Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі


Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі

Қазақстанның  өсімдіктер мен жануарлар дүниесі

Білімділік: «Қазақстанның  өсімдіктер мен жануарлар дүниесі» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталап, бекіту.

Дамытушылық: Интерактивті тақтамен, ойын элементтерін қолдануды үйрену, ойында оқушыларды өзара жарыстыру, сайысқа түсіру арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: ойын-сайыс сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулар картасы, 8 сынып Атласы

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі

3.  Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты қайталап, бекіту кезеңі

4. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың әрекеттері

1

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Кейін оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалып отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптерлері мен кескін карталары болады.

2

Ең алдымен жалпы тақырып бойынша сұрақ-жауап әдісімен өткен тақырыптарды еске түсіреді. Яғни барлық өсімдіктер мен жануарлар, «Қызыл Кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді» емдік қасиеті бар өсмдіктерді еске түсіреді.

Кейін мұғалім презентациялармен дайындалған ойынын бастайды. Ойынның аты «Кім жүйрік?» ойынның мақсатымен, кезеңдерімен, ережелерімен және бағалау талаптарымен таныстырады. Осыдан кейін ойынды бастайды. Ең алдымен бірінші турын өткізеді: бұл турда оқушылар тест сұрақтарына жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 балдан беріп отырады. Мұнда жеке бағалау парағы бар. Бұл парақта оқушылардың аттары, бағаларына арналған ұяшықтар бар. Осы ұяшықтарға дұрыс жауап берген оқушылардың балдарын жазып отырады.

Ойынның екінші кезеңі картамен жұмысқа арналған. Мұнда әрбір оқушы шығып, мұғалімнің айтқан нысандарын картадан көрсетеді.

Оқушылар қолдарын көтеріп өздерінің өткен тақырыптан не білетіндерін айтады. Жалпы жануарлар мен өсімдіктер туралы білімдерін қайталап, еске түсіреді.

Кейін презентацияларға қарап отырып, ойынның атауымен, мақсатымен, кезеңдерімен, ережелерімен және бағалау талаптарымен танысады. Осы жерде оқушыларға түсініксіз жерлерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады. Осыдан ойын басталып, оқушылар белсенді қатысып отырады. Ойынның бірінші турында тест сұрақтарына жауап береді. Мұнда әрбір слайдта бір сұрақтан, осы сұрақты оқығаннан кейін бірінші болып қол көтерген оқушы сұрақтың дұрыс жауабын айтады. Егер жауап дұрыс болмаса, келесі қол көтерген оқушы жауап береді. әрбір оқушы өзіне лайықты балын алып отырады. Ойынның екінші кезеңінде әрбір оқушы тақтаға картаның алдына шығып, мұғалімнің атаған нысандарын картадан көрсетеді.   

3

Оқушыларды ойын кезеңдерінде алған балдарын санап, балдары бойынша ең көп ұпай жинаған оқушы ойынның жеңімпазы атанады. Соңында оқушылардың жалпы белсенділігіне байланысты бағалайды.

Оқушылардың әрбіреуі өздерінің жинаған ұпайларын тыңдап, бағаларын біледі. Алған бағаларын күнделіктеріне қойдарады.

4

Сабақты қорытындылау кезеңінде мұғалім сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін айтып, оқушылармен бірге қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтап, ойынның ұнаған жерлері мен қызықты жерлерін айтып өтеді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ауа массалары, температура
Қазақстанның ішкі сулары
Қазақстанның ішкі сулары
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
Қазақстанның өсімдіктер
Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары
Шөлейт және шөл зоналары
Атмосфера Қайталау сабағы
Биосфера туралы ұғым
Қазақстанның физико- географиялық сипаттамасы. Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық б
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3126 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык