Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Математикалық маятниктің тербелісі


Математикалық маятниктің тербелісі

Математикалық маятниктің тербелісі

Сабақтың тақырыбы: Математикалық маятниктің тербелісі

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға математикалық маятниктің тербелісінің физикалық заңдылықтарын түсіндіру;

б) оқушылардың танымдық, шығармашылық, өз бетінше ойлау мен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:   оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру;

Сабақтың түрі: аралас;

Сабақтың көрнекілігі: плакат, мультимедиалық объект.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау:

А) тақтаға екі оқушы үйге берілген есепті шығарады.

Б) Қалған оқушылармен сұрақ-жауап:

1. Тербелмелі қозғалыс кезінде дененің кинетикалық энергиясы қай жағдайда ең үлкен мәнге ие болады? Неліктен?

2. Серіппеге бекітілген дененің потенциалдық энергиясы қай жағдайда ең үлкен мәнге ие болады? Неліктен?

3. Тербеліп тұрған дене траекториясының кез келген нүктесіндегі толық энергия неге тең?

4. Өшетін тербеліске мысалдар келтіріңдер.

5. Айырмашылығы неде?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  1. Математикалық маятниктің анықтамасын түсіндіру;
  2. Математикалық маятникте тербеліс тудыратын күшті талдау;
  1. Математикалық маятниктің периоды;

Сонымен математикалық маятниктің периоды қандай шамаларға, қалай тәуелді екен?

  1. Гармониялық тербеліс графигі;

IV. Жаңа тақырыпты бекіту – тест.

І нұсқа

1. Суретте Оу осі бойымен тербелетін дене координатасының уақытқа тәуелділік графигі кескінделген. Тербеліс амплитудасы қандай?

А) 4см;      В) 2см;      С) 1см;   Д) 0,5см;     Е) 0.

2. Суреттегі график бойынша тербеліс жиілігін анықтаңдар.

А) 1с;       В) 2с;      С) 4см;   Д) ½ Гц;     Е) ¼ Гц.

3. Дене тербелісінің амплитудасы 0,5 м болса бір период ішінде дене қандай жол жүреді?

А) 0;        В) 0,5 м;     С) 1м;      Д) 2м;      Е) 2,5м.

4. Ұзындығы 4,9 м математикалық маятниктің тербеліс периоды неге тең?

А) 4,4с;   В) 3,2с;       С) 7,2с;    Д) 52,4с;     Е) 13,2с

5. Математикалық маятниктің тербеліс периоды Т0. Егер оның ұзындығын n есе арттырса, тербеліс периоды қандай болады?

А) nT0          B) n2T0      С)                Д)                   Е)

ІІ нұсқа

1. Суретте дененің координатасының уақытқа тәуелділік графигі кескінделген. Тербеліс периоды неге тең?

А) 1с;       В) 2с;      С) 4см;   Д) ½ Гц;     Е) ¼ Гц.

2. Суретте дене координатасының уақытқа тәуелді графигі берілген. Дене тербелісінің циклдік жиілігі неге тең?

3. 4с ішінде маятник 8 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды неге тең?

А) 8с;     В) 4с;     С) 2с;     Д) 0,5 с;  Е) 32с.

4. Ұзындығы 2,45м математикалық маятник 60с ішінде қанша тербеліс жасайды?

А) 190;   В) 19;     С) 2;      Д)38;     Е) 76.

5. Тербеліс теңдеуі x=10 cos(16πt+8) (Барлық шамалар СИ жүйесінде берілген). Тербеліс периоды неге тең?

А) 10с;   В) 8с;  С) 16с;   Д) 1/8 с;   Е) 1/16 с.

Жауаптары:

І нұсқа:   В, Е, Д, А, С.

ІІ нұсқа:  С, В, Д, В, Д.

V. Есеп шығару

VI. Үйге тапсырма: §27(І,ІІ), 22-жаттығу (4,5)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Механикалық және электромагниттік тербелістер мен толқындар.
Әр түрлі маятниктердің тербеліс периодын анықтау
Томсон формуласы. Контурдағы меншікті тербелістер жиілігі
Физика және музыка
Гармоникалық тербеліс кинематикасы
Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар
Озық ойлы оқушы қорытынды қайталау сабағы
Физика пәнінен формулалар жинағы
Физика және астрономия пәнінен КТЖ. (Колледждегі ФС тобына арналған.)
Домбыра физикасы
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 7805 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык