Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстанның ішкі сулары


Қазақстанның ішкі сулары

Қазақстанның ішкі сулары

Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін, «Қазақстанның ішкі сулары» тақырыбы бойынша алған білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 8 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Балаларға сарамаңдық жұмыс дәптерлерін таратып береді.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалып отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптерлері мен кескін карталары болады.

ІІ

1 тапсырма. Жоспар бойынша Қазақстанның жеті ірі өзенінің біреуіне сипаттама бер.

2 тапсырма. Қазақстанның ірі көлдері – Каспий, Арал, Балқаш көлінің экологиясы туралы жаз.

3 тапсырма. Қазақстанның ірі өзендері мен көлдерін кескін картада белгіле.

Оқушылар бірінші тапсырманы келесі жоспар бойынша орындайды: 1) өзеннің бастауы, орнының биіктігі, ендік, бойлығы; 2) өзен ағып өтетін жердің бедері; 3) жағалауларына сипаттама; 4) салалары; 5) құятын жері; 6) су деңгейінің ауытқуы, толысуы; 7) шаруашылықтағы мәні; 8) экологиялық жағдайы.

Екінші тапсырмада ең алдымен көлдердің географиялық орнына, кейін эклологиялық проблемаларына сипаттма береді.

Үшінгі тапсырмада кескін картамен жұмыс істейді.

ІІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
7 сыныпта алған білімдерін еске түсіру
Жер бедерінің, тектоникалық құрылысының, пайдалы қазбалардың арасындағы байланысы
Қазақстанның ішкі сулары
Қазақстанның ішкі сулары
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Қазақстанның өсімдіктер
Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
Жер асты сулары
Жергілікті жердің табиғат зоналары, экологиялық проблемалары
САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2283 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык