Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Топырақ экологиясы


Топырақ экологиясы

Топырақ экологиясы

Сабақтың тақырыбы: Топырақ экологиясы

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушыларға Қазақстандағы топырақ құрамы, оның ластану көздері жайында мағлұмат беру;

Ә) Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар бере отырып, қызығушылықтарын, ой - өрістерін, ойлау қабілеттерін арттыру;

Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін - бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс - жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Қазақстанның барлық жер аумағы 2724, 9 мың км 2. Жер қорымыздың аумағы өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс игермеу салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, тақырларға айналу процестері күшейе түсуде.

235 млн га құнарлы жердің га - сы жарамсыз жерлерге айналып, оның 30 млн га - сы, топырақ эрозиясына, 60 млн га - сы тұздануға ұшырап, 10 млн га - сы химиялық және радиоактивті заттармен ластанған.

Солтүстік аймақтарда тың игеру науқанына байланысты бірегей бидай дақылын егу топырақ қарашірігінің 25 - 30 %- ын жоғалтады.

Кейбір аймақтарда топырақтың құнарсыздануы және шөлге айналуы Ертіс, Амудария және Сырдария өзендерінің су алабының азаюымен, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр.
Топырақтың ауыр металдармен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, әскери өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму зоналарында топырақтың ластануы ерекше жылдам жүруде.

1. Топырақтың маңызы

2. Топырақтың бұзылуы және ластануы

3. Топырақ эрозиясы және оның түрлері

4. Қазақстанның жер қоры және экологиялық жағдайы

2 - топ. Топырақтың эрозиясы және оның түрлері тақырыбында өздерінің дайындаған материалдарын астындағы слайдтарға сүйене отырып таныстырады.

Топырақтың бұзылу (деградациялану) факторлары:
Ашық әдіспен кен өнімдерін алу
Топырақ эрозиясы
Шөлейттену және батпақтану
Пестицидттер

Шектен тыс мал жаю

Агротехникалық жұмыстарды дұрыс жүргізбеу

Қышқылдық жауын шашын

Топырақтың бұзылу түрлері

 Батпақтану-ылғалды жерлерде топырақтың батпақтануы байқалады. Батпақтану топырақтың органикалық қасиетін нашарлатып, ормандардың өнімділігін төмендетеді.

 Шөлдену-топырақ пен өсімдіктің қалпына келмес өзгеру үрдісі. Бұл жағдай биологиялық өнімділікті төмендету арқылы биосфералық потенциалдың толық бұзылуына әкеліп соғады да, территорияны шөлге айналдырып жібереді.

 Тұздану деп – топырақ қабатында суда жеңіл еритін тұздардың өсімдікке уыттты мөлшерде шоғырланып жиналуын айтамыз.

Топырақтың негізгі ластаушылары:

Пестицидттер Ауыр металдар Мұнай және мұнай өнімдері Минералдық тыңайтқыштар

2 - топ. Топырақтың эрозиясы және оның түрлері тақырыбында өздерінің дайындаған материалдарын астындағы слайдтарға сүйене отырып таныстырады

Эрозия - термині латынның «erodere»- бұзу деген сөзінен алынған.
Эрозия дегеніміз – топырақ жабынының су, не желмен шайылуы, бұзылуы.
Эрозияны тудыратын негізгі факторларға
 Климаттық фактор
 Жер бедерінің пішіні
 Топырақ түзуші жыныстардың сипаты
 Жер бетіндегі өсімдіктер жамылғысы
 Адамның іс - әрекеті
Топырақ эрозияның түрлері
 Су эрозиясы - топырақ бөлшектерінің сумен мүжіліп, шайылып әкетілуін айтады. Су эрозиясының түрлері: жазықтық, сызықтық, жылдамдатылған.
 Жел эрозиясы – топырақтың жел әсерінен бұзылып, ыдырап, шаң болып ұшып, бүлінуі. Жел эрозиясының түрлері: күнделікті, шаң дауыл.

IV. Жаңа сабақты бекіту: Терминдер мағынасын дұрыс қою

1. Эрозия Қарашірік құнарлық көзі.
• 2. Гумус Топырақтың бұзылуы.
• 3. Рекультивация Топырақ жабының су не желмен шайылуы.
• 4. Деградациялану Жалпы зиянды организмдерді жою мақсатында қолданылатын химиялық заттар
• 5. Гербицид Топырақтану ғылымының негізін қалаушы.
• 6. Пестицидтер Топырақтың беткі қабатында суда еритін
әртүрлі тұздардың көптеп жиналуы
• 7. В. В. Докучаев Топырақты қайта қопсыту.
• 8. Тұздану Мәдени өсімдіктердің өсіп дамуына кедергі
• келтіретін арам шөптерді жоюға қолданылатын химиялық заттар.
Биологиялық диктант
Термин сөздер:
Гербицидтер
Пестицидтер
Тұздану
Гумус
Батпақтану
Эрозия
Деградатциялану

Рекультивация

Қорытынды

Экологиялық дағдарыстан шығу жолдары

1. Топырақты өңдеуде агротехникалық шараларды тиімді пайдалану.(ауыспалы егіс).
2. Топырақтың эрозиясына жол бермеу.(ормандағы ағашты кеспеу).
3. Химиялық тыңайтқыштарды тиімді пайдалану.(пестицид, гербицид).
4. Топырақтың ластануына жол бермеу.(өнеркәсіп қалдықтарын тастамау).
5. Бүлінген жердің топырағын қайта қалпына келтіру. (рекультивация).
6. Ғарыш кеңістігіне ұшқан зымырандардан сұйық отындар төгілмесе.( гептил).


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Топырақтың ерекшелігі және құрамы.
Қазақстанның топырақ типтері
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Қазақстандағы топырақ типтері
Қазақстандағы топырақ типтері
Экология негіздері
Топырақтың маңызы
Қазақстандағы топырақ типтері
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 6869 | Қосты: Жанназаров Нұрлыбек Темірбекұлы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык