Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері


Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері

Пәндік мақсаттар: Қазақстан аумағындағы топырақ жамылғысының типтері туралы білім беру. Қазақстанның топырақ жамылғысы және олардың таралу ерекшеліктері туралы білім кеңестігін кеңейтуге жол ашу. Топырақ жамылғысының қалыптасуының климаттық жағдайларға тәуелділігін түсіндіру. Өз өлкемізде таралған топырақ типтерін туралы білімдерін толықтыру.

Даму стратегиясы шегіндегі мақсаттар: Оқытылатын пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету, елтанымдық білімін кеңейту, білім беруді тұлғаның дамуына бағыттай отырып, оқушылардың интеллектілік мәдениетін, зерттей білу мәдениетін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, өткенді қайталау арқылы ой жаңғырту, іздестіру әдісі, картамен жұмыс, салыстыру, талдау, жинақтау әдістері.

Оқыту құрал-жабдықтары: Қазақстанның физикалық картасы, топырақ картасы, атлас, кескін карталар, сызбалар.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын бақылау. Сынып оқушыларын түгендеу.

! Үй тапсырмасының орындалысын тексеру:

  • Топырақ дегеніміз не?
  • Топырақ құрушы факторларды атаңдар.
  • Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады?
  • Топырақтың механикалық құрамына нелер жетеді?
  • Құрылымды топырақ деген қандай топырақ?
  • Өз өлкеміздің топырағы туралы не білеміз?

Жаңа оқу материалын үй тапсырмасымен байланыстыра отырып, келесі бір топырақ туралы білімдерін кеңейте түсу.

Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін қамтиды. Қара топырақты зона еліміздің аумағының 25,5 млн га жерін (9,5 %-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона 3 зона аралығына бөлінеді:

Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақты алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым болып келеді. Топырақтың бұл типі 120 млн га жерді, республика жерінің 44%-ын  алып жатыр. Бұл топырақтың гумусы аз (2,0-1,2 %).

Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғаттың апаты – топырақ эрозиясы.

Топырақтану институттарының зерттеулері нәтижесінде республикада эрозияға бейім жер 80 млн гектардан астам немесе республика аумағының 26 %-ы. Оның 52 млн гектары жел эрозиясына, 17 млн-нан астамы су эрозиясына  бейім.

Қорытындылау: Пысықтау сұрақтары арқылы сабақты қорытындылау.

Бағалау: «Бір-бірімізді бағалаймыз» әдісімен бағалау, сараптау.

Үйге тапсырма: § 36 оқу, картамен жұмыс, кескін картаға түсіру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Қазақстанның топырақ типтері
Топырақ экологиясы
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Қазақстандағы топырақ типтері
Қазақстандағы топырақ типтері
Топырақтың маңызы
Қазақстандағы топырақ типтері
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2061 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык