Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстан өзендері


Қазақстан өзендері

Қазақстан өзендері

Мақсаты: Білімділік: Қазақстанның өзендері мен алаптары, өзен жүйелерінің ерекшелігі туралы білім беру; 

Дамытушылық:

Сабақта өз ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, салыстыра білуге дағдыландыру және ойлау қабілетін дамыту өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру; Тәрбиелік: экологиялық білім бере отырып, жас ұрпақты туған жеріміздің су ресурстарын ұқыпты пайдалануға, қорғай білуге тәрбиелеу.Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгеру, ойын түріндеСабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ жауап, өз бетімен жұмыс жасау, картамен жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы,презентация, өзен суреттері.

Сабақтың жоспары:

I .Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Мақсат қою кезеңі.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

V .Жаңа материалды түсінгенін зерттеу кезеңі.

VI. Бекіту кезеңі.

VII. Рефлекция.

VIII .Үйге тапсырма беру кезеңі, бағалау.

III.Мақсат қою кезеңі.

1.«Гидросфера» Ой қозғау сатысы.

1. Гидросфера дегеніміз не?

2.Ішкі сулар туралы не білеміз? Олардың түрлерін атаңыз.

3.Өзен дегеніміз не? Құрлысын атаңыз.

2. «Ой қозғау» сатысы «Ең,ең…» сұрақ жауап

  1. Ең суы мол өзен…
  2. Ең ұзын өзен…
  3. Ең суы лай өзен…
  4. Экваторды екі рет кесіп өтетін өзен…
  5. Ең саласы көп өзен..
  6. Ең ірі бөген…

IV.Жаңа сабақ: Қазақстанның өзендері.

Сабақтың эпиграфы: Ы.Алтынсариннің «Өзен» тақпағымен бастау.

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп шашыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рахат тауып басылады.

V.Жаңа сабақ жоспары

*Ішкі сулардың жалпы сипаты:

*өзен жүйелері және өзен алаптары:

*өзен жүйесінің ерекшеліктері:

*өзен суының шығыны және жылдық ағыны:

*өзендердің қоректенуі мен режимі.

Су жер бетіндегі өте ғажап, маңызы зор минерал. Ол табиғатта үш күйде кездесетін бірден бір зат (сұйық, қатты, газ). Ішкі судың бірнеше түрлері бар: өзендер, көлдер, жер асты сулары,мұздықтар,бөгендер мен каналдар. Қазақстан аумағында ірілі ұсақты 85 мыңнан астам өзен бар. Оның 7 –ң ұзындығы 1000 км-ден асады (Ертіс, Тобыл, Есіл,Орал, Сырдария,Іле, Шу).

Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды.

Солтүстік мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алапқа жататын өзендер: Еріс, Есіл, Тобыл салаларымен.

Ішкі тұйық көлдер : Каспий. Арал, Балқаш Алакөл.

Каспий: Жайық, жем, Сағыз, Ойыл.

Арал: Сырдария, Арыс саласы, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас

Балқаш -Алакөл: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан т.б.

Қазақстан өзендер жүйесінің ерекшелігі: 2 ерекшелігі бар:

1-ші :өзендердің жасы әртүрлі:

а) Жазық өзендер ескі, себебі өзен аңғарлары кең, тереңдік эрозиясы баяу, ал бүйірлік эрозия күшті болып келеді.

ә)Таулы аймақ өзендері жас, өз дамуының бастапқы кезеңінен өтуде. Олардың бойлық қимасы тік, құламалы келеді,яғни қалыптасып бітпеген. Өзендердің тереңдік шаю әрекеті жылдам да, бүйірлік шаюы баяу.

2-ші: өзендердің әркелкі таралуы. Жазықтарда өзен жүйесінің жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кеми береді. Жауын- жашын мол түсетін орманды дала, дала зоналары өзенге бай. Республикамыздың солтүстігінде өзен жүйесінің жиілігі әрбір 100км –ге 4-6 км, оңтүстік шөлді аймақта 0.5 шқ.келеді. Тауларда: 4-6шқ , биік тауларда 16-18 шқ-ге жетеді.

Өзен суының шығыны және жылдық ағыны.

Өзеннің су шығыны дегеніміз- өзеннің су қимасы арқылы бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері. Ол текше метрмен есебімен өлшенеді (м3\ сек). Қазақстан бойынша ең мол сулы өзен Ертіс. Оның орташа су шығыны 880 м/сек, Сырдарияда -703 м/сек.

Адамдар өзен суларын бөгеп бөгендер салуда. Оны халық шаруашылығына пайдаланылады. Қазақстанда 168 бөген бар. Ірілері: Бұқтырма, Қапшағай т.б.

Өзендердің қоректенуі.

Қазақстанның өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық, жер асты суымен қоректенеді. Жазық бөліктегі өзендер негізінен қар -жаңбыр және қар суымен қоректенеді. Қар -жаңбыр суымен қоректенетін өзендер- орманды дала, дала зонасының өзендері Есіл мен Тобыл жатады. Қар суымен қоректенетін өзендерге- негізінен шөл мен шөлейт зоналарының өзендері Нұра, жайық, Сағыз, Жем,Торғай, Сарысу жатады.

Қазақстанның таулы аймақтарының өзендері қар суымен және мұздықтармен қоректенеді. Мыс.Іле,Сырдария,Қаратал ,Ертіс т.б.

Біздің өлкемізде өзендерге бай. Мыс:Тентек, Жаманты, Қызыл тал т.б.

IV.Меңгеру.

  1. «Өзен бөліктері» ойын ( ретімен тұру).

(Бастау, сала, атырау, жайылма, саға)

  1. «Мұхит алаптары» ойын (ретімен тұру)

Солтүстік Мұхит алабы: Ертіс,Тобыл, Есіл.

Каспий алабы: Жайық, Жем, Ойыл.

Арал алабы: Сырдария, Шу, Сарысу.

Балқаш Алакөл алабы: Іле, Қаратал, Ақсу, Сарқан.

2.Қазақстанның жер- жерінен келген хаттарына , қызықты тапсырмаларына жауап беру. «Қызық хат»

1 хат Каспий алабынан. Өзендер туралы ақын жазушылардың өлеңінен, әнінен үзінді оқу

2 хат Арал теңізінің тұрғындарынан. Су туралы мақал- мәтелдер айт. (Көлдің көркі құрақ, Таудық көркі бұлақ. Сулы жер нулы жер. Судың да сұрауы бар т.б).

3 хат Балқаш -Алакөл алабынан. Су туралы жұмбақ жасыр. (Жылт жылт еткен, жылғадан өткен. Жазда ағамын, Қыста қатамын. Ағынды, тұйық қос көл бар, Бірі тұщы, бірі ащы. Осы екі көл сұлудың Қос сырғасы сияқты.)

4 хат Солтүстік Мұзды мұхит алабынан. (Өзен туралы қандай ән білесің?) (Арыс жағасында, Есіл ағады, Ақ жайық, )

3.«Бұл қай өзен?» кеспе қағаз арқылы өзенді тауып картадан көрсету, сипаттама беру.

(Іле, Ертіс, Сырдария, Тобыл, Жайық, Есіл т.б).

VI. Бекіту. 1. Тест.

1. Өзен суының шығыны дегеніміз не?

А)Судың қайтуы

В) Өзеннің тасуы

С) Су қимасы арқылы ағып өткен су мөлшері

2. Мұздықтар қандай аймақтарда таралған?

А)Жазық жерлерде

В)Тау бастарында

С)Көлдерде

3. Қазақстан өзендері қоректенуіне байланысты қандай типтерге бөленеді?

А)1

В )5

С)2

4. Қай өзенде су электр станциялары көп салынған?

А) Тобыл

В) Лепсі

С) Ертіс

5. Қай аймақта өзендер көп орналасқан?

А)Оңтүстікте

В) Солтүстікте

С)Батыста

6. Қазақстанда неше мың өзен бар?

А)85мың

В)45мың

С)48мың

7.Ертіс өзені немен қоректенеді?

А)Канал суымен

В) Мұздықтар,жаңбыр,қар суы

С) Жаңбыр суымен

8. Кеме қатынасы бар өзенді атаңыз.

А) Сырдария

В) Жайық

С) Сарқан

9. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?

А) Есіл

В)Тобыл

С)Іле

10. Ертіс өзенінен қандай канал тартылды.

А)Қарағанды -Шу

В) Шу- Мойынты

С) Ертіс- Қарағанды

2. «Мен өзенмін» ойыны, шарты. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Ойынға доп қолданылады. Ойынды бастаған оқушы «Мен Ертіспін» деп келесі оқушыға лақтырады. Ол оқушы «Обьқа құямын» деп аяқтайды. Сосын келесі оқушыға «Мен Ілемін» деп допты лақтырады, ол аяқтайды. Сөйтіп ойын жалғасады.

VII. Рефлекция

VIII. Үй тапсырмасы. 20 оқуға, кескін картаға Қазақстанның ішкі су алаптарының өзендерін түсіру. Туған өлкелеріңнің өзендерін сипаттап жазу.

Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстанның ішкі сулары. Өзендері
Қазақстанның ішкі сулары
Қазақстанның ішкі сулары
Солтүстік Американың Ішкі сулары
Басты өзен жүйелері
Өзендер
Өзендер
Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама
Өзен және көл. Суды қорғау
Өзен және көл. Суды қорғау.
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 17918 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык