Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Еуразияның жер бедері


Еуразияның жер бедері

Еуразияның жер бедері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларға жер бедеріндегі пайдалы қазбалармен таныстыру, білімдерін кеңейту, күнделікті іс-әрекетке қатысты білімдерін тереңдету.

2.Дамытушылық Оқушылырдың сөз қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты жандандыру.

3. Тәрбиелік Оқушыларды басқа мемлекеттердің жерімен таныстыра отырып, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге, табмғаттағы бар байлықты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Еуразияның жер бедері алуан түрлі. Материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840 м, оның ауданынан жартысынан астамын таулар құрайды. Еуразияда дүние жүзіндегі аса  биік тау жүйелері орналсқан. Мұндағы 14 шыңның абсолюттік биіктігі 8000 м-ден жоғары. Олардың 11-і Гималай тауларында орналасқан, ең биік жері – Джомолунгма (Эверест), 8848м.  Таулардың аралығын кең-байтақ жазықтар алып жатыр. Еуразияның жер бедерінің тағы бір ерекшелігі – биіктік ауытқуларының зор болуы: теңіз деңгейінен ең төмен жатқан Өлі теңіз (-403м) бен  Джомолунгманың биіктігі арасындағы айырмашылық 9251м-ге жетеді.  Еуразия жер бедерінің аталған ерекшеліктері  маериктің даму тарихы мен оны құрайтын жер қыртысындағы өзгерістермен байланысты.

Материктің негізін құрайтын Еуразия литосфералық плитасы әр түрлі геологиялық жастағы құрылымдардың жымдасуынан түзілген. Олардың ең  ежелгісі – Шығыс еуропа, Сібір, Қытай-Корей және Оңтүстік Қытай платформалары. Олардың аралығындағы қозғалмалы бөліктерде болған кейінгі тау жасалу әсерінен платформалар әр түрлі өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен жалғасады. Соның нәтижесінде материктің көлемі ұлғайады. Кейінірек оған ежелгі Гондвана материгінің сынықтары – Арабия мен Үндістан платформалары келіп ығысты. Еуразия литосфералық плитасының ығысу жүрген оңтүстік бөлігінде өте күшті тау жүйелері – Кавказ таулары, Армян және Иран таулы қыраттары, Памир, Тибет таулы қыраты, Гималай таулары қалыптасты. Материктің шығысында  Тынық мұхиттық плита Еуразия  плитасының астына сыналап енетін бөлікте аралдар доғалары мен мұхиттық терең шұңғымалар түзілген. Бұл аймақтағы жер қыртысы осы уақытқа дейін өте қозғалмалы болып келеді.

Еуразия арқылы дүние жүзіндегі аса ірі екі сейсмикалық белдеу өтеді. Альпі – Гималай белдеуі еуразияның оңтүстік-батысынан Азияның оңтүстік-шығысына дейін созылып жатыр. Оның солтүстік бөлігі біздің еліміздегі таулы аудандарды да қамтиды.

Күшті жер сілкінулер Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуде де байқалады. Сондай апатты жер сілкінудің бірі 1923 жылы Жапония астанасы Токио қаласын қиратты. Жер сілкіну нәтижесінде 140 мың адам қаза тауып, 1 млн-ға жуық адам баспанасыз қалды. Мұндай жер сілкіну мұхит түбінде де жиі байқалады. Жер сілкіну орталықтарынан жан-жаққа шеңбер жасап, жылдам тарайтын күшті толқындар – цунами жағалаудағы қалаларға үлкен апат әкеледі. Жапонияның жағалауында 1896 жылы болған осындай апат кезінде 27 мың адам мен 10 600 – ден астам үйді теңіз толқыны лезде шайып әкеткен. Осы белдеуде жанартаулардың атқылауы да жиі байқалады. Сондықтан бұл белдеуді Тынық мұхиттағы «Отты шеңбер» деп атайды. Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау – Ключи Шоқысы (4750м) мен 1883 жылы Жер тарихындағы ең апатты атқылау болған Үлкен Зонд аралдарындағы Каракатау жанартауы да осы белдеуде орналасқан.

Жер сілкіну жиі болатын аймақтарда көп қбатты үйлердің іргетасы ерекше жобамен қаланады, яғни жер сілкінісіне төзімділігі ескеріледі. Жанартау әрекеті тоқталмаған кейбір аудандарға ыстық сулардың атқылауы – гейзерлер тән. Камчаткада әйгілі Гейзерлер аңғары орналасқан. Адамдар Исландия мен Камчаткада гейзерлердің ыстық суын үйлерді жылытуға пайдаланады.

Пайдалы қазбалар түзілу жағдайына байланыста магмалық және шөгінді болып екі топқа бөлінеді. Магмалық пайдалы қазбалар Жер қойнауынан жарылыстар бойымен магманың сыртқа көтерілуінен түзіледі. Олар негізінен кристалды жыныстар ашық немесе жер бетіне жақын жатқан аудандарда шоғырланған.

Шөгінді пайдалы қазбалар теңіздік және континенттік шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған. Темір, фосфорит, боксит кендері мен әр түрлі тұздар да шөгінді жыныстар құрамында кездеседі.

Мұнай мен газдың мол қоры мұхиттағы органикалық заттардың түпкі шөгінділер құрамында ұзақ уақыт жатуы нәтижесінде пайда болған. Олардың кен орындары платформаның теңіздік шөгінді жыныстарымен толтырылған шеткі иіндерінде орналасады.

Дүние жүзіндегі аса ірі фосфорит кен орындары біздің еліміздегі Қаратау қойнауында шоғырланған. Фосфорит тыңайтқыш өндіруден пайдаланылады.

Пайдалы қазбаларды өндіру барысында қоршаған ортаға зиян келеді: жер қойнауында бос кеңістіктердің пайда болуы, жер бедері сипатының өзгеруі, ауа мен судың, топырақтың ластануы, өсімдіктер мен жануарларға нұқсан келуі және т.б. Сондықтан табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, оларды өндіру барысында табиғатты қорғаудың шараларын ескерудің маңызы зор.

Жаңа сабақты бекіту:  

Еуразияның пайдалы қазбалары

Магмалық:

Темір кен орындары: Үндістан, Ресей, Қытай (Курск магнит аномалиясы), Норвегия;

Алтын сирек кездесетін металдар:

Якутия-сапфир, рубин-Үндістан, Шри-Ланка

 

Шөгінді: темір, фосфорит әр түрлі шөгінді жыныстар.

Мұнай-газ: Парсы шығанағы, Солтүстік, Жерорта теңізі, Батыс-Сібір, Каспий маңы.

Таскөмір: Уэльс, Жоғарғы Силезия, Рур, Донецк, Қарағанды.

Фосфорит: Қаратау.

Боксит: Қазақстан, Қытай, Альпіде.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Еуразия материгінің жер бедері мен пайдала қазбаларының түрлерімен таныстық.

Үйге тапсырма: §16-17 – оқу, кескін картаға жер бедері мен пайдала қазбаларды түсіру. Жер бедерінің негізгі белгілерін анықтау, кескін кртамен жұмыс.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Еуразия климаты
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Еуразия материгінің пайдалы қазбалары
Еуразия материгінің климаты
Солтүстік Американың жер бедері, пайдалы қазбалары
Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Аустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Еуразия жер бедері мен пайдалы қазбалары
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 6633 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык