Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойыны


XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойыны

XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойыны

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық сайысымызға қош келіпсіздер!!!Бүгінгі сайысымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек.

Және әр турда әділ қазылар оқушылардың ұпай сандарын есептеп ұпай саны аз оқушыларды ойынымыздан шығарып отырады . Бүгінгі сайысымыз ІІІ турдан тұрады.

І – тур жалпы сұрақтар.  4 пәннен Қазақ тілі , Қазақстан тарихы, Математика, Физика пәндерінен қойылады.Ұпайды аз жинаған 2 оқушы ойынымыздан шығып отырады.

ІІ – тур Қазақ тілі , Қазақстан тарихы, Математика, Физика пәндерінен ұпайлармен сұрақтар жасырылған. Қай ұпайды таңдап сұраққа жауап берген оқушы сол ұпайға ие болады. Бұл сайысымызда да І турдағы секілді 2 ұпай саны аз оқушы ойынымыздан шығарылады.

ІІІ – тур зымыран сұрақтар ойынымзда қалған соңғы екі оқушыға қойылған 1 минут ішіндегі сұрақтарға қай оқушы көп жауап берсе сол оқушы ХХІ  ғасыр көшбасшысына лайықты деп саналады.    Ойынымыз соңында әділ қазы алқалары ойынымызға қорытынды жасайды.                          

Мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.

I – тур

Жалпы сұрақтар

 1. ІІ жақтағы жіктеу есімдігі ?

 (жауап) сен, сендер

2. Есімшенің жұрнақтары ?

(жауап) ған, ген, қан, кен, ар, ер,

3. Қатаң дауыссыздар саны?

  (жауап)  11

4. Ашық буын деген не?

 (жауап) Бір дауыстының өзінен жасалған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буын.

5. «Сөз құрамын» «Сөз таптарын» зерттейтін сала?

        (жауап)  Морфология

1. Ұлттық валюта теңгенің айналымға енген уақыты?

         (жауап) 15 қараша 1993 жыл.

  1. Қазақстан Республикасы БҰҰ – на қашан мүше болды?

          (жауап) 1992 жыл, 2 наурыз.

  1. Абайдың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде қашан тойланды?

          (жауап) 1995 жылы

4. Аға сұлтан неше жылға сайланады?

           (жауап)  3 жылға

5. 1680 жылы жоңғарлардың шабуылынан аман қалған қала?

            (жауап)   Түркістан

1. Үлкен хорда?

            (жауап) диаметр

  1. Квадрыттық функцияның графигі?

 (жауап) парабола

3.  2006 мен 6002 арасындағы сандарды табыңыз?

(жауап) 4004

4. Барлық қабырғалары тең параллелограм?

 (жауап) Ромб

5. Қабырғалары 6, 8, 10 болатын ұшбұрыштың түрі?

(жауап) Тік бұрышты үшбұрыш

1.Дене пішінінің, V көлемінің өзгеруі?

(жауап)  деформация

2. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі?

(жауап) конвекция

3. Дененің өзі алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті?

(жауап) инерттілік

  1. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық шама?

 (жауап) жылдамдық

  1. Итальян физигі, электр тогы туралы ғылымға жол салушы. Бірінші гальвани элементін жасаушы ғалым?

 (жауап) Вольта

ІІ – тур

1. Қазақ тілі мен Әдебиеті

10        ҰПАЙ

1 Ресми іс – қағаздар стиліне жататын қатар?

А) Газет – журналдар тілі                                                 

В) Өтініш, Сенімхат, Қолхат

С) Ғылыми шығармалар

Д) Көркем шығарма

20          ҰПАЙ

2. Зат есім орнына жұмсалатын есімдік?

А)кейбір

В) әрбір

С) қайсібір

Д) қайсібіреу

30          ҰПАЙ

3. Ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы байланыстың түрі?

А) меңгеру

В) қиысу

С) жанасу

Д) матасу

 

40         ҰПАЙ  

 

 

4. «Қандай қиын түйінді де  Әйтеке бауыздап, Қазыбек ұшалап, Төле мүшелеп берер еді»?

А) Ә. Кекілбаев

В) С.Негимов

С) Б. Адамбаев

Д) М.Мағауин

 

50         ҰПАЙ

 

 

5. Бүтіндік, бірлік ерсі боп,

    жатқанда мал – жан енші боп

    Тіліміз жаңа тұрыпты,

    Елші боп, әрі емші боп

Осы өлең жолдарының авторы?

А) Т. Молдағалиев

В) Ж. Молдағалиев

С) Қ. Мырзалиев

Д) М. Шаханов

 

2. Қазақстан Тарихы

10         ҰПАЙ

 

1. Қазақстандық студенттердің шетелдік оқу орнында білім алуына мүмкіндік берген бағдарлама ?

А) Келешек

В) Болашақ

С) Даму

Д)  Өркендеу

 

 

20          ҰПАЙ 
 

2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін 1 – ші болып таныған мемлекет?

А) Чехия

В) Словакия

С) Индонезия

Д) Туркия

 

30           ҰПАЙ

 

3. 1997 жылы 10 қазанда қабылданған бағдарлама?

 А) Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы

В) Ұлттық валютаны айналымға енгізу

С)  Қ.Р. Рәміздерін қабылдау

Д)  Қ.Р  Президентінің сайлауы бағдарламасы

 

40             ҰПАЙ

 

4. «Ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді майданға жіберуді өтінем» деген сөздерді айтқан кім?

 

А) Кеңес одағының батыры Ә.Молдағұлова

В) Кеңес одағының батыры Т.Бигелдинов

С) Кеңес одағының батыры М. Мәметова

Д) Кеңес одағының батыры М. Ғабдулин

 

50                ҰПАЙ

 

5. 1913 жылы «Қазақ  ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп жазған кім?

 

А) Ә. Бөкейханов

В) М. Шоқай

С) Т.Рысқұлов

Д) А.Байтұрсынов

 

 

  1. Физика

10         ҰПАЙ

  1. Электр заряды жоқ бөлшек.

А) (нейтрон)

В) протон

С) электрон

20              ҰПАЙ 

2. Француз физигі және математигі, электр және магниттік құбылыстар арасының байланыс заңын, теориясын жасаған. Магнитизм табиғаты жөнінде гипотеза ұсынған. Физикаға «Электр тоғы» ұғымын енгізген. 

А) (Ампер)

В) Вольта

С) ОМ

30               ҰПАЙ

3. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық шама.

А)(жылдамдық)

В) жол

С) үдеу

40                 ҰПАЙ

4. Кебу процесіне кері процесс

А) (конденсациялану)

В) сублимациялану

С) жылу алмасу

50                  ҰПАЙ  

5. Б.э.д. 287-212 жылдары өмір сүрген ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан.  А(Архимед)

В) Аристотель

С) Демокрит

  1. Математика

10       ҰПАЙ

1. Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесіндегі бұрыш 110 градус қалған екі бұрышы неше градус?

А) 55

В) 45

С) 35

20        ҰПАЙ

2. Математик,  дәрігер, ақын, музыкант екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім?

А) Омар Хаям

В)  Әл – Фараби

С) Әл -  Беруни

30         ҰПАЙ

3.Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы табанынан 3 – есе үлкен, ал периметрі  28 см.Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар?

А)  12,12,4 см

В) 12,21,2 см

С)  15,13,5 см

40         ҰПАЙ 

4. Асан 3 –ке бөлінетін екі таңбалы сандардың ішінен ең кіші және ең үлкен сандардың қосындысын есептеп шығарды. Үсен  3- ке бөлінбейтін екі таңбалы сандардың ішінен ең кіші және ең үлкен сандардың қосындысын есептеп шығарды. Асанның саны Үсеннің санына қарағанда қаншаға көп?

 

А) 5

В) 3

С) 6

 

50        ҰПАЙ

 

5. егер бірінші 100 жұп натурал сандардың қосындысынан бірінші 100 тақ натурал сандардың қосындысын алсақ,онда қандай сан аламыз?

 

А) 300

В) 200

С) 100

ІІІ тур

Зымыран сұрақтар

1. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы? пи

2. Іргелес жатқан катеттің гипотенузага қатынасы? Косинус

3. «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика кімнің сөзі? М.В. Ломоносов

4. «Жас арбакештер одағы» құрылды: Петропавлда

5. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан билер: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

6. Дүниедегі ең үлкен арал ( Гренландия)

7.Әр елдің туын зерттейтін  ғылымды қалай атайды (геральдика)

8 .Патша әйел Томирис қай тайпадан шыққан?(сақ)

9.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)

10.Экология апатқа ұшыраған теңіз (Арал)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Менің Отаным –Қазақстан
«Математика алғыры»
“ К і м к ө п б і л е д і ? ”
Бастауыш сыныптарға ойын сұрақ-жауап
Есепке жүйрік өрендер.
Зерде.
Ел болашағы білімді ұрпақ қолында
Тіл мәртебесі- ел мәртебесі
Шешен билер. Ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 6137 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык