Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Күш


Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Күш

Сабақтың тақырыбы: Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Күш

Сабақтың мақсаты
Білімділік: масса, зат тығыздығы, күш, деформация, ауырлық күші, үйкеліс күші туралы, яғни ІV тарау бойынша алған білімдерін бекіту, пысықтау, бір жүйеге келтіру.
Тәрбиелілік: ұжымшылдыққа, ынтымақтастыққа, жолдастық өзара көмекке баулу.
Дамытушылық: күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар келтіру арқылы алынған білімді күнделікті пайдаға асыра білу, күнделікті кездесетін физикалық құбылыстар мен заңдылықтар туралы түсінегін дамыту. 
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Оқыту әдістері: Ой туғызатын сұрақтар қою, ойлануға үйрету, жаңа технологиялық әдістер.
Көрнекілігі: компьютер, слайд, кір сабын, иіс сабын, кеспе қағаздар, таразылар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: амандасу, түгелдеу, сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Сабақтың жоспары: 
     І. Бәйге
    ІІ.Ойлан тап
    ІІІ.Ғажайып үштік
    ІV.Есептер шығару
    V. Тест тапсырмалары
Денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесу болып табылады.
Мысалдар:
 
Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шаманы масса деп атайды.
Тәжірибе:                                      
 
Екі дененің массаларының қатынасы олардың өзара әрекеттесуі кезінде тыныштық күйінен шыққанда алатын жылдамдықтарының қатынасына кері пропорционал болады:
m_1/m_2 =v_2/v_1 
Массасының өлшем бірліктері: килограмм, грамм, миллиграмм т.б.
Өлшейтін құрал – таразылар.
 
Бәйге туры бойынша сұрақтарға жауап беру.
Масса дегеніміз не? (Масса- денелердің инерттілігінің өлшемі)
Тығыздығы мен көлемі бойынша масса қалай анықталады? (m= v)
Деформация түрлерін ата. (Пластикалық және серпімді)
Қандай күшті теңәрекетті күш деп атаймыз? (Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш)
Күшке байланысты мақал- мәтел  («Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады», « Көптің күші – бірлікте»)
Гук заңы қалай тұжырымдалады?Формуласы (Дененің созылуы (немесе сығылуы) кезіндегі серпімділік күшінің модулі дене ұзындығының өзгеруіне тура пропорционал:  Fсерп=kx)
Денелердің өзара әрекеттесуіне қандай ұлттық ойындар мысал бола алады? (арқан тартыс,т.б)
Деформация дегеніміз не?( Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация (латынша деформация – өзгеру) деп атаймыз).
Білеушені оңға қарай жылжытса үйкеліс күші қалай қарай бағытталады?( кері,солға қарай)
Мәндері бойынша тең, бағыттары қарама-қарсы екі күш денеге теңәрекет етсе, онда олардың теңәрекетті күші неге тең? (Онда олардың теңәрекетті күші нөлге тең болады)
Үйкеліс күші дегеніміз не? Формуласы? ( Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады, Fүйк= µN)
Бір түзудің бойымен қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әрекетті күші неге тең?( Онда олардың теңәрекетті күші түсірілген үлкен күш бағытымен бағытталады және осы күштердің сан айырмасына тең болады.)
Заттың тығыздығы дегеніміз не? Формуласы ( Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтамыз,  )
Динамометрді не үшін пайдаланамыз? ( Күшті өлшеу үшін)
Пластикалық деформацияның анықтамасы. ( Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация пластикалық деп аталады)
Ойлан тап бөлімі бойынша әртүрлі тапсырмалар орындаймыз.
Мына үш фигураны үш оқушы таңдайды және сондағы тапсырманы орындайды. 
█ -кір сабынның тығыздығын анықта
● –үйкеліс күшінің пайдасы мен зияны
▲- иіс сабынның тығыздығын есепте
Ғажайып үштік бөлімі бойынша мына сандардың астында жасырылған сұрақтарға жауап беру.
 
10 10 10
20 20 20
30 30 30
 
 
10 (сол жақтағы) - 5 кН неше ньютон бар?
10 (ортадағы) - Күштің түрлерін ата
10 (оң жақтағы) - Үйкеліс күшінің түрлерін ата
 
20 (сол жақтағы)- Массаның   бірліктерін ата
20 (ортадағы)- Дененің салмағы дегеніміз не?
20 (оң жақтағы)- Үйкеліс күші неге тәуелді?
 
30 (сол жақтағы)- Үйкеліс коэффициентінің өлшем бірлігі? 
30 (ортадағы) -Ауырлық күші   дегеніміз не?
30 (оң жақтағы) - Күштің сипаттамалары қандай?
 
Есептер шығару. Әр деңгей бойынша есептер шығарамыз.
І - деңгей
1. Қандай күштің әсерінен қатаңдығы 100 Н/м серіппе 0,02 м-ге созылады?
2. Бөлмеге ілінген шам төбеге 50 Н  күшпен әсер етеді.  Шамның массасы қандай?
ІІ - деңгей
Дененің А нүктесіне түсірілген екі   күштің тең әсерлісі неге тең? 
ІІІ – деңгей
Көлемі 2 л бензиннің салмағы қанша? 
 
Тест тапсырмасын орындайық. ІІ нұсқа бойынша орындалады.
 
Аты-жөні:
І нұсқа
1. Халықаралық жүйеде күштің өлшем бірлігі қалай аталады?
а) Кг*м/с  б) Ньютон  в) Архимед     г) Күш               
 2. Қырдан сырғанап келе жатқан шананы қандай үйкеліс тоқтатады?
а) Тыныштық   б) Сырғанау  в) Тербелу  г) Ешқайсысы                
3. Гук заңын  өрнектейтін теңдеу ....
 а) Fa= mg ; б) F= mN;   в) F= kx;    г)= m / V.
 4. Жылдамдықтарын  өзгерту қабілеттілігін  сипаттайтын шама не деп аталады?
а) масса; б)жол;  в) уақыт;   г) орын ауыстыру.                
 5. 8 кН қанша Ньютон бар?
а) 0,08Н     б) 0,00008 Н   в) 8000 Н   г) 0.8 Н   
 
 
1 2 3 4 5
 
    Аты-жөні:           
ІІ нұсқа
1. Халықаралық бірліктер жүйесінде массаның өлшем бірлігі.
 а) кг           б) г       в) м         г) т   
2. 1кг неше граммға сәйкес келеді ?
  а) 0,001     б) 10000   в) 1000     г) 0,01   
3. 1,8т берілген мәнді килограммен өрнекте.
  а) 1800 кг   б) 180кг   в) 0,18кг  г) 180000кг  
4. Дененің қозғалыс жылдамдығының бағыты  үйкелес күшінің бағытымен .....
  а) бағыттас болады   б) қарама-қарсы болады  
    в) өзгермейді    г) жауаптардың ішінде дұрыс жауап жоқ.  
5.Дененің массасын анықтауға арналған құрал.
              а) термометр   б) спидометр   в)сызғыш       г) таразы
 
1 2 3 4 5
 
Дұрыс жауаптары беріледі. Әр оқушы өзінің қасында отырған оқушыны тексеріп бағасын қояды. 
Дұрыс жауаптары: 
І нұсқа                                            ІІ нұсқа
1.   б                                                 1. а
2.   б                                                  2. в
3.   в                                                  3. а
4.   а                                                 4. б
5.   в                                                  5. г
 
“5”  -  5
“4”  -   4
“3”  -   3
 
Қорытындылау: Жұмбақты шеше отырып бүгінгі сабақтың аты шығады. 
  Масса және күш.
Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды.
(Масса)
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді.
(Күш)
 
 
№1
Массасы 2,5 кг кірпішке қандай ауырлық күш әсер етеді?
 
№2
Сүт құйылған бидонның массасы 30 кг. Бұл бидонға қандай ауырлық күш әсер етеді?
 
№3
Массасы 50 кг денеге қандай ауырлық күші әсер етеді?
 
№4
Жерге 700 Н күшпен тартылатын сым темірдің массасын есептеп тап. 
 
Бағалау
Үйге тапсырма: Сөзжұмбақ құрастыру

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Күшті өлшеудің практикалық тәсілдері.
Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру
Масса және күш. Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы
Күш. Деформация
Күш. Күш түрлері
Масса және күш тарауын қайталау
Глоссарий
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформациялан денелердің потенциалдық энергиясы
Архимед күші
Механикадағы күштер
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 15298 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык