Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Механикадағы күштер


Механикадағы күштер

 Сабақтың тақырыбы: Механикадағы күштер

Сабақтың мақсаты:

Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін бақылау, бағалау, білім-білік дағдыларын қалыптастыру,ой-өрістерін дамыту.

Білімділік мақсаты: оқушыларға  механикадағы күштер туралы жете түсіндіру.   
                     
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.    

Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.

 

Сабақтың бөлімдері:

I.      Сергіту сәті
I I.   Механикадағы күштер
I I I. Есептер шығару
I V.  Тест тапсырмаларын орындау
V.     Формулалар жарысы(өз орнын табу)
VI.   Үйге тапсырма

                                Сергіту  сәті:

“Физика” қай елдің сөзінен шыққан, мағынасы қандай?
Табиғат құбылыстары дегеніміз не,табиғат құбылыстарына нелер жатады?
Физика қандай құбылыстарды зерттейді?
Материя дегеніміз не?
ХХ ғасыр - ғылыми-техникалық төңкеріс ғасыры(4 ғылыми жаңалықтықты ашып көрсету).
Астрономия қандай ұғымды білдіреді?
Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай аталады?
Жаратылыстану ғылымдарының Орталық Азияда дамуы?
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері қандай?
 Зат құрылысының молекулалы-кинетикалық  теориясының негізгі қағидалары қандай және кім  қорытындылап берді?
 Диффузия дегеніміз не? Мысал келтіріңіздер
Температураны өлшегенде қандай шкалалар   қолданылады?
Заттың күйлері қандай және оларға тән қасиеттер қандай?
Механикалық қозғалыс деген не?
Н.Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі қандай?
Материялық нүкте деген не?
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар деген не?
Қозғалыс жылдамдығы деген не?
 Инерция деген не?
Күш деген не?

                                                                                         

Механикадағы күштер

  Ауырлық күші

  Тіректің реакция күші

 Серпімділік күші

 Үйкеліс күші

 Нормаль қысым күші

 Теңәрекетті күш

F=mg

N=mg

Fсерп=kx

Fүйк=µN

N=mg

FR=F1+F2

  FR=F2-F1

1-есеп.

Массасы 20 кг денеге әрекет ететін ауырлық

күшін анықтаңдар (g=9,8H/кг).

2-есеп.

12-жаттығу №7

Массасы 2 кг денеге Ай бетінде әрекет ететін

ауырлық күшін табыңдар

3-есеп.

13-жаттығу №3

Массасы 40кг баланың Айдағы салмағын

анықтаңдар. Айдағы gАй = 1,6 Н/кг.

4-есеп

   Салмағы 0,98 кН дененің массасын анықтаңдар

5-есеп

Серіппе 20 Н күш әрекетінен 10 мм-ге ұзарған. Қандай күш

әрекетінен серіппе 15 мм-ге ұзаратынын есептендер

6-есеп

   Серіппе 4 H күш әрекетінен 0,02 м-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығын анықтаңдар

7-есеп

10-жаттығу №4

   Гук заңы орындалатын жіңішке спираль серіппе тірекке

вертикаль бекітілген және 160 Н күш әрекетінен 72 мм-ге

ұзарған. Серіппеге қосымша 120 Н күш түсірілді.

Серіппенің ұзаруын табыңдар.

 

8-есеп

  Массасы 60 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш

жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті µ=0,3.

9-есеп

14-жаттығу №4

Массасы 50 кг дене 200 Н күштің әрекетінен жазық бетте

бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?

10-есеп

Бір түзу бойымен денеге 2Н және 3Н күштер әсер етеді.

Осы күштердің теңәрекетті күші: 5Н, 1Н тең болуы

мүмкін бе? Қандай жағдайларда?

 

1. Ауырлық күшін өлшейтін құрал?

    А)   манометр  

    В)   спектрометр

    С)   динамометр

    Д)   ареометр

    Е)   барометр

2. Жылдамдықтың 72 км/сағ-пен берілген мәнін м/с-пен өрнектендер:

    А)   7200 м/с

    В)   20 м/с

    С)   200 м/с

    Д)   72000 м/с

    Е)   3600 м/с

3. Төмендегі құбылыстардың механикалық құбылыстарға жататыны:

    А)   автомашинаның қозғалысы

    В)   жапырақтардың сарғаюы

    С)   картоптың бүлінуі

    Д)   найзағайдың жарқырауы

    Е)   судың қайнауы

4. Жер тобының ғаламшарларына кірмейтіні:

    А)   Юпитер (Есекқырған)

    В)   Марс (Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз)

    С)   Жер

    Д)   Шолпан

    Е)   Меркурий (Болпан немесе Кіші Шолпан)

5. Төмендегі шкалалардың термометр шкаласына жатпайтыны:

    А)   Цельсий

    В)   Фаренгейт

    С)   Торричелли

    Д)   Реомюр

    Е)   Кельвин

6. Айдың тұтылуы көрінетін жағдай:

    А)   толық айда

    В)   жаңа айда

    С)   айдың кез келген фазасында

    Д)   айдың 1-жартысында

    Е)   айдың 3-жартысында

7. Құралдарға жатпайтын құрал өлшеуіші:

    А)   сызғыш

    В)   манометр

    С)   ареометр

    Д)   тұтқа

    Е)   динамометр

8. Күн жүйесіндегі планеталардың орбитасы тәріздес болып келеді:

    А)   эллипске

    В)   шеңберге

    С)   параболаға

    Д)   эллипс және параболаға

    Е)   гиперболаға

9. Балалардың шанамен сырғанауы кезінде байқалатын құбылыс:

    А)   механикалық

    В)   физикалық

    С)   конвекция

    Д)   индукция

    Е)   инерция

10. Трактор сепкішін егістік бойымен тартады. Трактор жұмыс жасайтын күштің түрін анықтаңдар:

    А) ауырлық күші

    В) тіреудің реакция күші

    С) трактордың салмақ күші

    Д) серпімділік күші

    Е) үйкеліс күші

V. Формулалар жарысында оқушыларға кеспе түрінде формулалар беріледі де, олар өз орындарын табады.

Үйге тапсырма:

 §25-§32. 11-жаттығу №3,№4


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Күшті өлшеудің практикалық тәсілдері.
Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру
Қозғалыс заңдарын қорытындылау
Механикадағы күштер. Бүкiләлемдiк тартылыс күші. Бүкiл әлемдiк тартылыс заңы
Механикадағы күштер
Күш. Күш түрлері
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформациялан денелердің потенциалдық энергиясы
Архимед күші
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Күш
Физика пәнінен формулалар жинағы
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 24605 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык