Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер


Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Мақсаты:

  1. Құрлықтың жер бедері туралы бұрынғы алған теориялық білімдері негізінде Еуразияның жер бедерінің мұхитттар мен теңіздерге ықпалын түсіндіру
  2. Материкті шайып жатқан төрт мұхиттың табиғат байлықтары және шаруашылық қажетіне пайдалану жолдарымен таныстыру арқылы экономикалық білім беруге негіз салу.
  3. Түсіндіру барысында суды ластамауынан , табиғатты аялап, қорғау қажеттігін көздейтін экологиялық тәрбие беру. 

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, түсіндіру, кестемен,  картамен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: Дүние жүзінің жарты шарлар, мұхиттар картасы.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу.

Сабаққа дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Еуразия материктерінің географиялық орнының ерекшелігі. Материкті қоныстану тарихы.

«Топтастыру» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын сұрақтар арқылы тексеру.

1-топ: Географиялық орны. (карта бойынша түсіндіру)

2-топ: негізгі ерекшелігі (толық )

3-топ: зерттеген ғалымдар, қоныстану тарихы.

ІІ. Жаңа білімді игеру кезеңі

А. Материктің батысы мен оңтүстік-батыс жағалауын шайып жатқан Атлант мұхиты.

теңіздері: Балтық, Жерорта. Солтүстік, т.б.

Материктің солтүстік жағаларын Солтүстік Мұзды мұхит шаяды.

теңіздері: Норвегия, Ақ теңіз, Баренц, т.б.

Еуразияның шығыс жағалауларын Тынық мұхитын шайып жатыр.

теңіздері: Беринг, Охот, Жапон, т.б.

Материктің оңтүстік жағасын Үнді мұхиты шайып жатыр.

теңіздері: Қызыл теңіз, Арабия теңізі

Б. Шаруашылық жағдайлары (мұхит, теңіздегі)

ІІІ. Пысықтау бөлімі.

Физикалық карта бойынша Еуразия жағалауларын қандай мұхиттың сулары шайып жатқанын және олардың басты белгісі анықта.

Кесте толтыру

Шайып жатқан мұхит

теңіздер

Шаруашылығы, маңызы

Тынық мұхиты

Охот, Жапон, Беринг

Балық шаруашылығы

Су жолы қатысы, т.б.

 

ІҮ.Сабақты қорытындылау.

Ү. Үйге тапсырма беру. Оқулық артындағы жоспар бойынша сипаттама жазу.

ҮІ. Оқушыларды бағалау

Қазіргі жер бедері. Пайдалы қазбалары

Мақсаты:

  1. Материктің жер бедері туралы бұрынғы алған теориялық білімдері негізінде Еуразияның жер бедерінің ерекшеліктерін ашу, материктің пайдалы қазбалары мен олардың орналасу заңдылықтарымен таныстыру.
  2. Материктегі табиғаттың, жер бедерінің қайталанбас әсем көріністері мен туристік-рекрациялық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, оқушыларды әсемдікті сезіну мен сүюге баулу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап,  картамен жұмыс, кесте толтыру.

Сабақтың көрнекіліктері: Еуразияның физикалық және жер қыртысы құрылысы картасы

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу.

Сабаққа дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.

Оқушыларды екі топқа бөліп сұрақтар беру.

1. Еуразия жағалауын шайып жатқан мұхиттарға толық сипаттама беру.

2. Еуразия материгіне қатысты теңіздерді сипаттау (ішкі, шеткі, тереңдігі, тұздылығы, органикалық дүниесі)

ІІІ. Жаңа сабақ

А. Еуразия жер бедерінің дамуы мен ерекшеліктері.

Материктің теңіз деңгейінен 840 м, аса биік тау жүйелері орналасқан, 14 шың бар, биіктігі 8000 м, Джомолунгма – 8848 м.

Ең ежелгі платформалар – Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай- Корей, Оңтүстік Қытай

Литосфералық тақталардың соқтығысуынан күшті жасалу жүреді. Олар: Кавказ, Армян, Иран қыраттары, Памир, Тибет, Гималай таулары.

Б. Жер сілкіну мен жанартаулық айақтар. Материк арқылы дүние жүзінде екі сейсмикалық белдеу өтеді. Альпі-Гималай және Тынық мұхиттық белдеу. Сөнбейтін жанартау -  Ключи шоқысы (4750 м).

В. Жер бедерінің негізгі түрлері.

Еуропаның негізгі бөлігін – Шығыс Еуропа жазығы, Орта Еуропа, Дунай бойы ойпаттары алып жатыр.

Азияның төрттен үш бөлігін таулы үстірттер, таулы қыраттар, тау жоталары алып жатыр.

Жазықтар: Тұран, Батыс-Сібір, Яна-Индигарка, Колыма ойпаты. Жазықтардың оңтүстігінде Алтай, Саян, Байқал маңы таулары. Жазықтары шығу тегіне қарай әр түрлі. 

Г. Материк пайдалы қазбаларға өте бай. Пайдалы қазбалар түзілуіне қарай магмалық, шөгінді болып бөлінеді.

ІҮ. Пысықтау бөлімі.

Платформа және жаңа қатпарлы белдеулер

Жер бедері

 

 

Физикалық карталары пайдалана отырып, пайдалы қазбалардың алуан түрлеріне қорытынды жасау.

Ү.Сабақты қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Солтүстік жартышар материктері
Еуразия материгінің географиялық орнының ерекшелігі. Материктердің қоныстану тарихы
Еуразия климаты
Ірі өзен жүйелері. Көлдер
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Еуразияның жер бедері
Аустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Еуразия жер бедері мен пайдалы қазбалары
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3323 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык