Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақылмен таңдау


Ақылмен таңдау

Ақылмен таңдау

Тақырыбы: «Ақылмен таңдау».

Сабақтың мақсаты:

А) мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру.

Ә) өзін – өзі тану аймағын кеңейту.

Б) мамандық әлемінен ақпараттарды алу.

Сабақ түрі: пікірсайыс.

Әдіс – тәсілі: әңгіме.

Көрнекілігі: плакаттар, қосымша материалдар, сызба.

Пәнаралық байланыс: өзін – өзі тану.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.

  1. Өткен тақырыпты қайталау.

Іскерлік белсенділіктің циклдері. Инфляция.

  •  
  1. Циклдік жұмыссыздық анықтамасы?
  2. Қазақстан экономикасы іскерлік белсенділіктің қай сатысында тұр?
  3. Инфляцияның мәні?
  4. Инфляция түрлері?
  1. Өткен тақырыпты қорытындылау және жаңа тақырыппен байланыстыру.
  2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жоспары:

  1. Мамандық таңдау мәні.
  2. Мектеп және жұмыс.
  3. Адам       мамандық      адам (пікірсайыс)
  1. Мамандық таңдау мәні.

Үлкендердің сендерге қоюды ұнататын сұрақтары бар. Мысалы, «Өскенде кім болғың келеді?» - деп сұрайды. Енді сіздер дүниенің бұрын ойлағаннан гөрі күрделірек екенін білесіз. Лайықты мамандық таңдау өз қолыңызда. Түйіннің кілті – тап өзіңіз. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – сіздің болашақ мамандығыңыз жөніндегі мәселелерді қалыптастыруға және ықыласыңыз ауған қызмет салаларын анықтауға көмектесу. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді». Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыздар, бүгін сабақта біздер осы маңызды тақырыптарға тоқталамыз.

Мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандық таңдаудан оқушылар белгілі жазушы, ғалым Жүсіпбек Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінен де ақыл – кеңестер алуына болады. Автор «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады.

Психолог мамандардың айтуынша, кез келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келетін мамандықты армандағаннан гөрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып жоспар құра білгені жөн. Мамандық таңдау – моральдық мәселе. Сондықтан әркім өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек. Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатыны тағы бар.

 

 
   

Сондай – ақ енді – енді өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтері бар.

 

 
   
  1. Мектеп және жұмыс.

Мамандық таңдауды анықтау тәсілдерінің бірі сіздің мектептегі үлгеріміңізге негізделген. Өзіңізді қызықтыратын пәндерге ерекше көңіл бөліңіз. Егер мектепте қандай да бір пән ұнап, оны қиындықсыз меңгерсеңіз, осы пәнді білуді қажет ететін мамандыққа ой тіреудің мәні бар. Айталық, сіз математика ерекше мықтысыз. Онда өз уақытыңызды осы пәнді білуді қажет қылатын мамандықтарды зерделеуге арнаңыз.

  1.  Адам           мамандық      адам (пікірсайыс)
  1. Менен сұрақ, сенен жауап.
  1. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
  2. Сен ол мамандық туралы не білесің?
  3. Мамандық таңдамауының себебі неде?
  4. Сенің мамандық таңдауына кім әсер етті?
  5. Қай жақта оқығанды ұнатасың?
  6. Сен оқуға түскеннен кейін оқудың  қиындығына төзе аласың ба?
  7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?
  1. Ең жақсы ойыны.

Ең ақшасы көп (банк қызметкері, экономист)

Ең жасыл (эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші)

Ең тәтті (аспаз, кондитер)

Ең күлкілі (клоун, карикатурашы)

Ең жауапты (сот, бухгалтер)

Ең салмақты (мұғалім, заңгер)

Ең қарым – қатынасы күшті (бизнесмен)

  1. Қазіргі заманның әрі тапшы, әрі табысты мамандары.

Елбасы жарлығымен 2011 жыл «Қазақстан Тәуелсіздігің 20 жылдығы» деп жарияланды. Мерей-тойдың ұраны: «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы». Ол мемлекетіміздің жаңа тарихындағы жарқын оқиға болмақ. Осы Тәуелдсіздігіміз тұғыры мықты болу үшін сендер өз үлестеріңді ұосуларың керек, 11 жылдық мектепті жақсы аяқтап қазіргі заманға лайықты мамандық иесі болуларың керек. Тапшы мамандықтар: аниматор, витражист, декоратор, интерьер дизайнер, клипмейкер, колорист, грим жасаушы.

  1. Жағдаяттық сұрақтар.
  1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата – анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
  2. Ата – анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата – анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
  1. Бұл кім?

Мен мамандық атауларын атаймын, сендер оқушылар ішінен сай келетін оқушыларды табамыз және себебін айтамыз.

5.Қорытындылау.

         Әбунасыр әл Фараби «... адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген. Сіздер мамандықты жүрек қалауы бойынша таңдауларыңыз керек. Өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қалаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.

  1. Үйге тапсырма: «Менің мамандығым, оның бүгіні мен болашағы» өз ойларын жазу.
  2. Бағалау.

�е�k�'���/U PS �уға жағдай жасайды.

  • Қауіпсіздік. Кредит карточкалары мен чек кітапшалары зат алғанда немесе сапарға шыққанда нақты ақшаға қарағанда неғұрлым ыңғайлы және сенімді төлем құралы болып саналады.
  • Төтенше жағдайда көмекке келу. Кредит күтпеген шұғыл шығындарды (аварияға түскен автомобильді жөндеу ақысын) төлеуге ыңғайлы.
  • Клиенттің адалдығын және ұқыптылығын көрсетіп отырады. Есепшот бойынша төлемдерді уақытылы төлеп тұру кісінің өзіндік бір сипаттамасы, оның міндеткерлігі мен мәттәқам ұқыптылығының белгісі болып саналады.

 

Кредиттің кемшіліктері:

  • Шашпалық. Кейде кредит карточкалары мен шығатын шығыс есепшоттарының ақшаны орынсыз шашуға әкеп соғатыны болады. Соңыра, қарыз көлемі ұлғайғанда ай сайын төленетін төлемдерді өтеу қиындай түседі.
  • Құнының жоғарылығы. Әдетте кредитпен зат алу нақты ақшамен алғанға қарағанда қымбаттқа түседі. Тауарды кредитке сататын дүкендер кредит карточкаларымен айналысатын фирмаларға пайыз төлеп отырады.Оның үстіне тауардың бағасына кредитті пайдаланғаны үшін пайыз қосылады.
  • Тұтыну кредитінің түрлері. Егер батыста жұрттың көбі кредит алып өмір сүру дағдысына ие болса, біздің қазақстандық нарықта кредит жүйесі енді ғана дами бастады осыдан бірнеше жыл бұрын кредит алу үлкен проблема еді ал қазір комерйиялық банктердің дүкендердің фирмалардың көбі тұтыну кредитін ұсына бастады.

                                        

Тұтыну кредиті

Қысқа мерзімдік кредит-негізінен тауарды ақысын бөліп бөліп төлейтін кредит алу

Ұзақ мерзімді кредит жылжымайтын мүлік сатып алуға берілетін ипотекалық кредит

                                                    


                                                    

 

V. Шығармашылық кезең.

 Логикалық тапсырмалармен жұмыс:

1) Мұрат пен Мадиярдың әке-шешесі  белгілі бір мақсатқа банктен несие алмақшы.

 Мадиярдың әке-шешесі пәтер алу үшін, Мұраттың  әке-шешесі  тоңазытқыш  сатып алу үшін несие алуға банкіге келді. Осы жағдайда олар тұтыну кредитінің  қай түрін алады?

2)Саматтың әке-шешесі банкіден 10жыл мерзімге несиеге пәтер алды.

Осы жағдайда:  Банкіден қарыз беруші (кредитор) және банкіден алушы (дебитор) кім болады?

 

Оқулықпен жұмыс. Есептер  шығару.

Есеп 1.  Банк 4,5 жылға несиеге жылдық 28%- бен 670 мың теңге береді. Банкке қайтарылатын соманы есептеңіз.

 Шешуі:

 

Қайтарылатын ақша қаражаттарының толық сомасы (несие + пайыздық төлемдер) = (670 мың теңге Х 28 Х 54) / (12 Х 100) + 670 мың теңге = 1514.2 мың теңге

Мұнда 4,5жыл*12 ай =54 ай –  ол  4.5 жыл

 

Жауабы: 1514.2 мың теңге

 

Есеп 2. Кәсіпкер өз бизнесін ұйымдастыру үшін банктік несиені  жылдық 26 % - бен 150 мың теңгегені 1 жылға алды. Егер, пайыз соммасы несиені бергенге дейін аванс ретінде несие соммасынан шегерілетін болса, кәсіпкер қандай сомма алады? Кәсіпкер банкке бір жылдан кейін қандай сомманы қайтарады?

Шешуі:

Несиені қолданғаны үшін төленетін пайыздық төлемдердің соммасын анықтаймыз:

150 Х 0.26 = 39 мың теңге

Кәсіпкердің алатын соммасы:

150 – 39 = 111 мың теңге

Бір жылдан кейін кәсіпкер банкке 150 мың теңге қайтару керек

 

Жауабы: 111 мың теңге  - кәсіпкер алатын сомма. Бір жылдан кейін кәсіпкер банкке 150 мың теңге қайтару тиіс.

 

                                            Кредит құнын есептеп шығару

Есеп 3. Айталық Болат, Мадина мен темір ақшасын бөліп-бөліп төлейтін етіп бағасы 30 000 теңге тұратын бір-бір стереомагнитафон алды дейік. Кредит құнын қосқанда әр қайсысына құны қаншадан келеді?

 

 

         Кредит бағасы

             Барлық бағасы

А) Болат 1 жылда айына 3 000 теңге төледі

6 000

36 000

Б) Мәдина 1 жылда аптасына 900 теңге төледі

16 800

46 800

В) Темір 2 жылда айына 2 000 теңге төледі

18 000

48 000

 

 

VI. Бекіту сұрақтары:

1. Тұтыну кредиті деген не?

2. Кредит беру шарттары қандай?

3. Кредит құны деген не?

4.Тұтыну кредитінің қандай түрлері бар?

5.Кредиттің артықшылығы қандай?

6. Кредиттің кемшілігі қандай?

 

VII. Бағалау:

 

 

VIІІ. Үйге тапсырма: Тұтыну кредиті 102-103б.б. Есеп № 4,5,6

 

 

ІХ.Сабақты қорытындылау:

 

 Не білем?

Не білдім?

Не білгім келеді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті
1867-1868 жылдардағы реформа
Экономика біздің өмірімізде
Тұтыну кредиті.Кредит құнын есептеу
Несие және оның түрлері
Тұтынушылық несие, сақтандыру
Мамандық таңдау. Жұмысшы мамандықтарымен танысу. Мамандық түрлері
Мамандық түрлері және мамандық таңдау
Мен таңдаған мамандық ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Экономика | Көрсетілім: 2405 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык