалапотырады. 
Шідер, тұсамыс, өре- мініс мал немесесауындыбиелерұзапкетпесүшінжылқылардыңаяғынатағылатынәбзел. Тұсамыс не тұсау-жылқыныңалдыңғыекіаяғынатағылатынарқаннанесілгенәбзел. 
Қамшы- атқамінгенадамдықамшысызелестетумүмкінемес. Алда-жалдақамшысызмінеқалсаңызқамшыларжаққолыңызбенауық-ауықаттыңсауырынсыйпалапқалатыныңызанық.Әрине, егерүнеміатқамініпжүргенжанболсаңыз. Сонымен, қамшы-біріншіденатыңжылдамдығынарттыруүшінқажеттіқұралболса, екіншіденқаруретінде де пайдаланылған. Басынақорғасынқұйылыпөрілгенбұзаубасқамшылармендәлдепұрғандақасқырдыңтұмсығынқақбөлуге де болады. Қамшыалтыөрім, сегізөрім, тоғызөрімболып кете береді. 
Жылқыға байланысты мақал-мәтелдер
Ат болатын тай саяққа үйір,                                      Аттың аты үлкен,
Адам болатын бала қонаққа үйір.                             Түйенің табаны үлкен.
 
Бір түлікке бай болғанша,                                         Ат қадірін білмесең,
Әр түлікке сай бол.                                                    Жаяушылық көрерсің.
                                                                                     Ас қадірін білмесең
Жылқы-малдың патшасы,                                         Ашаршылық көрерсің.
Түйе-малдың қасқасы.
 
Тайдың мінгені білінбес,                                          Жылқының көркі құйрық
Баланың жүгіргені білінбес.                                     Үйдің көркі мүлік.
Қорытындылау. 
Жылқы-малдың патшасы.
Жер апшысын қуырып, илеп келген,
Жылқы малы қазірде сиректеген.
Қайда барсаң, қаптаған машиналар
Жылқы мінген қазақты сирек көрем.
 
Көп нәрсенің қалдық па жазығына
Мән бермей ата-дәстүр азығына.
Жылқыны әкеп байлауым қиялменен
Бүгінгі, ертеңгілік қазығына.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Жылқы тану" қосымша сабағын мектеп бағдарламасына қосу бізге не береді?!
Жылқы
Жылқы
Жылқы шаруашылығы.
Жылқы шаруашылығы
Өмір нәрі- ата кәсіп
Төрт түлік Үй жануарлары
Жыл басы - Жылқы
Бас әріппен жазылатын сөздер. «Бәсіре» Әдібай Табылды
Жылқы АШЫҚ САБАҚ
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3409 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык